Көлді аймақ, тоғайлы және бұталы жер жануарлары
Үкі.
Қазақстанның көлді аймақтарын, тоғайлы, бұталы жерлерін мекендейтін жануарлар түрі де әр алуан. Оларда құстар ұя салады. Тоғай ішінде бүркіт тұқымдас қарақұс, бөктергі, ұзын құлақты жапалақ, сұр шымшық кездеседі. Қырларда дала мысығы, Сырдария бойының тоғайларында шиебөрі, тоғай бұғысы жүреді. Өзенді алқаптар мен бұталы жерлерде қабан, елік, ақкісмекендейді. Өзен-көлдер бойы құсқа бай, теңіздер мен су қоймаларында балық түрлері де мол. Аралда балықтың 40, Каспийде 50 түрі және итбалықмекендейді.
Омыртқасыз жәндіктер
Қазақстан далаларында омыртқасыз жәндіктер де көп кездеседі. Олардың ішінде зияндылары да аз емес. Шегіртке егін мен шабындық шөптерді жейді.Қарақұрт, бүйі, шаян, жылан, кененің түрлері адам өміріне қауіп туғызады.Көбелек құрттары ағаштар мен жеміс-жидекті сорады. Ағашты, сулы жерлер мен қалаларда маса ұрық таратады.
Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау
Қарқаралы Ұлттық паркі.
Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, олардың адам өміріне, халық шаруашылығына келтіретін зиянына қарсы күресу - мемлекеттік шара болып табылады. Жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу аз түрі «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі алынған. Олардың ішінде сүткоректілерден (қарақұйрық, арқар, қабылан, қар барысы, тянъ-шанъ қоңыр аюы, шағыл мысығы, күзен және т.б), кұстардан (қоқиқаз, бура және қызғылт бірқазан, қара және ақләйлек, тоқылдақ аққу, дала бүркіті, дуадақ, қырғауыл, ұларжәне т.б.), жорғалаушылар, қосмекенділер мен балықтың бірнеше түрлері бар. Елімізде бұрын көп болған кұлан, қарақұйрық, ақбөкен сияқты аңдардың санын қалпына келтіру, сырттан әкелінген жануарларды жерсіндіру бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Өзен бойларында ондатр, Алтай тауларында қара күзен мен балғын, Каспий жағалауында ит тәріздес жанат өсіру қолға алынған. Өзендер мен көлдерге балықтың жаңа тұқымдары жіберілуде.
Қазақстан табиғатының байлығы мен жануарларын қорғау максатында Ұлттық парктер (Баянауыл, Іле Алатауы, Қарқаралы, Алтынемел, Ордабасы) мен қорықтар (Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Үстірт,Қорғалжын, Батыс Алтай, Алакөл) ұйымдастырылған.[1][2]
Тақырыбы Қарапайымдар- біржасушалы жәндіктер
Мақсаты:
Білімділік: Біржасушалылардың көптүрлілігін, солардың ішіндегі саркодиналар немесе тамыраяқтылар типінің негізгі ерешеліктерін ұғындыру,тіршілігі және сыртқы, ішкі мүшелерінің қызметін толық меңгерту.
Дамытушылық: Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім – білікітілігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастыру,ойлау қабілетін дамыту.
Қарапайымдылар - бір жасушалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетінжәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір жасушалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жекеорганизм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу,ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады. Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы - 1,5 мм. Қарапайымдылардың құрылысы көп жасушалылардың жасушасының құрылысымен бірдей -цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы - эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі - эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т. б. Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп тұрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар жасушаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін карапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су жасушаның ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде жасуша жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді.
Цитоплазманың орталық бөлімінде ядро орналасады. Қарапайымдылардың көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай-ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты). Ядрода қабықша, ядрошырыны, ядрошық және хромосомалар болады. Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген. Олар, жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары - pseudopodia (латынша pseudo - жалған, poda - аяқ) және жіптәрізді талшықтар мен кірпікшелер. Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде жасушаның негізгі бөліну тәсілі - митоз. Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс жасушаларының (гаметаларының) бір-бірімен қосылуы арқылы өтеді, осындай процесті - копуляция деп атайды. Копуляция нәтижесінде ұрықтанған жасушадан - зигота пайда болады. Зигота диплоидты, өйткені ол екі гаплоидты жыныс жасушаларының (гаметалардың) қосылуы нәтижесінде түзіледі. Жыныс жасушаларының (гаметаларының) мөлшері мен пішіні әр қилы болады. Аталық және аналық гаметалардың мөлшері және құрылысы бірдей болса, бұлардың қосылуын - изогамия копуляциясы деп атайды, ал үлкендеу келген аналық гамета - макрогамета, кішілеу келген аталық гамета - микрогаметамен қосылса - анизогамия копуляциясы деп атайды. Қарапайымдылар конъюгация (ядроның қосылуы), ұрпақ алмасуы, шизогония, гаметагония, спорогония жолымен де көбейеді. Қарапайымдылардың бір ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда (су кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т.б.) жасуша сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Циста күйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда жасуша циста қабығын тастап әрекетті тіршілікке кіріседі.
