Т. С. Баизбаева Бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 6-7 сынып оқушыларының биология пәні бойынша берілетін орта білім мазмұнының базалық деңгейі негізінде жасалды. «Өсімдіктер»



бет7/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,37 Mb.
#33769
1   2   3   4   5   6   7   8

Толығырақ[өңдеу]


Қазіргі заманның басты проблемалары, ашық мұхитпен ішкі су қоймаларының балықтар түр құрамын, олардың экологиясын, этологиясын, популяция динамикасын, эволюциясымен систематикасын зерттеу. Қазіргі уақытта мұхиттық балық аулау кәсіпшілігіне, ішкі су қоймаларында әртүрлі балық шаруашылығын ұтымды жүргізу, балық қорын жасау мен сақтаудың биологиялық негіздеріне көңіл бөлінеді.[1]

Ихтиология балықтардың сыртқы белгілері мен ішкі құрылысын (морфологиясымен анатомиясын), балықтардың сыртқы ортаға бейімделуін, бейорганикалық және органикалық қарым-қатынасын (экологиясын), даму тарихын – жеке организмнің эмбриологиясын және түрлердің, туыстардың, тұқымдастардың, отрядтардың, т.б. эволюциясын немесе филогениясын, сондай-ақ, балықтардың географиялық таралуын (зоогеографиясын) және балықтар үйірінің санын, оның ауытқу заңдылықтарын зерттейді; балықтардың мінез-құлығын (этологиясын), өзара қалай қатынаста болатынын, ұрпағына қалай қамқорлық жасайтынын анықтап, балықтардың өндірістік қорын анықтау әдістерін жетілдіреді, қысқа және ұзақ мерзімді балық аулау көлемін болжайды.

Ихтиология мынадай салалардан тұрады: балықтар физиологиясы, балық өсіру, өндірістік балық аулау, балықтар эмбриологиясы, балық өндірісінің шикізат қоры, балық тағамдарының технологиясы, балықтар аурулары. Балықты өңдеу туралы алғашқы деректер Ежелгі Мысырдың (б.з.б. 3700 – 3600 жылы) папирустары мен жартастарындағы суреттерде кездеседі. Балықтарды ғылым тұрғыдан зерттеу жұмыстары 16 ғасырдың ортасынан, француз ғалымдары П.Белона мен Г.Ронделе және италияндық биолог И.Сальвиани еңбектерінен басталады. 18 ғасырдың басында швед ихтиологы П.Артеди балықтар жіктелімін жасады. 18 ғасырда Ресейде балықтарды зерттеу С.И. Крашенников, И.Лепехин, П.Паллас есімдерімен тығыз байланысты. 19 ғасырда К.Бэр мен Н.Данилевскийдің Каспий,Азов, Қара теңіздеріндегі жүргізген зерттеулері ерекше орын алды, соның нәтижесінде балықтарды қорғаудың ғылым негізделген шаралары мен балық аулауды ұтымды ұйымдастыру жолдары ұсынылды.

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында неміс ғалымы Ф.Гейнке, дат ғалымы К.Петерсен, Норвегия ғалымыЮ.Иорт, т.б. балық аулау кәсібін ғылым тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізді, соның нәтижесінде балық қорын анықтау тәсілдері ұсынылды. Ихтиологияның дамуына кеңестік дәуірдегі ихтиологиялық бағыттың бастаушысы атанған Л.С. Берг (балық жіктелімі, палеонтологиясы, таралуы), А.Н. Северцов (балық анатомиясы), В.В. Васнецовпен С.Г. Крыжановский (балық морфологиясы мен эмбриологиясы), Е.К. Суворов (кәсіптік И.), Г.Н. Монастырский(балық жасын және өсу жылдамдығын анықтауды), Г.В. Никольский (арнайы ихтиология және балық экологиясы оқулықтары), т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. 20 ғасырдың ортасынан бастап ихтиологтар балықты зерттеудің барлық саласына да көптеген жаңалықтар енгізді. Мысалы, балық үйірін іздеуге ультрадыбысты қолдану, балық аулауда электр жарығын, балықтың қоректенуін зерттеуге радиоактивті изотоптарды пайдалану, балық өсірудегипофиз гормонын инъекциялау, батискаф, т.б. аппараттармен судың әр түрлі тереңдігін зерттеу, су асты телевизиясын пайдалану, т.б.

