Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



бет67/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   96
Байланысты:
treatise140794

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

  1. Физикалық әдістердің қасиеттері бойынша топтар құрыңыздар.

  2. Кез – келген анализатордың құрамдас бөліктерін атап шығыңыздар.

  3. Үдерістерді автоматты реттелудің сызбаларын бағалаңыздар.

  4. Кез – келген физикалық – химиялық әдісті қолданудың және дайындаудың бірінші сатысындағы тәуелділіктерді көрсетіңіздер.

  5. Бұзылмаған үлгілермен жұмыс жасауды қандай себептері бар екенін бағалаңыздар.

  6. Реактивтер құрамына кіретін қоспаларды бағалаңыздар.

  7. Аса таза материалдардың заманауи жіктелуі бойынша заттарды қалай бөледі?

  8. Әдістің сезімталдылығы, сандық көрсеткіштердегі тазалық пен қоспалар арасындағы байланысты түсіндіріңіздер.

  9. Сыртқы ортадан ластаушы заттардың түсу мүмкіндігін жою үшін талдауды жүргізу шарттары мен бөлімдерін атаңыздар.

  10. Кейбір әдістердің сезімталдылық шегін табыңыздар. Мысал келтіріңіздер.

  11. Қателіктерге байланысты талдаудың қайталампаздығы мен дұрыстығын бағалаңыз.



Пайдаланылған әдебиеттер
1 Муравин Э.А., Ромадина Л.В., Литвинский В.А. Агрохимия – М. Изд. Центр «Академия» 2016
2.Агрохимия (под ред. Минеева В.Г.) - М., 2004
3. Минеев В.Г. История развития агрохимии в России и за рубежом (в 2 томах). – М., 2005
4. Малимбаева А.Ж. Применение удобрений в интенсивном земледелии. Алматы, 2011

5.Русин Г.Г. Физико – химические методы анализа в агрохимии. – М.: Агропромиздат, 1990. – 303 б.


6.Практикум по агрохимии / под ред. Б.А. Ягодина. – М.: Агропромиздат, 1987. – 512 б.
7.Мансуров З.А., Колесников Б.Я. Химиядағы физикалық зерттеу әдістері. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 307 б.
8.Цитович И.К. Химия с сельскохозяйственным анализом. – М.: Колос, 1974. – 527 б.


3.4 Оптикалық талдау әдістері


Теориялық негіздері. Пестицидтердің іздерін сандық бағалау үшін фотометрия және спектрофотометрия, люминесценттік талдау, электрометриялық әдістер, ион алмасу хромотография, қағаздағы хромотография және жұқа қабатты хромотография қолданылады. Келесідей элементтер мен қосылыстарды анықтайды: мыс – мыс хлор тотығында; этилмеркурхлориді (сынап бойынша) – гранозанда; паранитрофенол – метафоста; цинеб (мырыш бойынша) – препаратта; 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылын 2,4-Д препаратында; трихлорацетатын – ТХА препаратында.
Оптикалық талдау әдістерінің жіктелуі. Талданатын жүйенің қасиеттерін бақылау негізінде, физикалық қағидаларға байланысты, талдаудың физикалық-химиялық әдістері оптикалық әдістерге бөлінеді. Оптикалық сәулеленуге монохроматты құраушылардың толқын ұзындығы 100 нм-ден 1 мм-ге жететін сәулелену жатады. Сәулеленудің үш спектральды аймағын ажырату қажет: ультракүлгін, көзге көрінетін және инфрақызыл. Ультракүлгін (УК) сәулелену деп монохроматты компоненттердің толқын ұзындығы көзге көрінетін толқын ұзындығынан аз және 1 нм-нен артық болатын сәулеленуді айтады. УК-ның 3 спектральді аймағын ажыратады:

  • толқын ұзындығы 315-400 нм болатын аймақ;

  • толқын ұзындығы 280-315 нм болатын аймақ;

  • толқын ұзындығы 100-280 нм болатын аймақ.

Көрінетін сәулелену немесе жарық деп визуалды сезімді тудыруы мүмкін сәулеленуді айтады. Көзге көрінетін сәулеленудің төменгі шекарасы – 380-400 нм, ал жоғарғысы – 760-780 нм . Инфрақызыл (ИҚ) сәулелену деп монохроматты компоненттердің толқын ұзындығы көзге көрінетін толқын ұзындығынан артық және 1 мм-ден кем болатын сәулеленуді айтады. ИҚ-ның 3 спектральді аймағын ажыратады:

  • толқын ұзындығы 780-1400 нм болатын А аймағы;

  • толқын ұзындығы 1,4-3,0 мкм болатын В аймағы;

  • толқын ұзындығы 3,0 мкм-1 мм болатын С аймағы.

Талдаудың барлық оптикалық әдістерін әрекет қағидасына байланысты топтарға бөлуге болады. Заттың жарық ағынының сіңірілуіне негізделген әдістерді (фотометрия, спектрофотометрия, атомдық-абсорбциялық әдіс) 1-топ қамтиды. Олардың мәні – боялған ерітіндінің концентрациясы мен оның жарықты жұту қабілеті арасындағы тәуелділікті анықтайтын, жарықтың жұтылуының негізгі заңын (Бугер-Ламберт-Бер заңы) қолдануында. Абсорбциялық әдістер әдістемесін зерттеу кезінде фотоэлектроколориметрияның визуалды және жеке түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне ерекше назар аударылады.
Сәулелену спектрі бойынша сандық және сапалық құрамын анықтауға негізделген эмиссиялық әдістерді 2-топқа біріктіреді. Заттың жарық шығаруы үшін оған қосымша энергия қажет, сол себепті атомның қоздыру формасына байланысты, эмиссиялық әдістер, жалынды фотометрлік, спектральдық талдау (фотопластинкада), атомды-флуоресценттік талдау, люминесценттік және басқа да түрлерге бөлінеді.
Үлгі концентрациясына байланысты жарықтың сыну көрсеткіші шамасының өзгеруіне негізделген рефрактометрлік талдау әдісі және оптикалық белсенді заттардың поляризацияланған жарық сәулесінің поляризация жазықтығын айналдыру қабілеті қолданылатын поляриметрлік әдіс 3-топқа жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет