бойынша
Жазықтық (қағазды, жұқа қабатты)
Капиллярлы
Бағаналы
7-сурет. Хроматографиялық әдістің классификациясы
Ион алмасушы хроматография - алмасу адсорбциясына, яғни хроматографиялық ерітіндінің құрамындағы иондарға негізделеді, ион алмастырғышты құрайтын жылжығыш иондардың эквивалентті мөлшерімен алмасады. Бұл жағдайда хроматограмма, хроматографиялық ерітіндінің иондарын алмастырудың әртүрлі қабілеті нәтижесінде пайда болады. Ион алмасудың реакциясы қайтымды.
Бөлу хроматографиясы - екі араласпайтын ерітіндінің арасындағы еріген заттың таралуына негізделген. Демек, бөлу хроматографиясында екі араласпайтын сұйықтықтың- жылжитын және жылжымайтын ерітінділер арасындағы хроматографиялық заттардың бөлу коэффиценттерінің айырмашылығы қолданады. Бөлу коэффицентінің айырмашылығы- қоспа компоненттерінің біркелкі емес жылдамдығын анықтайды, сондықтан, соңында қоспа компоненттерінің бөлек аймақтарынан тұратын хроматограмма түзіледі.
Шөгу хроматографиясы - аз еритін қосылыстардың ілеспелі шөгілуіне негізделеді. Сай келетін тұндырғышпен араластырылған талданатын ерітіндіні тасымалдаушы арқылы өткізгенде, шөгу хроматограммасы пайда болады, түзілетін шөгіндінің кеңістіктік таралуы бағананың бойымен жоғарыдан төмен қарай ерігіштігінің өсуімен жүзеге асады.
Хроматографияның барлық түрлеріне - қарапайым үдерістерді бірнеше рет қайталау, мысалы: сорбция -десорбциялық, экстракция-реэкстракциялық және т.б. ерекшелігі тән. Бұл химиялық қасиеттері жақын элементтерді бөлу үшін хроматографиялық әдістердің жоғары тиімділігін нақтылайды.
Санды, қағазды және жұқа қабатты хроматография. Қағазды және жұқа қабатты хроматографияны қоспаны сандық талдау үшін қолдануға болады. Ол үшін бастапқы сызыққа белгілі концентрациясындағы ерітінді үлгісінің көлемін дақ немесе жолақ түрінде енгізеді. Ерітіндіні енгізу микротамшуыр, микрошприцтер немесе арнайы құрылғылар арқылы жүргізіледі. Үлгіні енгізгенде құрамында анықталатын заттың (сандық талдаудың әдістемесіне байланысты) 20-500 мкг мөлшері болуына назар аударылады.
Содан кейін дақтан немесе жолақтан алынған затты хроматографиялайды және сандық талдайды. Үлгі компоненттерін анықтауда бірнеше әдістер қолданылады:
1) хроматограммадан алынған аудан бойынша;
2) хроматограммадағы ауданның физикалық және физикалық-химиялық қасиетін өлшеу арқылы;
3) талданатын экстракт және сәйкес ерітінді ауданын экстрактілеу бойынша.
Аймақ (зона) ауданын анықтау адсорбент пен қағаз қабатын затпен қанықтыру құбылысына негізделеді. Адсорбенттің әрбір түрі белгілі сыйымдылыққа ие және белгілі бір зат мөлшерінен асатын бірлік массасын адсорбциялай алмайды. Хроматография кезінде заттың адсорбцияланбаған бөлігі қозғалмалы фазаға өтіп және адсорбенттің бос бөліктеріне орналасады. Зат хроматограммада оның массасына пропорционал болатын аумақта бөлінеді. Зат массасымен q дақ ауданының S өзара тәуелділігі хроматограммада төмендегідей логарифмдік функцияны береді:
мұндағы, ɑ және b – коэффициенттер.
Бұл тәуелділік 1-ден 80-100 мкг аралықтағы зат мөлшері үшін сызықты. Мұндай әдісте үлкен қателіктер болмау үшін стандартты ерітіндіні қолданады, стандартты әр түрлі құрамды дақтар сериясын алу үшін анықталатын көлемді микротамшуырмен хроматограммаға енгізеді. Осы хроматограммаға үлгінің анықталған көлемін енгізеді. Хроматографияны жүзеге асыру үшін, хроматограмманы реактив ерітіндісімен өңдеп, содан соң кептіреді.
Ауданды өлшеу планиметрмен жүргізіледі. Планиметр болмаған жағдайда, көшірме және миллиметрлік қағаз хроматограмма астына орналастырылады, периметр бойынша дақ аймағын қарандашпен жүргізіп, миллиметр қағазындағы дақтың ауданын есептейді(мм2 ). Аймақ ауданы мен стандарттың концентрациясы арасындағы тәуелділігінің сәйкестендіру графигін тұрғызып, графиктен үлгі ерітіндісіндегі компоненттің массасын анықтайды (8-сурет).
8-сурет. Хроматограммадағы дақ ауданының зат мөлшеріне тәуелділігі.
С – зат концентрациясы
Зонаның ауданын өлшеу әдісіндегі қате 5-10% - ға жетеді, сондықтан әдісті алдын-ала талдау үшін қолданады. Хроматограммадағы заттарды анықтауда анағұрлым нақты әдіс денситометриялық әдіс болып табылады (қателіктер 1-2%). Хроматограммадағы оптикалық сіңірілуді өлшеу, өткізілетін жарықты сканерлеу - денситометрлерде жүргізіледі. Денситограммада дақтағы заттың құрамына пропорционалды ауданның шыңдары алынады. Стандарттар бойынша сәйкестендіру графигін құрастыру арқылы, компонент ауданының шыңы өлшенеді және графиктен оның үлгідегі массасы анықталады.
Сай келетін еріткішпен аймақтарда компоненттерді экстракциялау әдісі кеңінен қолданылады. Бұл тәсілде хроматограммаға стандартты ерітінді мен үлгі ерітіндісі енгізіледі. Стандарт аймағын детектрлеу арқылы хроматограмманы өңдейді, үлгі компоненті бар аймақтағы хроматограмманың бір бөлігін кесіп алып, оны сай келетін еріткішпен экстракциялайды. Алынған ерітінді жоғары сезімталдыққа ие аспаптық әдіспен талдайды. Көп жағдайда спектрофотометрлік және фотоколориметрлік әдістер қолданылады. Егер зат түссіз болса немесе ультракүлгін аймағында сіңірілмесе, қарқынды сіңіретін зат туындысын алынатындай экстрактпен фотометрлік реакцияны жүргізеді.
Хроматография кезінде нашар бөлінетін заттардың қоспаларын бөлу үшін (бір-біріне перпендикуляр «А» және «В» бағыты бойынша) екі өлшемді хроматография принципіне негізделген айдау әдісі қолданылады. Бұл жағдайда «А» бағыты бойынша айдауды бір ғана жылжитын еріткішпен жүзеге асырады, ал кептіруден кейін «В» бағытта айдауды басқа еріткішпен немесе басқа рН шамасына ие еріткішпен жүргізеді. Екі өлшемді хроматография принципі бойынша амин қышқылдарын айдаудың мысалы 9-суретте көрсетілген.
02
05
06
08
012
01
02
04
05
03
07
06
08
010
09
013
011
В
а б
02
05
06
08
09
013
012
011
01
02
04
05
03
06
08
09
012
А в
в г
Достарыңызбен бөлісу: |