Теориялық негіздері. 1903 жылы Цвет.М.С алғашқы рет хроматографияның принциптерін анықтады (грек. "хромо"-түс,""графо"-жазамын) және жасыл өсімдіктерден пигменттерді бөлу әдісін жасады. Хроматографиялық талдау үшін - милиграммның ондық үлесі немесе, тіпті, микрограмм және микрограмның үлесінен тұратын заттардың өте аз мөлшері керек. Хроматографияның, заттарды бөлінудің басқа әдістерінен маңызды артықшылығы- оны қолдану кезінде заттардың ешқандай химиялық өзгеріске ұшырамауында. Хроматографиялық әдіс күрделі қоспаларды бөлуге және талдауға, заттарды керексіз қоспалардан тазартуға, концентраттауға және анықтауға мүмкіндік береді.
Хроматографиялық әдістің қарапайым үдерісінің механизмі бойынша бөлінуін, бөлінуде жүретін жүйелердің агрегатты күйін және үдерістің сипаты 7-суретте берілген.
Заттардың хроматографиялық бөлінуі, қоспа бөліктерінің әртүрлі сіңірілуі әсерінен, екі араласпайтын сұйық фазалардың арасындағы қоспа компоненттерінің әртүрлі бөлу және түзілетін тұнбалардың әртүрлі ерігіштігі әсерінен орын алады. Хроматографияның 4 түрі бар: 1) адсорбциялы; 2) ион алмасушы; 3) бөлу; 4) шөгу.
Адсорбциялық хроматография- берілген немесе басқа сорбенттегі адсорбцияға (селективті адсорбция) компоненттердің әртүрлі қабілеттерін негіздейді. Бағанадағы заттардың адсорбция және десорбциялануы молекулааралық күштердің әсерінен жүреді.