Қоректену тәсіліне қарай карапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жасыл эвглена, вольвокс т. б.) органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады, немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гетеротрофты қарапайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен). Кейбір гетеротрофты қа¬рапайымдылар және паразиттік тіршілік ететін карапайымдылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік ететін қарапайымдылардың кейбір түрлері және паразиттер: трипаносома, лейшмания, трихомонас, безгек плазмодиясы т. б. жатады. Кейбір қарапайымдылар автотрофты және гетеротрофты тәсілімен қоректене ала-ды, бұларды миксотрофты жәндіктер деп атайды. Мысалы, жасыл эвглена - миксотроф.
Қарапайымдылардың 70 000-нан астам түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді. Бұлар 5 типке бөлінеді.
Практикалық жұмыс. Қарапайымдыларды ажырата білу
Мақсаты: Көпжасушалы жануарлардың жалпы сипаттамасы,құрылысы мен биоэкологиялықерекшеліктерітуралы түсінік қалыптастыру.
-білімділік:Көпжасушалы жануарлардың жіктеу, олардың шығуы туралы білім беру.
-дамытушылық:проблемалық жағдайлар мен күнделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлана алуды дамыту, пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту;
-тәрбиелік:. Барлық жаратылым деңгейіндегі табиғаттың бірегей құбылысы ретінде тірлікке ықыласты қарым қатынаста болуға тәрбиелеу.
Көпжасушалы жәндіктер және жануарлар ағзасындағы барлық жасушалардың тіршілік әрекеті бірдей. Олар бірімен-бірі тығыз байланысты болады. Атқаратын қызметі ұқсас жасушалар түрінде ерекшеленбесе де, ұлпа түседі. Ішекқуыстылар бір затқа бекініп немесе суда еркін жүзіп тіршілік етеді. Суда еркін жүзетін түрлерінің көру және тепе-теңдік мүшелері де болады. Көбінесе отырықшы ішекқуыстылардың денесі сәулелі симметриялы болады. Дене қуысы қапшық тәрізді тұйық болғандықтан, артқы тесігі болмайды. Қорытылмаған қорек қалдығы аузы арқылы шығарылады. Ауыздың айналасында қармалауыштар орналасады. Жәндік қорегін екі тәсілмен:жасуша ішінде және жасушадан тысқары - дене ішқуысында қорытады. Барлық ішекқуыстылардың сыртқы қабатында - эктодермада атпа жасушалар бар.Мұндай ерекше құрылысты жасуша басқа жануарларда да болады. Атпа жасушалар қорғаныш және қорегін аулау қызметін атқарады.
Ішекқуыстылардың денесінде, шашыраңқы орналасса да, жүйке жүйесі бар. Жүйедегі жүйке жасушаларынан жүйке торы түзіл еді. Мұндай жүйке торы ең алғаш тек ішекқуыстылардан бастап қана байқалады. Ішекқуыстылардың көпшілігінде регенерация құбылысы дамыған. Мысалы, гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар болады. Олар аралық жасушалар деп аталады. Гидра денесі зақымданғанда аралық жасушалардың өсуі күшейе түседі. Олардан тері-бұлшықет, жүйке және басқа жасушалар түзіліп, зақымданған жері тез қалпына келеді. Жойылған немесе зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қалпына келуі регенерация деп аталады.
Ішекқуыстылар жыныссыз (бүршіктену арқылы) және жынысты жолмен көбейеді. Төменгі сатыдағы ішекқуыстылардажыныс өнімдері дененің сыртқы қабатында - эктодермада өтеді. (Мысалы, гидратәріздестерде.) Жоғары сатылары ішекқуыстыларда (табақшатәріздестер, маржандар) дененің ішкі қабатында - энтодермада дамыды. Ішекқуыстылардың басым бөлігі дара жынысты. Сондай-ақ қосжынысты (гермафродит) түрлері де бар. Көбеюі күрделі өзгеріс арқылы дамиды.
Гидратәріздестер (гидроидтар)класы[өңдеу]
Сцифоид
Шоғырланып, отырықшылықпен теңізде өмір сүретін обелия да гидратәріздесжәндік. Оның тіршілік айналымы өте күрделі. Гидра да, обелия да - көпқармалауышты жәндіктер. Шоғырлы отырықшы обелия жыныссыз жолмен көбейеді. Ал оның жынысты жолмен көбеюі шағын денелі дара медуза (гр.медуза - пішіні қолшатыр немесе қоңырауға ұқсас еркін жүзе алатын дарақ) арқылы жүзеге асады. Сөйтіп обелияның көбеюі біріне-бірі мүлде ұқсаспайтын екі ұрпақты алмастыру арқылы жүреді. Жыныссыз көбею кезіндегі бүршіктер дараққа айналады, бірақ аналық ағзадан бөлінбейді. Обелия өте көп бүршіктену арқылы шоғыр түзеді.
Жынысты жолмен көбею кезінде мезгіл-мезгіл қармалауыштары және ауыз жоқ ерекше бүршік түзіледі. Сол бүршіктен шағын денелі жынысты дарақ - медуза дамиды. Ол аналық ағзадан бөлініп, еркін жүзеді де, ұрықтанған жұмыртқасын суға таратады. Жұмыртқадан дернәсіл - иланула(гр. иланула - жалпақ) түзіледі. Денесін кірпікше қаптаған планула сула біраз уақыт жүзіп жүріп, су түбіне шөгеді де, отырықшы обелияға айналады.
Табақшатәріздес (сцифоидтар)класы[өңдеу]
Достарыңызбен бөлісу: |