Ихтиологиялық зерттеулерді дамытуға көмектесетін Халықаралық Ихтиологиялық бірлестік, Халықаралық Ихтиологиялық теңіз зерттеу кеңесі және т.б. ұйымдар бар. Қазақстан суларының балықтарын іргелі зерттеу 18 ғасырда Палластың еңбектерінен басталады. Ол 1768 – 73 жылы Санкт-Петербургтен Байкал бойына жасаған саяхаты кезінде Каспий теңізі мен Еділ, Жайық, Ертіс өзендерінің ихтиофаунасын зерттеді. Арал теңізінің балықтары туралы алғашқы деректерді Г.Мейендорф берді (1820). 1853–57 жылы Каспий су алабын зерттеушілер (К.Э. Бэр,Данилевский) балық үйірінің динамикасы мен судың биол. өнімділігі теориясының негіздерін қалады. Қазақстанның ихтиофаунасын тануда 19 ғасырдың 2-ші жартысында ғалым-саяхатшылар Н.А. Северцов пен А.П. Федченконың, К.Ф. Кесслердің, А.И. Шренктің, Н.М. Пржевальскийдің, т.б. жинаған мәліметтері мен ғылым-зерттеулерінің маңызы ерекше болды. Аралда 1929 жылы Бүкілодақтық балық ш. ғылым-зерт. ин-тының тұрақты ст., 1933 жылы Балқашта бөлімшесі, кейінірек Алтай Ихтиологиялық базасы ұйымдастырылды. Қазақстан ихтиофаунасын зерттеудің жаңа кезеңі КСРО Ғалымдар Академиясының 1932 жылы Қазақстанда ұйымдастырылған базасымен байланысты. Осы кезеңде Қазақстанның ихтиофаунасын зерттеуде Г.В. Никольский (Арал су алабы), П.Ф. Домрачев (Балқаш су алабы) және т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты. 1959 жылы Қазақстан Ғалымдар Академиясы-ның Зоология ин-тында әуелі сектор, кейіннен ихтиология және гидробиология бөлімшесі Арал, Балқаш, Алтай бөлімшелерін қамтитын Қазақ балық ш. ғылым-зерт. ин-тына (КазНИИРХ) айналды. 1961 жылы ҚазМУ-де (қазіргі Қазақ ұлттық ун-ті) ихтиология және гидробиология кафедрасы ашылды.

Республикамыздың ірілі-уақты суларын терең зерттеу 20 ғасырдың 40-жылдарынан басталды. Бұл кездегі Қазақстандағы Ихтиологиялық зерттеу жұмыстары, негізінен, республика ғалымдарының күшімен атқарылды. 1945–50 жылы Аралда, Балқашта, Зайсанда тұрақты зерттеулер жүргізілді. Олардың негізгі мақсаты өндірістік бағалы балық қорын зерттеу және балық аулауды тиімді ұйымдастыру болды.

20 ғасырдың 60-жылдарынан Қазақстанның әр өңіріне лайық балық ш-тарын құру мәселесі биол. тұрғыдан дәлелденді, кәсіптік мәні бар аса бағалы балықтар (құбылмалы бахтах, ақ амур, т.б.) жерсіндірілді, барлық балық түрлерінің морфологиялық және физиол. ерекшеліктері, қоректенуі, паразит фаунасы мен аурулары зерттелді (В.Н. Доброхотов, М.Дайырбаев, Ә.Бәйімбетов, Х.Қ. Есмұқанов, т.б.). Қазақстан территориясын ихтиогеографиялық тұрғыдан сипаттап, кейбір балық түрінің денесінен жерсіндіруге байланысты пайда болатын морфологиялық ерекшеліктер табылды (В.П. Митрофанов, т.б.). Республика өзен-көлдерінде биол. өнімдер қалыптасуының заңдылықтары, балық өсіру технологиясы іздестірілуде, балық фаунасы жөніндегі мәліметтер жүйеге келтіріліп, қорытылуда.

Республикамыздағы Ихтиологиялық зерттеулердің нәтижелері республикалық ғылым-зерттеу институттарының,Қазақстан Ұлттық Ғалымдар Академиясының, ҚазҰУ-дің ғылым еңбектерінде, ТМД және көптеген шет ел журналдарында басылды. 5 томдық “Қазақстан балықтары” (1986 – 92); “Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының қазақша-орысша анықтауышы” (1999); И.В. Митрофанов, Бәйімбетов, Мур Джылы Майклдің “Словарь названий рыб Казахстана” (лат., англ., рус., каз., 1999); К.Ө. Күленов, С.К. Күленованың, “Балық шаруашылығының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі” (1980),[2]



Құстар (лат. Aves)[1] – омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді:

  1. алғашқы құстар – археоптерикс;

  2. тісті құстар;

  3. қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер;

  4. қырлы төсті құстар.

Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.

Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар(жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.

Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі – олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 – 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 – 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1-ден 20 – 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады.

1868 ж. Вена қаласында (Aвстрия) алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген.


Құстар (лат. Aves)[1] – омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді:

  1. алғашқы құстар – археоптерикс;

  2. тісті құстар;

  3. қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер;

  4. қырлы төсті құстар.

Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.

Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар(жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.

Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі – олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 – 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 – 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1-ден 20 – 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады.

1868 ж. Вена қаласында (Aвстрия) алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген.


Сүтқоректілер – жануарлардың аздаған бір тобы. Алайда олар әр түрлі ортада – құрлықта болсын, суда болсын, ауада болсын – кез келген жағдайда, кез келген климатта өмір сүруге бейім келеді. Олардың миы (дене мүшелерінің өзгелеріне қарғанда) басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болады. Сүтқоректілер қатарынан құрлық пен теңіздің ең үлкен жануарлары – мұхитта киттер және құрлықта пілдер болып табылады.[1]

Сүтқоректілер жануарлар дүниесінің жоғары сатыдағы тобын құрайды. Бұған ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олар түрлі табиғи орта жағдайларында (суда, аспанда ұшып жүріп, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын «маммалогия» (лат. «маммалис» - емшек+гр. «логос» - ғылым), кейде «териология» (грекше «терион» - аң, + «логос» - ғылым) деп те атайды.

Сүтқоректілердің пайда болуы

Сүтқоректілер Жер бетінде бұдан 200 млн. жыл бұрын пайда болған. Сүтқоректілердің арғы тегі пермде тіршілік еткен аңтісті қарапайым ұсақ бауырымен жорғалаушылар (Therіodontіa). Алғашқы Сүтқоректілердің қалдықтары жоғарғы триас жыныстарынан табылған. Олар бор кезеңінің аяқ шенінде жойылып кеткен. Көпбұдыртістілер (Multіtuberculata) мен біртесіктілер осы кезде тіршілік еткен. Юра кезеңінде пантотерийлер пайда болып, бұлардан нағыз аңдар (Therіa) шыққан, олар қалталылар мен ұрықжолдасты жануарлардың негізі болды.

Денесінің құрылысы

Олардың тұрқы 4 см, салмағы 1,2 грамдық, сондай-ақ тұрқы 33 м, салмағы 150 тонна тартатындары да бар. Денесі түкпен қапталған, алдыңғы ми сыңарларының сыртында ми қыртысы жақсы дамыған.



Тері жабыны

Сүтқоректілердің тері жабыны басқа омыртқалыларға ұқсас екі қабаттан тұрады. Теріде май, тер, сүт, иіс шығаратын бездері болады. Түк, мүйізді тырнақ, мүйіз және тұяқтар - терінің қосалқы бөлімдеріне жатады.



Қаңқасы

Қаңқасы бассүйек, омыртқа жотасымен [кеуде қуысы], иық белдеуі мен алдыңғы аяқтардан және жамбас белдеуі мен артқы аяқтардан тұрады. Сүтқоректілердің мойын омыртқасы - 7. Бассүйекке астыңғы жақсүйек қозғалмалы (буын арқылы) байланысқан. Бассүйектегі басқа сүйектер бірімен-бірі жіктесіп, тұтасып кеткен.



Бұлшықеттері

Сүтқоректілердің бұлшықеттері жақсы дамыған. Әсіресе алдыңғы, артқы аяқтарындағы бұлшықеттер түрлі бағытта орналасқан. Бассүйектегі шайнау бұлшықеттерінің бәрі астыңғы жақсүйекпен байланысады. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын көкет (диафрагма) пайда болған. Көкет тыныс¬тық қозғалыстарға (тынысалу, тынысшығару) қатысады.



Асқорыту жүйесі

Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі күрделілене түсіп, етті еріндер пайда болған. Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті иекпен жалғастырып, тұтастыратын бұлшықет дат деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектердің ұяшықтарында тістер орналасқан. Олар құрылысына, атқаратын қызметіне сәйкес күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді. Алдымен сүт тістері өсіп, кейін түсіп, орнына тұрақты тістер шығады. Ауыз қуысына 3-4 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз қуысы - жұтқыншақпен, ол өңеш арқылы қарынмен жалғасады. Қарындағы көптеген ұсақ бездер қарын сөлін бөледі. Күйіс қайыратын жануарлардың (әсіресе сиырда) қарны көп қуысты. Оныүлкен қарын (таз қарын), жұмыршақ (тақия қарын), қатпаршақ (қырық қатпар) және ұлтабар деп 4 бөлімге бөледі.



Тыныс алу жүйесі

Ауа өтетін мүшелер мен өкпеден тыныс жүйесі құралады. Ауа өтетін мүшелерге танау тесіктері, жұтқыншақ,көмекей, кеңірдек, ауатамырлар жатады. Сүтқоректілер өкпесінің іші көптеген перделер арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды өкпе көпіршіктері (альвеолдар) деп атайды. Өкпе көпіршектерінің сыртын қылтамырлар торлайды да, сол жерде газ алмасу жүреді. Кеуде қуысының кейде кеңейіп, кейде тарылуына сәйкес өкпеге ауа енеді және кері шығады.



Қанайналым жүйесі

Қанайналым жүйесі - құстарға ұқсас, жүрегі толық төрт қуысты. Артерия қаны мен вена қаны араласпайды. Сүтқоректілердің құстардан айырмашылығы - сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамыры сол жақ қолқа доғасын құрайды. Құстарда оң жақ қолқа доғасы болады. Қан денеде газ бен қоректік заттарды тасымалдайды.



Зәршығару жүйесі

Екі бүйрек, 2 несепағар түтігі, сыңар қуық және зәршығару өзегінен зәршығару жүйесі түзіледі.



Жүйке жүйесі

Жүйке жүйесі - күрделі құрылыста. Әсіресе мидың көлемі үлкен. Алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген. Ми сыңарларының сыртындағы көптеген иірім, сайшалар ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сүтқоректілердің күрделі қозғалыс әрекетіне байланысты мишығы да жақсы жетілген. Мишықтың сыртында сайшалар, иірімдер көп.



Сезім мүшелері

Сүтқоректілердің иіс сезуі өте жақсы дамыған. Олар иіс сезуі арқылы қорегін іздеп табады, жауынан қорғанады, жұп құрады. Тек суда тіршілік ететін киттерде иіс сезуі өте нашар дамыған. Көпшілік сүтқоректілерде есту мүшесі жақсы жетілген. Сүтқоректілерде сыртқы құлаққа жататын құлақ қалқаны пайда болған. Дыбыс толқындарын сол арқылы қабылдайды. Тек суда, жер астында тіршілік ететін сүтқоректілерде құлақ қалқаны болмайды. Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы дабыл жарғағымен бөлінген. Сүтқоректілердің ортаңғы құлақ қуысында балва, төс, үзеңгі сүйектері болады. Қосмекенділерде, жорғалаушыларда және құстарда бір ғана үзеңгі сүйегі болатынын еске түсіріңдер. Жарқанаттар, түлендер, дельфиндер өздерінен шығарған өте әлсіз дыбыс жаңғырықтарын қайта қабылдай алады.



Көбею мүшелері

Сүтқоректілер - дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс мүшесі - жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше «ұрық молдасы» (плацента) пайда болған. Ол зат алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы деп те атайды. Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілерді «ұрықжолдастылар» деп атайды. Жатырдың қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі, сүтқоректілердің жеке түрлеріне байланысты түрлі мерзімді қамтиды. Мысалы, үйқоянның буаз болу мерзімі бір ай. Жабайы қоян - 45-51 күн, бұғылар - 8-9 ай, жылқы - 10 ай, түйе 12-13 айда төлдейді. Халық ұғымында «12 түйе, 10 жылқы, 9 сиыр, 5 ешкі, 1,5 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң, бұл күлкі!» деген жұмбақта әрбір жануардың буаз болу мерзімі нақты айтылған.

Мінез-қылығы

Алдыңғы ми сыңарларында иірімдер мидың көлемін арттырып, сүтқоректілердің шартты рефлекстерінің түзілуіне жеңілдік жасайды. Сыртқы ортадан келген сансыз хабарларға орай алуан түрлі шартты рефлекстер қалыптасады, тіршілік ортасының өзгерісіне бейімделу арқылы жануарларда жаңа байланыстар пайда болады. Мысалы, сүтқоректілердің баласы дүниеге келісімен анасының сүтін қорек етеді, ата-енесінің бауырында жүріп, ата-енесі пайдаланатын азыпен қоректенуге бейімделеді. Егер жытрқыштың баласы болса-етпен, ал өсімдікқоректі жануардың баласы- өсімдікпен қоректенудің әдісіне үйренеді. [2]

Экологиялық топтары

Сүтқоректілер басқа жануарлармен салыстырғанда түрлі табиғи орта жағдайларын жақсы бейімделген. Жер шарында кеңінен таралған. Олар құрлықта, ауада, ағаш басында, жер астында, түрлі су айдындарында тіршілік етеді. Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуіне байланысты сүтқоректілерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:





Гепард.



Жарқанат.

  • Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер - Антарктидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған және көптеген түрлерді қамтиды. Олар ашық жерлерде, бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі. Ашық жерлерде саршұнақтар, суырлар, қосаяқтар мекендейді, Тұяқты сүтқоректілер: құлан, жолат, ақбө, қарақұйрық, арқарлар да құрлық аңдары. Бұта мен ағаш арасынан бұғы, бұлан, аю, сілеусін, бұлғындарды кездестіруге болады.

  • Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер - көртышқандар, соқыр-тышқандар, қалталы көртышқандар жатады. Олар тіршілігінің көп бөлігін жер астындағы індерінде өткізеді. Алдыңғы аяқтары мен күрек тістері жақсы жетілген. Топырақ арасындағы жәндіктермен қоректенеді.

  • Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға байланысты. Оған құндыздар, жұпартышқандар, ондатрлар, кәмшаттар, түлендер, киттер жатады. Түлендер көбею, төлдеу кезінде ғана құрлыққа (су бетіндегі қатқан мұзға) шығады. Қалған уақытта суда тіршілік етеді. Киттердің барлық тіршілігі су ішінде өтеді.

  • Ұшатын сүтқоректілерге қолқанаттылар (жарқанаттар) жатады. Өте ұзын 2-5 саусақтарының арасында, денесінің екі қапталында жұқа терілі жарғағы болады. Олар жарғақты қанаттың көмегімен ауада өте жылдам ұшады.

Түрлері

Піл


Сүтқоректілер Жер шарында кең тараған. Сүтқоректілерге гоминидтер де жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілер класы 2 класс тармағынан: құрамында жұмыртқа салушылар отряды бар алғашқы аңдар класс тармағынан және құрамында қалталы жануарлар мен ұрықжолдастылар инфракласы бар нағыз аңдар класс тармағынан тұрады. Сүтқоректілердің 4,5 мыңнан астам түрі белгілі. Жылы қандылығы, ұрпағына қамқорлық жасауы, жоғарғы жүйке жүйесінің болуы сүтқоректілерге жер шарының Солтүстік полюсінен бастап,Антарктида жағалауларына дейінгі барлық жерді мекендеуге мүмкіндік берді.Қазақстанда сүтқоректілердің 8 отряды (жәндік жегіштер, қолқанаттылар,кеміргіштер, қоянтәрізділер, жыртқыштаржұптұяқтылартақтұяқтылар жәнеескекаяқтылар), 31 тұқымдасы және 180-нен астам түрі кездеседі. Әсіресе, қосаяқаламантәрізділер,қуысмүйізділержертесерлер, т.б. тұқымдастарының түрлері өте көп. Жеке жүріп (кірпіжертесерсусараю, т.б.), топталып (шақылдақ, сарышұнақ, суыр), табын, үйір болып (арқартаутекеақ бөкен) тіршілік етеді. Сүтқоректілердің кейбіреулері (суыр, үлкен құмтышқан, т.б.) қорегін күндіз, басқа түрлері (тоқалтіс, кейбір жыртқыштар, т.б.) іңірде не түнде, ал үшінші біреулері күндіз-түні аулайды. Аю, жанат, жанаттәрізді итборсық, т.б. қыста ұзақ ұйқыға кетеді. Көптеген сүтқоректілер (қарақұйрық, ақ бөкен, түлкіқасқыр, қолқанаттылар, т.б.) маусым сайын қоныс аударып отырады. Сүтқоректілердің көпшілігі жылына 1 рет, кейбір түрлері (кемірушілер, жәндікқоректілер, т.б.) 2 – 3 рет балалайды. Буаздық мерзімі де әр түрлі, мысалы, тышқантәрізділерде – 12 күн, борсық пен жылқыда – бір жылдай. Кейбіреулері 1 айда (сары тоқалтіс), ал кейбіреулері (құланмаралбұлан) жыныстық жағынан 2 жасында жетіледі. Тіршілік ету ұзақтығы 14 – 18 айдан (тоқалтіс) 20 – 30 жылға (бұлан, марал, жылқы) дейін созылады.

Шаруашылықтағы маңызы



Мал шаруашылығы

Сүтқоректілердің шаруашылық маңызы зор. Жабайы аңдардан мамық тері,былғары, ет, май, панта (дәрілік мүйіз), мускус, т.б. өнімдер алынады. Бұлардың бірқатар түрлері (суыр, тиінондатр, түлкі, бөкен, т.б.) кәсіптік жәнеәуесқойлық мақсатта ауланады. Кейбір сүтқоректілер (кемірушілер, жыртқыштар) адам мен мал арасына түрлі аурулар (обааусылқұтыру, туляремия, сарып) таратады. Тышқан, тоқалтіс, егеуқұйрық, т.б. – аңдар және орман ш-тарының зиянкестері. Республикадағы аса бай сүтқоректілердіңфаунасы мал шаруашылығының аса бағалы генофондысына айналды. Биязы жүнді қой мен арқарды будандастыру нәтижесінде жаңа қой тұқымы – қазақтың арқар-мериносы, үй шошқасын жабайы шошқамен будандастыру арқылы – жетісу шошқасы шығарылды.

Класс тармақтары

Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілер 2 класс тармағына жіктеледі. Олар: ілкіаңдар және қазіргі аңдар.


  • Ілкіаңдар (алғашқы аңдар) немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілер - жұмыртқа салады. Құстарға ұқсас клоакасы болады. Оған Австралия және сол аймақтағы аралдарда кездесетін үйректұмсық, түрпі (ехидна), түрпітек (проехидна) жатады.

  • Қазіргі сүтқоректілер немесе аңдар екі топқа (төменгі және жоғары сатыдағы аңдар) бөлінеді. Төменгі сатыдағы аңдарды «қалталы сүтқоректілер» деп те атайды. Олардың басым көпшілігі Австралияда, аздаған түрлеріОңтүстік Америкада таралған. Ұрпақтары өте кіші әрі әлжуаз. Ұрпағын аналықтары құрсағындағы қалтасына салып, оның ішкі жағындағы сүт бездерінен бөлінетін сүтімен асырайды. Қалталы сүтқоректілер бұдан 140 млн жыл бұрын пайда болған.

Қазіргі кездегі сүтқоректілердің көпшілігінің ұрығы аналықтарының жатырында дамып жетіледі.

Сүтқоректілердің қорғау

Соңғы кездерде халық шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты қоршаған ортаға төнген экологиялық апаттар жан-жануарлар дүниесінің азаюына, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әсер етуде. Республикада сүтқоректілердің 40-тан астам түрі қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”, ал соның ішінде жұпартышқан,қызыл қасқырқабыланқарақалбарысқұланМензбир суыры Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Зоология ғылымының сүтқоректілерді зерттейтін саласын териология деп атайды.

Сүтқоректілер мен жорғалаушылардың ұқсастықтары

Сүтқоректілер мен жорғалаушылардың дене құрылысында, тіршілік әрекетінде көптеген ұқсас белгілер (мүйізді қабыршақтар, тырнақтар) көп. Ұрықтарының дамуы да ұқсас. Бұл белгілер олардың туыстық жақын екенін көрсетеді. Бұдан 250—180 млн жыл бұрын аңтісті кесірткелер тіршілік еткен. Олардың тістері қазіргі кездегі сүтқоректілерге ұқсас күрек, сойдақ, азу тістерге жіктелген. Бірте-бірте олардың денесінің сыртында түкті жабын пайда болып, дене температурасы тұрақтанған. Сүтқоректілердің көптеген түрлері өсімдіктермен қоректенуге көшкен. Жыртқыштық жолмен қоректенетіндері де бар. Жоғары сатыдағы сүтқоректілердің сан алуан түрлері бұдан 90—70 млн жыл бұрын жер бетінде кеңінен таралған.

Қорытынды



Сүтқоректілер - көпшілігінің денесін түк қаптаған, дене температурасы тұрақты, ұрпағын сүтімен қоректендіретін, жоғары жаратылымды жануарлар. Миы жақсы жетілген, сондықтан қалыпты жағдай өзгергенде мінез-құлығын да өзгертіп, жаңа жағдайға оңай бейімделеді. Жылықанды және қанайналымының екі шеңбері толық ажыраған. Өкпесінде өкпе ұяшықтары болғандықтан, газ алмасу беті ұлғайған. Сондықтан зат алмасу үдерісі жоғары деңгейде өтеді. Аналық денесінде ұрпағын көтеруге мүмкіндік болғандықтан және оны сүтімен қоректендіре алатындықтан, сүтқоректілер өзге ағзалардан ерекшеленеді. Қазіргі сүтқоректілер негізгі екі класс тармағына бөлінеді. Олар ілкіаңдар (немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілер) және қазіргі аңдар (немесе қалталылар және қағанақтылар) класс тармағы деп аталады. Жұмыртқа салатын, ұшатын, суда жүзіп өмір сүретін, құрлықта мекендейтін сүтқоректілер бар. Бұлардың көпшілігі төрт аяқпен жүреді.[3]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет