Молярлық сіңіру коэффициенті. Егер ерітіндінің концентрациясы 1 литрде грамм/моль санымен (молярлық концентрациясы), ал қабат қалындығы сантиметрмен белгіленсе, ε мәні молярлық сіңіру коэффициенті деп аталады. Молярлық сіңіру коэффициентінің шамасы заттың табиғаты мен жарықтың спектральды құрамымен анықталады және жарық ағынының қарқындылығына байланысты болмайды. Молярлық сіңіру коэффициенті фотометрлік реакциялардың сезімталдық өлшемі болып табылады және 102-105 аралығында тербеледі. Бұл мән неғұрлым үлкен болса, талдаудың сезімталдығы соғұрлым жоғары болады. Мысалы, Грисс әдісінде нитратты анықтау әдісі дисульфофенол әдісімен анықтауға қарағанда 4 есе сезімтал, себебі олардың молярлық сіңіру коэффициенттері 520 және 410 нм толқын ұзындығында тиісінше 4 ∙ 104 және 1 ∙ 104 болады.
Фотометрлік талдау үшін толқын ұзындығын таңдау. Бәрімізге белгілі, ерітінділердің түсі көрінбейтін жарық спектрінің жекеленген аймақтарының үздіксіз пропорционалды емес жұтылуымен анықталады. Сондықтан фотометрлік талдаудағы төмен сезімталдық пен қателерге дұрыс таңдалмаған жарық спектрі себеп болуы мүмкін. Талдаудың ең жоғары сезімталдығы, ерітіндінің оптикалық тығыздығы максималды болатын әрдайым жарық спектрінің аймағында бақыланады.
Жарық сіңірудің максималды мәніне сәйкес келетін толқын ұзындығы - λmax арқылы белгіленеді. Мысалы, Грисс әдісі бойынша нитриттер мен нитраттар λmax = 520 нм, Несслер әдісі бойынша азотты аммиактікі λmax = 410 нм және т.б. Боялған ерітінділердің максималды жарықты жұту спектрі көрінетін немесе ультракүлгін аймақтарында орналасады. λmax табу үшін спектрдің түрлі аймақтарындағы оптикалық тығыздығын анықтау керек, оптикалық тығыздықтың толқын ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу керек және жарық сіңіру қисық сызығының жоғарғы бөлігіндегі ерітіндінің оптикалық тығыздығын өлшеуге қажетті толқын ұзындығын таңдау қажет.
Кең жолақты жарықтың орнына монохроматты спектрді пайдалану кезінде сезімталдылық әрқашан жоғары болады. Кең жолақты жарық сүзгілерін пайдалану нәтижесінде туындаған ауытқулар көбіне жоғары тығыздық (концентрация) кезінде пайда болады, себебі фотоэлементке түсетін «паразиттік» жарық үлесі оның затпен әлсіз жұтылуына байланысты артады. Осы кемшіліктерді жою үшін жарық сүзгілердің орнына заманауи 200-1100 нм аралығында монохроматты жарық алатын сезімтал құрылғылармен жабдықталған.