Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева



бет91/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Байланысты:
treatise140794

Сұйық-қатты фазалы хроматография (СҚХ). Сұйық хроматографияның бұл түрінде үлгідегі компоненттердің сақталуы субстраттың гидроксильдік топтарында – силикагель немесе алюминий оксидіндегі адсорбцияға байланысты. Полярлы молекулалар полярсыз молекулаларға қарағанда күштірек ұсталады, және әдетте мынадай элюирлеу тәртібімен қарастырылады: қаныққан көмірсутектер <олефиндер <ароматты көмірсутектер ≈ органикалық галогенидтер <сульфидтер <жай эфирлер <нитроқосылыстар <күрделі эфирлер ≈ кетондар <спирттер ≈ аминдер <сульфондар <сульфооксидтер <амидтер <карбон қышқылдары. Әдетте, адсорбциялық күшті органикалық қосылыстардың функционалды топтары сипаттайды, сол себепті бұл әдіс әсіресе әртүрлі кластағы қосылыстарды бөлу үшін пайдалы. Стерогенді эффект әсер еткен жағдайда геометриялық изомерлерді де бөліп алуға болады, мысалы цис- және транс-.
Сұйық-сұйықтық хроматография (ССХ). Хроматографияның бұл түрі таралу (распределительная) хроматографиясы ретінде де белгілі. Қатты-сұйық хроматография (ҚСХ) секілді сұйық- сұйықты хроматографияда (ССХ) түйіршіктелген қатты материал қозғалмайтын фаза субстраты ретінде, ал жылжымалы фаза ретінде екінші сұйықтық қызмет етеді. Бұл екі сұйықтық араласпау керек болғандықтан, олар полярлылық дәрежесінде айтарлықтай ерекшеленуі керек. Полярлы және аз полярлы сұйықтарды да түзетуге болады. Әдетте, полярлы еріткіштер, мысалы, спирт және суды, кеуекті силикагель, алюминий және магний силикатына енгізеді. Полярлы емес еріткіш синализациядан сол субстраттарда сақталуы мүмкін, нәтижесінде олар гидрофобты болады. Мұндай жүйелерді түрлендірілген фазалардың таралу хроматографиялық жүйесі деп атайды.
ССХ СҚХ-ға қарағанда тиімдірек келеді және ұқсас қасиеттері бар қосылыстарды бөлуге арналған әдіс, мысал ретінде бір гомологты қатардың мүшелерін келтіруімізге болады. ССХ-ны СҚХ-мен салыстырғандағы тағы маңызды артықшылығы –қозғалмайтын сұйық фазаны бағананы нығыздамай өзгертуге болады. Дегенмен, сұйық жабындыларды жоюдың жеңілдігі оны жууға мүмкіндік жасайды. СҚХ әдісінде белсенді орталықтар жоғарғы активті қосылыстардың қайтымсыз адсорбциялануы нәтижесінде улануы мүмкін және бағаналарды қалпына келтіру әдетте мүмкін емес.
СҚХ әдісінде белсенді орталықтар жоғары активті қосылыстардың қайтарылмайтын адсорбциясының нәтижесінде уланып қалуы мүмкін, және әдетте бағаналарды қалпына келтіру мүмкін емес.
Жоғары эффективті сұйық хроматография (ЖЭСХ). Бұл жоғарғы қысымды және жылдамдығы жоғары сұйық хроматография. Сұйық хроматографтар 109-1010 г дейінгі заттарды анықтауға мүмкіндік беретін өте сезімтал детекторлармен жабдықталған. Сұйық хроматографтардағы детекторлар келесі топтарға біріктіріледі:
1) қолданыстағы барлық детекторлардың 92%- ін құрайтын оптикалық детекторлар (адсорбциялық, люминесцентциялық, рефрактометрлер);
2)электрохимиялық детекторлар (потенциометриялық, амперометриялық және т.б)
3) басқа детекторлар (транспортты, газды, микроадсорбциялық) , мысалы 10-7 г/мл сезімталдық реттілігіне ие ерітіндінің сыну көрсеткішінің өзгерісін тіркейтін ағынды рефрактометрлер, ультракүлгін және спектр жұтылудың көрінетін аймағындағы түзетілген (254 және 365 нм) және реттелетін жолақтардың жарық жұту спектрометрлері және 10-9 -10-10 г/мл дейін сезімталдыққа ие спектрофлюориметрлер.
Сұйық хроматографияда пайдаланатын бағаналардың ұзындығы газ хроматографиясына қарағанда қысқа және 10-25 см-ді құрайды. Сорбент бөлшектерінің мөлшері 5-10 мкм және өлшемдері бойынша қатаң түрде бірдей болады. Адсорбциялы-сұйық хроматографияда сорбенттер ретінде силикагельдер, алюминий және магний оксидтері, сахароза, полимерлер және т.б қолданылады.
Молекулалы-елеуішті хроматография (гелді-сүзгіш) негізінде заттардың қоспасын бөлу принципі, олардың молекулалық өлшемдері немесе молекулалық массалары бойынша жүргізіледі. Сорбентке деген ынтықтылық, ерігіштік, беттік ағу сияқты басқа хроматография түрлерінде маңыздылыққа ие, заттардың физикалық-химиялық қасиеттері, мұнда, бөлінетін заттардың іс жүзінде тікелей тасымалдаушымен әрекеттеспеуіне байланысты маңыздылыққа ие емес.
Молекулалық-елеуішті хроматографияда тасымалдаушылар ретінде үш өлшемді торлық құрылымы бар түрлі гелдерді қолданады: декстранды, полиакриамидты, агарозды, стирол және дивинилбензолға негізделген гельдер, кеуекті силикагельдер, сонымен қатар кеуекті шыны түйіршіктері. Барлық гелдер және шынылар қатаң, белгіленген өлшемдегі кеуектерге ие, мүмкіндігіне қарай ионогендік топтардан тұрмайды және талданатын затқа қатысты химиялық және биологиялық жағынан ынтықтылыққа ие емес.
Заттар қоспасының бөлінуі гельдің кеуектеріне тек ғана зат диффузияланатындықтан жүргізіледі, мұнда молекуланың мөлшері кеуектердің мөлшерінен аспайды. Гель түйіршіктері ішіндегі еріткіштің көлемі әдетте бағананың ішкі көлемі деп аталады. Гельдің кеуектерінің ішіндегі диффузия нәтижесінде кіші өлшемді молекулалар, гель кеуектеріне енбейтін үлкен молекулаларға қарағанда, ұзын жолмен жүріп гельмен бірге элюирленеді. Соңғылары гель түйіршіктерінің арасымен жүріп, еркін немесе ішкі бағана көлемі деп аталатын ерітіндімен бағанадан шығады, яғни гель түйіршіктерінде таралатын және жалпы бағана көлемінің аз бөлігін құрайтын ерітінді көлемінде.
Басқа хроматографияның түрлері секілді молекулалы-елеуішті хроматографияда заттардың қоспасын жақсылап бөлудің шешуші шарты дұрыс тасымалдаушы таңдау және бағаналарда олардың дұрыс орамдалуы болып табылады. Тасымалдаушы ретінде таңдау бөлінген заттардың негізгі массасы гельдің кеуектеріне енетіндей етіп есептеледі. Бағана нығыздығының сапасын, бағана бойымен гельмен бірге сызықты түрде, қатаң көлденең аймақта қозғалатын жоғары молекулалы түсті полисахарид-көк декстринмен анықтайды. Қисық зона бағананы гельмен толтыру барысында орын алған қателіктерді көрсетеді (тым қалың және тым сұйық гель, бағанадағы еріткіштің жылдамдығының дұрыс берілмеуі, көлденең бағананың тік орналаспауы және т.б).
Сефадекстің әр түрлі типтеріне молекулалық массасы 700000....800000 дальтон болатын әртүрлі химиялық заттарды фракциялауға болады, сондықтан оларды биополимер- ақуыздарды, пептидтерді поли- және олигосахоридтерді, нуклеин қышқылдарын және т.б бөлу және тазалау үшін кеңінен қолданылады.
Хемосорбциялық хроматография - түрлі бейорганикалық заттарды сандық және сапалық анықтау, бөлу, концентрациялау үшін кеңінен қолданылады.
Шөгу хроматографиясына (жоғарыда қарастырылғандардан бөлек) шөгінді еруі және түзілуі сияқты қарапайым химиялық акттердің көп ретті қайталануы және тұндырғыштан тұратын сүзу үдерісінде бөлінетін заттар ерітіндісінің бағанадан өтуі кезіндегі олардың тасымалдау,шы кеуектерінде (түзілу орны) бекітілуі тән.
Бағанада түзілетін шөгіндінің еру айырмашылығы (бөлінетін заттың ерітіндісінің тұндырғышпен әрекеттесуі) тұндырылатын заттың бағана зонасында таралу реттілігімен, әсіресе олардың бөлінуімен түсіндіріледі. Хроматографиялық бағанада бөлетін заттардың тұнбасының түзілуі, олардың ерігіштік дәрежесіне жеткенінде жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет