Буылтық құрттардың бұған дейінгі жәндіктерден негізгі ерекшелігі - дене қуысының екінші рет қайталануы. Сондай-ақ оларда тұңғыш рет тұйыққанайналым жүйесі пайда болған. Қажетсіз заттарды бөлетін әр буылтықтазәршығару мүшелері бар. Соңғы қуыс - целом (гр. цейлома - қуыс, ) деп аталады.
Целом дегеніміз - көпжасушалы жәндік және жануарлар денесінің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік. Бұл қуыс аралық қабаттан пайда болған. Қуысқа толған сұйықтықты дене қабырғасын құрайтын бұлшықеттер - мезодерма қоршап тұрады. Жәндіктер бұлшықеттердің көмегімен қозғалып жүреді. Ал ішек қабырғасындағы бұлшықеттер алма-кезек жиырылып, ішек ішіндегі асты орнынан жылжытпалы. Құрттар денесіндегі соңғы қуыстың қызметі:
қозғалыс кезінде тірек болып, сұйықтық күйдегі қаңқа қызметін атқарады;
ішектің және дене қабырғасының өз алдына жеке жұмыс атқаруына мүмкіндік жасайды;
ішкі мүшелердің және дененің мөлшері жағынан едәуір ұлғаюына көмектеседі;
қуыс ішіндегі сұйықтықтың көмегімен құнарлы заттарды, зат алмасудың соңғы өнімдері мен газды тасымалдайды;
зат алмасудың соңғы өнімдері мен сұйықтықтың артық мөлшері жинақталатын орын бола алады;
ағзадағы қысымды реттеуге қатысады. Дененің біркелкі буылтықтарға бөлінуі - буылтық құрттардың сыртқы құрылысындағы ерекшелік. Сақина тәрізді бұл бунақтар жәндіктің сыртында ғана емес, ішкі жағында да айқын көрінеді. Ішкі бунақтарда жәндіктің көптеген ішкі мүшелері қайталанады.
Буылтық құрттарда қантарату жүйесі жақсы дамыған. Олардың көпшілігінде қанның түсі қызыл болады. Қан жәндіктің дене қуысына құйылмай, қан тамырлары арқылы ағатындықтан, қантарату жүйесі - тұйық жуйе. Қантарату жүйесі арқа және құрсақ қан тамырларынан құралады. Қанның ағуын арқа және құрсақ қантамырларын сақина тәрізденіп жалғастыратын «жүрекше» реттейді. Қан дененің артқы бөлігінен арқа қантамыры арқылы - алға жылжиды. Сөйтіп құрсақ қантамыры арқылы кері бағытта қозғалады. Қаны түссіз немесе жасыл түсті буылтық құрттар да бар. Буылтық құрттардың имек түтікше тәрізді зәршығару мүшелері эктодермадан түзіледі. Олар буылтықтардың әрқайсысында екі-екіден орналасады. Имек түтіктер тек соңғы буылтықтарда болмайды. Буылтық құрттардың жабыны өте жұқа бір қабатты эпителийден тұрады. Эпителийден серпімді сірқабық бөлініп шығады. Жабында шырыш бөлетінбіржасушалы бездер өте көп орналасады.
Нереида
Теңізде тіршілік ететін құрттар онымен ұяшық қазады. Ал топырақта тіршілік ететіндері топырақтағы қозғалысы жеңілдетуге пайдаланады. Бездерден бөлінген шырыш заттарды желімдестіріп, үйкелісті кемітеді. Құрт жабынының астында - сақиналы бұлшықет, ал оның астында бірыңғай салалы бұлшықетжатады. Сақиналы бұлшықет жиырылғанда құрт денесі ұзарады. Бірыңғай салалы бұлшықет жиырылғанда — қысқарады. Соның нәтижесінде құрт бір орыннан екінші орынға қозғалады. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы бірімен- бірі жалғасқан екі жұп жүйке түйінінен және қатарласа созылған құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Үстіңгі екі түйін —жұтқыншақ үсті жүйке түйіні. Ал астыңғы екеуі жұтқыншақ асты жүйке түйіні деп аталады. Жүйке түйіндері жұтқыншақ маңында бірімен-бірі сақина тәрізденіп жалғасады.
Құрсақ жүйке тізбекшесі жұтқыншақасты жүйке түйінінен созылып, буылтықтардың әрқайсысында жүйке түйінін түзеді. Жүйкелер әр буылтықтағы жүйке түйіндерінен денеге және мүшелерге тармақталып таралады. Құрттың бас бөлігінде орналасқандықтан, жұтқыншақ үсті жүйке түйіні кейде «ми» деп те аталады. Құрттардың тіршілік ететін ортасына байланысты сезім мүшелері әр түрлі деңгейде дамиды. Өте сезімтал болғанымен де топырақта тіршілік ететін шұбалшаңның көзі де, қармалауыштары да жоқ. Құрттың жарық сезгіш жасушалары бүкіл денесінде шашыраңқы орналасқан. Сондықтан денеге жанасқан затты, жарықтың өзгеруін оңай сезінеді. Су түбінде өмір сүретін және суда еркін жүзетін көпқылтанды құрттарда жақсы жетілген көздері және қармалауыштары болады.
Буылтық құрттарға тән ерекшеліктердің бірі - айрықша қозғалыс мүшелерінің болуы. Мұндай мүшелер құртденесіндегі буылтықтардың әрқайсысының екі қапталын бойлай орналасады. Оны параподия (гр. пара+подион- жуық + кішкене аяқ, яғни аяққа ұқсас) дейді. Денеден бұлтиып шыққан, бір буда қылтанақтары бар кішкене өскіндер көпқылтанақтылардың жүруге арналған мүшесі болып табылады. Бұл құрттардың барлығында бола бермейді. Дегенмен алғашқы буылтық құрттарда және көпқылтанақты құрттарда жақсы дамыған. Азқылтанақты құрттарда тек қылтанақтары ғана сақталып қалған. Буылтық құрттар параподияларының көмегімен бір жерден екінші жерге еркін қозғалып бара алады. Буылтық құрттардың дене құрылымы төмен құрылысты жәндіктерден күрделі екенін байқадық. Бұларда бас, тұлға және дене соңында аналь тесігі бар.
Тұлға буылтықтардан құралады. Бұлар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Азқылтанақты буылтық құрттар — қосжынысты (гермафродит). Теңізде мекендейтін нереида, құмқазар сияқты көпқылтанақты буылтықтар дара жынысты болып келеді. Бұлардың денесінде қылтанақтар көп болғандықтан, көпқылтанақты буылтық құрттар деп аталады. Жыныссыз жолмен көбейгенде бүршіктену немесе бөліну арқылы тікелей дамиды. Жынысты жолмен дамығанда түрлент, ұрықтан дернәсіл пайда болады. Мұндайда ұрықтану аналық денесінен тысқары - суда өтеді. Денесінде кірпікшелері бар дернәсіл пайда болады. Ол трохофора деп аталады. Трохофора (гр. трохос+форос- доңғалақ + алып жүру, яғни доңғалағы немесе доңғалақтары бар дернәсіл) біраз уақыт судың үстіңгі қабатында өмір сүріп, кейінірек су түбіне шөгеді. Сөйтіп біртіндеп ересек көпқылтанақты буылтық құртқа айналады. Азқылтанақты және көпқылтанақты буылтық құрттар дененің жойылған бөлігін тез қалпына келтіре алады. Оларда регенерация құбылысы едәуір жақсы байқалады.
Сүлік - буылтық құрттар типіне жататын арнайы кластың өкілі. Сүліктердің құрылысы мен тіршілік әрекеті ерекше назар аударады. Сүліктердің бас бөлігі нашар ажыратылады. Олардың денесінде буылтықтары болады. Бірақ буылтықтар саны ішкі бунақтарға сай келмейді. Қылтанақтары да жоқ. Сүліктер - қосжынысты (гермафродит) жәндіктер. Жұмыртқасын пілләге салады. Тура дамиды - ұрықтанған жұмыртқалардан жас сүліктер өрбиді.
Шұбалшаң
Сүліктер - паразиттік жолмен де, жыртқыштықпен де тіршілік ететін жәндіктер. Олардың негізгі қорегі - әр түрлі су жәндіктері: ұлулар, бунақденелілердің дернәсілдері. Сондай-ақ өзге сүліктер, итшабақ және балық шабақтары, омыртқалы жануарлардың қанымен де қоректенеді. Сүліктер суда тіршілік етеді. Сүлік денесінің алдыңғы және соңғы ұштарында сорғыштары болады. Алдыңғы сорғышындағы аузының айналасын ұшы тіс тәрізді өте үшкір 3 өсінді қоршай тұрады. Жануарлардың немесе адамның денесіне сорғышымен жабысып, үшкір өсінділерін қалайды да терісін теседі, сүлік өсінділері қадалған жерінен аққан қанды сорады. Қан соратын сүліктің жұтқыншағына арнаулы бездерден «гирудин» (лат. гирудо - сүлік, гирудин - сүліктен бөлінетін зат) деп аталатын ерекше зат бөлініп шығады. Бұл зат қанды сұйылтады, сондықтан жара аузындағы қан ұйымайды. Халықтық медицинада гирудиннің осы қасиеті пайдаланылады. Сүлікке вена бітелгенде, жүрек бұлшықеттеріжансызданғанда, миға қан құйылғанда, емдік мақсатта пайдаланып, адамның қанын сорғызады.Көпқылтанақты буылтық құрттардың басым бөлігі суда тіршілік ететіндіктен, теңізде маңызды рөл атқарады. Олар балдырлармен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ал өздері суда мекендейтін балықтарға, шаянтәріздестерге және басқа да теңіздегі мақұлықтарға жем болады.
Азқылтанақты буылтық құрттар, әсіресе топырақта, сондай-ақ тұщы суларда мекендейді. Топырақта тіршілік ететін шұбалшаңдардың маңызы ерекше. Олар топырақтан терең ің қазып, топырақты ауамен, ылғалмен байытады. Бұл әрекет топырақтағы микробтардың белсенділігін арттыруға көмектеседі. Өсімдіктер тамырының топыраққа тереңірек бойлай, бекінуіне жәрдемін тигізеді.
Шұбалшаңдар - нағыз топырақ қопсытқыш жәндіктер. Сондай-ақ шұбалшаңдар - үй құстары мен балықтардың жемі. Суда тіршілік ететін азқылтанақты буылтық құрттардың да пайдасы зор. Олар су түбіндегі тұнбаны ішегі арқылы өте көп мөлшерде өткізеді. Сөйтіп су-қойма түбіндегі топырақ қабатына ықпалын тигізеді.
Сонымен бірге азқылтанақты құрттар өсімдік шірінділерімен қоректенеді. Демек олар суқоймаларын өсімдіктердің шірінді қалдықтарынан тазартуда да маңызды рөл атқарады.Денесі біркелкі сақина тәрізді буылтыққа бөлінгеншұбалаң тұрықты көпжасушалы жәндіктер буылтық құрттар типіне жатады. Олардың денесі үш қабаттан тұрады. Денесінің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік соңғы қуыс - целом деп аталады. Екіжақты симметриялы. Соңғы қуыс әр сақиналы буылтықтарда қайталанады. Сақиналы буылтықтар перде арқылы бөлінгенімен, ауыз және аналь тесігі бар ішек бүкіл денені бойлай созылады. Жүйке жүйесінің құрсақтық бағанасы және ең алғашқы тұйық қанайналым жүйесі де бар. Дененің екі қапталындағы әрбір буылтықта будаланған қылтанақта өскіндер - параподиялар орналасқан. Ол құрттың қозғалып жүру мүшесінің қызметін атқарады. Ал сүліктердің денесінде мұндай қылтанақтар болмайды. Буылтық құрттар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Қосжыныстылары (гермафродит) да бар.[3]
Ұлулар (Gastropoda) — жұмсақ тәнді жәндіктердің — моллюскалардың бір класы. Бұл ұлулардың 3 класс тармағы бар: алғыжелбезекті, артқыжелбезекті және өкпелі. Бұлардың 90000-дай түрі бар. Теңіздің 4 800 метр терең түбінде және 5 000 метр биік тауларда да тіршілік етеді. Ұлулардын денесі жұмсақ, былқылдақ. Ұлулардың 3 классы бар: артқы желбезекті, алғыжелбезекті және өкпелі.
Мазмұны
[жасыру]
1 Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
2 Бауыр аяқты ұлулар класы
3 Қосжақтаулы ұлулар класы
4 Басаяқты ұлулар класы
5 Дереккөздер
Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Ұлу
Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы - денесі бунақтарғабөлінбейді. Сондықтан ішкі мүшелердің денеде орналасуы қайталанбай, атқаратын қызметі бірдей, біртұтас күйде болады. Айқын жіктелмесе де, олардың бас бөлігін тұлғалан ажыратуға мүмкіндік бар. Ұлулардың ішкі мүшелері бастан кейінгі тұлға қапшығында орналасады. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат - шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.
Зәршығару жүйесі мен жыныс тесіктері және артқы ішектің аузы шапаншақуысына ашылады. Бақалшақтар құрылысы үш түрлі үлгіде кездеседі:қозғалмалы бөлікті тақташа түрінде (сауытты ұлуларда); екі жақтау түрінде(қосжақтаулыларда); имек немесе бұрала оралған түтік түрінде немесеқақпақша тәрізді бауыраяқтыларда. Аяқ - ұлулардың негізгі қозғалу мүшесі.
Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады. Қан құрамындағы улы заттар бүйректен өтіп, сүзінді сыртқа бөлініп шығады. Табиғатта қосжынысты да, дара жынысты да ұлулар тіршілік етеді. Қосжынысты ұлулар өзін-өзі ұрықтандыра алмайды. Сондықтан ұрықтандыруға өзге дарағы қатысады. Мұны айқаспалы жолмен ұрықтану деп атайды. Жұмыртқадан тікелей жәндіктер дамиды. Қосжақтаулы ұлулар және басаяқтылар - дара жынысты жәндіктер. Бұлардың даму жолдары түрліше өтеді. Мысалы, қосжақтаулы ұлулардың ұрықтануы іште өтеді. Жұмыртқадай дернәсіл дамиды, ал дернәсілден ересек жәндік өседі. Дамудың бұл жолы - түрленіп даму деп аталады. Паразитқосжақтаулылардың (айқұлақтың) дернәсілдері балықтың терісінде паразиттік жолмен тіршілік етеді. Басаяқты ұлулар (ірі басаяқтылар) су астындағы әр түрлі заттарға топтастырып жұмыртқа салады. Жұмыртқадан тікелей, пішіні ересектеріне ұқсас жас ұлулар өрбиді. Дамудың бұл жолы - тура даму деп аталады. Ұлулардың көпшілігініңжүйке жүйесі жүйке түйіндерінен тұрады. Алайда басаяқты ұлулардың жүйке жүйесінің күрделеніп, жүйкеталшықтарының жинақталуынан ми түзілетіні мәлім. Басаяқтылардың көз құрылысы да күрделі.
Кальмарлар,каракатицалар, сегізаяқтар өте жылдам реактивті қозғалыс жасайды. Олар саңылауы арқылы шапанша қуысына су жинап алады да, оны түрі өзгерген аяқ ойысынан күшпен айдай шығарады. Денесінің алдыңғы бөлігінде орналасқан аяқтары түрін өзгертіп, қармалауыштарға айналады. Аяқтарының орналасуы және пішініне қарай бұл жәндіктер бауыраяқтылар, күрекаяқтылар, т. б. кластарға жіктеледі. Тұщы суда мекендейтін ұлулардың екі көзі - қармалауыштардың түбін ала (тоспа ұлу), ал құрлықта мекендейтіндерінікі (жүзім ұлуы, жалаңаш шырыш) қармалауыштардың ұшында орналасады.
Бауыр аяқты ұлулар класы
Толық мақаласы: Бауыраяқты ұлулар
Caption text
Бұлар - теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Туйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу жәнеқошқармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |