Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Заттардың тазалығы және оның талдау нәтижелері үшін маңызы



бет65/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   96
Байланысты:
treatise140794

3.2 Заттардың тазалығы және оның талдау нәтижелері үшін маңызы

Физикалық-химиялық талдау әдістерінің жоғары сезімталдығы, талғампаздығы, селективтілігі топырақ пен өсімдік құрамындағы тек макроэлементтерді ғана емес, сонымен қатар микроэлементтердің мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Микроэлементтердің физиологиялық рөлі-күрделі биологиялық жүйелердегі биогенді элементтердің микроағзаларының мөлшерін анықтаудағы қиындықтар, сондай-ақ минералды тыңайтқыштардың әртүрлі мөлшері аясында топырақтан өсімдікке ену динамикасын белгілеудегі қиындықтар үшін жеткілікті түрде зерттелген жоқ.


Зат құрамындағы микроэлементтердің мөлшерін талдау үшін пайдаланылатын реагенттердің тазалығы маңызды болып табылады. Таза заттар шығу тегіне қарамастан, бірдей құрамға және бірдей қасиеттерге ие болады және осылайша қоспалардан ерекшеленеді.
Химиялық зертханаларда қолданылатын заттар әртүрлі тазалыққа ие.
Реагенттер құрамына кіретін қоспаларды, әдетте 3 топқа бөледі:
1) қоспалардың мөлшері % (1000-нан миллиардқа 100 бөлікке дейін немесе ppb) аралығында болатын микроконцентрациялар;
2) диапазонына сәйкес келетін ультрамикроконцентрациялар;
3) қоспалардың мөлшері болатын субмикроконцентрациялар.
Бірінші жағдайда қоспалардың мөлшерін микрограммда (1мкг=10-6 г), екінші жағдайда – нанограммда (1нг=10-9 г), үшіншіде – пикограммда (1пг=10-12 г) анықтайды.
Соңғы кездері қоспалардың мөлшеріне сәйкес келетін 10-1 – 10-3 %, микроіздер - 10-3 – 10-6 %, ультрамикроіздер - 10-6 – 10-9 % және субмикроіздер - 10-9 %-ден төмен болатын іздер деген термин енгізілген. Қоспалардың мөлшері 10-7 – 10-9 % болатын заттарды аса таза заттар деп атайды. Бір аса таза затты екіншісінен ажырату үшін, қалыптасқан микроқоспалардың санын және олардың концентрацияларының қосындысын ескеретін индекстер жүйесін қолдануға ұсыныс беріледі. Т, ТТҮ, ХТ маркалары бойынша материалдар мен реагенттердің бұрынғы жіктелуімен қатар, топ (класс) бойынша жіктеу қолданылады.
Аса таза материалдардың заманауи жіктелуі бойынша заттар 3 топқа бөлінеді: А, В және С, олар өз кезегінде тағы да топшаларға бөлінеді. Мысалы, А1 топшасындағы зат құрамы негізгі заттың 99,9 %-ын, ал А2 топшасындағы зат - 99,99 %-ын қамтиды. Осылайша, әріптен кейінгі сан нүктеден кейінгі тоғыздың санын білдіреді. В тобының заттары топшаға бөлінеді: қоспа мөлшері 10-3 – 10-6 % болатын 3,4,5 және 6. Олар сондай-ақ 4 топшаға бөлінеді.
Таза заттардың жіктелуі, сезімталдығымен ерекшеленетін, аналитикалық әдістер топтарын олардың талдануы үшін қолдануға негізделеді. А тобына негізгі компоненттің (негіздер) мөлшерін тікелей анықтауға мүмкіндік беретін, қоспаларды химиялық әдістермен анықтауға мүмкіндік беретін заттар кіреді. В тобының құрамына спектрлі немесе физика – химиялық әдістермен қоспаларды тікелей анықтайтын заттар жатады. С тобындағы заттағы қоспаларды талдау тек жоғары сезімтал әдістер арқылы мүмкін болады:
- электрлік өлшеулер;
- радиобелсенділік талдау;
- кинетикалық талдау және басқалар.
Негіздер мен қоспалары бар зат мөлшері массамен байланысты.
Аналитикалық химияда массаны әдетте граммен немесе милиграммен өрнектейді (1мг= бөліктері үшін ондық тіркемелер қолданылады: микрограмм (1мг= нанограмм (1 нг=10-9г). Техникалық мақсаттарда негіздің массалық үлесін пайызбен (%), ал қоспалардың үлесін -промиллде, яғни мыңдаған үлесте немесе млн-1, яғни миллиондаған үлесте өрнектейді.
Заттардың концентрациясын анықтаудағы ұсынылатын терминология:
- негізгі концентрация 100-1%;
- негізгі емес концентрация 1-0,1%;
- қоспалы (іздік) компоненті << 0,1%.
Қандай затты таза немесе аса таза дейді? Заманауи аналитикалық әдістермен қоспалардың 10-10% анықтауға болады. Бұл аз ба, әлде көп па? Осы сұрақты шешу үшін, бір грамм – атом 6,02·1023 атомдар немесе молекулалар (Авагадро саны) тұратынын еске түсірейік. Егер бұл мөлшерді 100% деп алсақ, қоспалардың 10-10%, заттың қасиетіне әсер ететін 6,02·1023 бөгде атомдарға сәйкес келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет