Сцифоидтар (гр. сцифос - табақша) класына жататын медузалардың барлығы теңізде, мұхитта өмір сүрелі. Бұлардың денесінде жүйке және бұлшықет ұлпасы түзілген. Жүйке жасушаларының жинақталуы түйінге көбірек ұқсас. Соған байланысты оларда жарық сезу, иіс сезгіштік мүшелері дамыған. Бір затқа бекініп, отырықшылық қалыпта тіршілік ететін ішекқуыстылар - көпқармалауыштылар (полиптер); ал теңіз суында жүзіп жүретін ішекқуыстылар медузалар деп аталады. Медузалардың пішіні қолшатырға немесе қоңырауға ұқсас. Ішекқуыстылар жеке де (гидра, медуза және гүлге ұқсас актиния), шоғырланып та (обелия, шоғырлы қызыл маржан) тіршілік етеді. Отырықшы ішек-қуыстылар белгілі бір затқа төменгі жағымен бекінеді. Дененің ол бөлігі табан деп аталады. Қармалауыштар қоршаған аузы жоғары жағында орналасады. Медузалардың денесінде табан бөлігі жоқ. Аузы мен қармалауыштары төмен қарай бағытталады да, дененің үстіңгі жағы ашылған қолшатырға ұқсайды. Медузалар қозғалған кезде қолшатырдың жиегі жиырылады. Қуыстағы пайда болған су сығылады да, қолшатырдың дөңес жағымен медузалар алға қарай жылжиды.
Көпқармалаушы маржандар (Полиптер)класы[өңдеу]
Планула
Бұлар - тек теңізде ғана өмір сүретін отырықшы жәндіктер. Көпқармалауышты маржандар класындағы жәндіктер тіршілік айналымында медуза түзбейді.Қызыл маржан, теңіз қауырсыны - шоғырлы жәндіктер. Актиниялар табанын жиырып-созып бояу қозғалады, шоғыр құрмай, жеке өмір сүрелі. Актиниялардытеңіз гүлі деп
те атайды. Актинияның жұмыртқажасушасының ұрықтануы және ұрықтың дамуы ішек қуысында жүзеге асады. Пайда болған жас актиниялар аузы арқылы суға шығады. Ал құлақты медузаның ұрықтанған жұмыртқажасушасы денеден тыс дамиды.
Актиниялар - ұсақ жәндіктерді, балық шабақтарын, медузалар және көпқармалауышты маржан ұсақ жәндіктерді қорек етеді. Сондықтан бұлар - жыртқыш жәндіктер. Көпқаршалауышты маржандар дүниежүзілік теңіздерде кең таралған. Олардың әктен түзілген қаңқаларынан тропиктік теңіздерде суастында үйінді пайда болады. Қаңқалар үйіндісінен жартас - риф және шеңберлі жартас - атолл түзіледі.
Бұлардың үш түрі бар: тосқауыл риф, жағалық риф және шеңберліриф немесе атолл. Рифтерде түзілген қалың әкті қаңқа кемелердің жүзуіне кедергі келтіреді. Әк алуға көбінесе рифтегі көпқармалауышты маржандардың қаңқалары пайдаланылады. Көпқармалауышты маржандардан түзілген рифте мұхит мақұлықтарының сан алуан түрлері мекен етеді. Теңіздерден терең суларда ішекқуыстылардың жарық шығаратын түрлері де тіршілік етеді. Ғалымдар медузалардың дыбыс тербелісін сезгіштігін зерттеді. Соның негізінде теңіз дауылын алдын ала болжайтын «медуза ұшағы» деген аспап жасалды.
Табақша тәрізді ішекқуыстылардың құлақты медуза (аурелия) деген түрі теңіз суында еркін жүзеді. Оның қолшатыр пішінді денесінің диаметрі 25-40 сантиметрге дейін жетелі. Қолшатыр пішінді дененің астыңғы жағына ауыз орналасады. Төрт бұрышты аузының әр бүрышында бір-бірден төрт қалақша бар. Қорек ауыздан жұтқыншаққа, одан қарынға жылжып барады. Ас қарында қорытыла бастайды. Қарыннан бірнеше (8-16) тармақталған және тармақталмаған өзекшелер таралады. Өзекше түтікшесі жыбырлауық кірпікшесі бар жасушалармен астарланады.Қорек тармақталған өзекшелерде қорытылып, денеге сіңеді. Ал тармақталмаған өзекшемен қарындай сұйықтық кері қайтады. Қорытылмаған ас тармақталған өзекшемен ауызға барып, сыртқа шығарылады. Құлақты медуза - дара жынысты. Аналықтың пісіп жетілген жұмыртқасы мен аталықтың сперматозоиды өзекшелер жүйесіне және қарынға түседі. Жұмыртқа мен сперматозоид ауыз арқылы суға шығарылады. Жұмыртқаның ұрықтануы суда жалғасып табады. Ұрықтанған жұмыртқадан денесі кірпікшелермен қапталған дернәсілі иланула деп аталады. Планула біраз уақыттан соң су түбіне батып, төсемікке бекінеді. Плануладан төсемікте кішкене полип пайда болады. Одан әріжыныссыз көбею басталады. Кішкене полип бүршіктену арқылы бөлініп, бірнеше табақшадан тұратын бүрлемеге айналады. Кейінірек бүрлемеден табақша жеке бөлініп, жас медуза қалпына келеді. Денесі өте көп жасушалардан тұратын жәндіктер мен жануарлар көпжасушалылар деп аталады. Жасушадан - мүше, мүшелен - мүшелер жүйесі, мүшелер жүйесінен - тірі ағза (тіршілік несі) түзіледі. Біз көпжасушалы жәндіктер (яғни омыртқасыз жануарлар) тобына тоқталамыз.
Ішекқуыстылар типі - көпжасушалы жәндіктердің ең құрылысы қарапайым тобы. Бұл тип 3 класқа жіктеледі:гидратәріздестер, табақшатәріздестер және көпқармалауышты маржандар. Бұлар бір затқа - төсемікке бекініп немесе сула еркін жүзіп тіршілік етеді. Бір затқа бекініп, отырықшы қалыпта өмір сүретін ішекқуыстылар - көпқармалауыштылар, ал сула еркін жүзетіндері - медузалар. Ішекқуыстылардың денесі екі қабаттан: эктодерма және энтодермадан тұрады. Олар жеке дара да, шоғырланып та өмір сүрелі. Денесінде бір ғана қуыс - ішек қуысы болғандықтан, ішекқуыстылар аталған. Бұлар — сәулелі симметриялы жәндіктер. Жүйке жасушалары жүйке торын түзеді. Ішек қуыстылардың барлығында атпа жасушалар болады. Олар - жыртқыш, сула, көбінесе теңізде өмір сүрелі. Бүршіктену арқылы - жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді.[1]
Жалпақ құрттар (Plathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар типі. Олардың ұзынша симметриялы денесі арқа-құрсақ жағына қарай қысыңқы келеді. Ұзындығы 0,2 мм-ден 18 м-ге дейін. Жалпақ құрттардың 12500-дей түрі 5 класқа жіктеледі: кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар, моногенетикалық сорғыштар, таспа құрттар, цестода тәрізділер. Соңғы 4 класс өкілдері – нағыз паразиттер. Бірақ кейбір зерттеушілер кірпікшелі құрттардың 3 отрядын: темноцефалиданы (Themnoceрhalіda), удонеллидтерді (Udonellіda) және ксенотурбеллидтерді (Xenoturbellіda) класс ретінде қарастырады. Жалпақ құрттардың еркін қозғалатын түрлерінің денесінің сырты түкті эпителиймен қапталған, ал паразитті түрлері ядросыз қалың қабат – тегументпен жабылған. Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі – тері-бұлшық ет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшық ет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл талшықтар бірнеше қабат (сақина тәрізді, ұзына бойына, қиғаш) түзеді. Жалпақ құрттар осы бұлшық ет талшықтарының жиырылуынан қозғалады. Жалпақ құрттарда дене қуысы болмайды, паренхима мүшелер арасындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек қызметін атқарады. Жалпақ құрттардың ас қорыту жүйесі біркелкі дамымаған. Аузы денесінің құрсақ (кейде алдыңғы) бөлімінде орналасқан. Ол эктодермальды жұтқыншақпен және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішекпен жалғасқан. Артқы ішегі және аналь тесігі болмайды. Ал паразит түрлерінде ауыз, ішектері мүлдем жоқ, қорегін сыртқы қабымен сіңіріп, паренхимада қорытады. Жүйке жүйесі бас жүйке түйінінен басталып, денесінің құрсақ жағына жүретін жүйке бағаналарынан (өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысқан) тұрады. Қан айналу және тыныс алу жүйелері дамымаған. Зәр шығару мүшесі – протонефридии. Олардың тарамдалған каналдары паренхимада кірпікшелі жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Жалпақ құрттар – гермофродиттер. Жыныс жүйесінің құрылымы өте күрделі. Бұлар негізінен еркек, ұрғашы жыныс бездерінен, ұрық өткізу түтіктері мен ұрпақ жетілдіру органдарынан тұрады. Жалпақ құрттар тікелей, құбылу, иесін ауыстыру арқылы өсіп дамиды. Жалпақ құрттардың көпшілігі адам мен жануарлардың паразиті (мыс., фасциолез, эхинококкоз, т.б.).[1]
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Жармасқақ
Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас. Таспа тәрізді жалпақ құрттардың денесі бунақты. Бас бөлігінде бунақ болмайды. Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы – денесі екі қабаттан емес, үш қабаттан тұрады. Ұрықтың дамуы кезінде эктодерма мен энтодермааралығынан аралық жасушалы қабат – мезодерма пайда болады. Мезодермадан әр түрлі мүшелер мен мүшелер жүйесі түзіледі. Дене жабынынцилиндр тәрізді жасушалардан тұратын жабын ұлпасы – эпителий қаптайды. Эпителий жасушаларында кірпікшелер бар. Еркін жүзетін жалпақ құрттардың (мысалы, ақ сұлама) жабын жасушаларында да кірпікшелі жасушалар бар. Жалпақ құрттардың паразиттік жолмен тіршілік ететін түрлері де бар. Олардың дене жабынының құрылысы ерекше, эпителий ұлпасында жасуша болмайды, оны тығыз түзіліс қаптайды. Ол түзіліс сірқабық деп аталады. Сірқабық қорғаныш және тірек қызметін атқарады.
Жалпақ құрттардың жүйке жүйесі дененің бас бөлігінде орналасады. Ол жүйке түйіндерінен басталып, денені бойлай екі бағана түзіп, созылып жатады. Екі бағананы көлденең орналасқан жүйкелер байланыстырады. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларда болмаған жаңа жүйесі бар. Жаңа жүйе зәршығару (қажетсіз заттарды бөлу) жүйесі деп аталады. Бүл – бұған дейін тірі ағзаларда болмаған жүйе. Жалпақ құрт типіндегі ағзалардың барлығында қантарату және тыныс-алу жүйелері мүлде жоқ. Олардың тыныс алуына бүкіл денесі қатысады. Жалпақ құрттардың асқорыту мүшесі екі бөліктен қүралады. Бір бөлігі – жұтқыншақ, екіншісі – ішектің ортаңғы бөлігі. Жалпақ құрттарда артқы ішек пен аналь тесігі жоқ. Жалпақ құрттар – қосжынысты гермафродит) жәндіктер. Олардың жыныс жүйесінің құрылысы өте күрделі. Жалпақ құрттар жыныстық жағынан жетілуге дейін бірқатар дернәсілдік сатылардан өтіп, өзгеріспен дамиды.
Кірпікшелі құрттар класы
Ақ сұлама – еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт. (Денесі кірпікшелі эпителийжасушаларымен қапталғандықтан, кірпікшелілер класына жатады.) Ол кірпікшелерінің көмегімен суда еркін жүзеді. Сұламаның дене қимылын реттейтін әр түрлі бұлшықеттері бар. Сыртқы қимылға сақиналы бұлшықеттер қатысады. Аралық қабат қимылын қиғаш бұлшықеттер реттейді. Ал ішкі қабаттағы қимыл бірыңғай салалы бұлшықеттермен реттеледі. Кірпікшелі құрттардың аузы, асқорыту, зәршығару және жыныс мүшелері бар. Кірпікшелі құрттарда сезім мүшелері дами бастайды. Мысалы, ақ сұламаның қарапайым көзшелері бар. Сипап-сезу сезімталдығы едәуір арта түскен. Ақ сұлама жұмыртқадан дамып, піллә түзеді. Ол жыныссыз да, жынысты да жолмен көбейеді.
Сорғыш құрттар класы
Бұл класқа жататын жәндіктер паразиттік жолмен өмір сүреді. Дене пішіні жалпақ, жапырақ тәрізді. Қоректік денеге сорғыштарымен жабысады. Екі сорғышы болады: біреуі – аузында, екіншісі – бауырында. Осы сорғыштармен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан сорғыш құрт аталған. Сорғыш құрттың денесінде кірпікшелер болмайды. Негізгі иесінің бауырындағы өт жолында сорғыштарымен бекініп, өтпен қоректенеді. Сондықтан бауырсорғыш деп те аталады. Кірпікше тек дернәсілдерінде ғана болады. Қоректік зат қалдығын шығаратын өзек болмағандықтан, оны аузынан сыртқа шығарады. Көзі де жоқ. Тіршілік әрекеттерінің даму айналымы өте күрделі.
Бауырсорғыш – гермафродит жәндік. Демек бір ағзада аталық та, аналық та жыныс жасушасы болады. Ұрықтанған жұмыртқа бауырдың қантамырлары арқылы ішекке түсіп, одан нәжіспен бірге сыртқа шығады. Жұмыртқаның бірден суға түсуі де, түспеуі де мүмкін. Суға түспегендері одан әрі дами алмайды. Ал суға түскендерінің денесін кірпікшелер қаптап, суда жүзетін дернәсілдерге айналады. Ондай дернәсілдер аралық иесі – кішкене тоспаұлудың денесіне түсе қалса, одан әрі дамып, көбейеді де, келесі ұрпақ үшін тағы бірнеше дернәсілдерге айналады. Ол дернәсілдер тоспаұлу денесінен суға түсіп, құйрықты дернәсілге айналады. Сөйтіп жұмыртқаның құйрықты дернәсілге айналуы 2,5-3 айға созылады. Дернәсілдер бұдан соң құйрығын түсіріп, өсімдік сабағына жабысады. Денесін сірқабақ қаптап, қозғалмайтын күйге, цистаға айналады. Мал су ішкенде немесе су тартылған жердегі циста жабысқан өсімдікпен қоректенсе, циста ішекте жарылып, одан жас бауырсорғыш жетіледі. Ол қантамырлар арқылы – бауырға, одан өт жолына өтеді. Сөйтіп ересек бауырсорғыш көбею барысында екі иеде өмір сүреді. Ол негізгі иесі – мал, үй хайуанаттары, т.б., кейде адам да, аралық иесі – кіші тоспаұлу денесінде тіршілік етеді.
Таспа құрттар класы
Жармасқақ
Бұлар – әсіресе жануарлардың және адамның ішкі мүшелерінде паразиттік ететін эндопаразит жәндіктер. Олардың денесі жалпақ, таспа тәрізді болғандықтан, класс таспа қарттар деп аталған. Паразиттік тіршілікке ерекше бейімделген құрттың бірі – сиыр цепені. Ересек цепень (жармасқақ) – адамның ішегінде, ал дернәсілдері мүйізді ірі қараның, яғни сиырдың денесінде дамиды. Бұл жәндік ішекке қармақшасымен және сорғыштарымен жармасып алады, сондықтан жармасқақ деп аталған. Дененің алдыңғы бөлігінде қысқа мойынды басы болады. Басында 4 дөңгелек сорғыштары бар. Дененің сыртын сірқабық қаптайды. Жүйке жүйесі басында жүйке жасушаларының жиынтығын түзіл, екі желілі жүйке құрттың денесін құйрығына дейін бойлай созылады. Оның көзі, асқорыту және тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі болмайды. Зәршығару жүйесі дененің ең соңғы бунағында екі өзектен қосылып, сыртқа ашылатын зәршығару түтіктерінен қүралады. Сиыр цепені – гермафродит жәндік. Сиыр ңепенінің тіршілік әрекеті өте күрделі. Ол денесінде жүмыртқадан дернәсілдің екі түріне ауысады: біріншісі – қармақшалы дернәсіл; екіншісі – таспақұрттың көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар кішкене көпіршігі – финна. Ересек таспақұрт негізгі несі – адам денесінде өмір сүреді. Жалпақ құрттар – сула, топырақта, ағзалар денесінің сыртылда және ішінде тіршілік ететін омыртқасыз паразит жәндіктер. Бұлардың еркін тіршілік ететін түрлері ұсақ шаяндар, құрттар және судағы жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпақ құрттар, жануарлар мен өсімдіктер ағзасында әр түрлі аурулар туғызады. Халық шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді.
Сонымен бірге таспа-құрттардың барлығы жануарлар мен адам өміріне зиян келтіреді. Ішекте өмір сүретін паразиттер – эндопаразиттер. Ал ағза денесінің сыртылда паразиттік жолмен тіршілік ететін жәндіктер эктопаразиттер деп аталады.Денесі жонынан қүрсағына қарай ығысып, жалпақ болғандықтан, құрттардың бүл типі жалпақ құрттар – ең алғашқы денесі үш қабаттан: эктодерма, мезодерма және энтодермадан түзілген екі жақты симметриялы жәндіктер. Жүйке жүйесі – басында жинақталған жүйке түйіні бар. Зәршығару жүйесі қарапайым құрылыста болып келеді. Артқы аналь тесігі жоқ. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың барлығында қантарату,тынысалу жүйесі де мүлде болмайды. Олар бүкіл денесі арқылы тыныс алады. Еркін суда жүзіп өмір сүретін жалпақ құрттар – жыртқыштар, ал паразиттік жолмен тіршілік ететіндерінде асқорыту жүйесі жойылған. Бұлар – қос жынысты жәндіктер. Паразит ағзалардың тіршілік әрекет айналымы күрделі. Олар екі неде – алғашқы (тұрақты) және екінші (аралық) неде өмір сүрелі. Алғашқы неде паразит құрттардың жыныстық жолмен көбейетін ұрпақтары, аралық недедернәсілдік ұрпақтары тіршілік етеді.[2]
Достарыңызбен бөлісу: |