Т. Т. Галиев, М. Д. Есекешова, Г. О. Исакова


І. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ БІЛІМ



Pdf көрінісі
бет4/55
Дата18.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#103119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін

І. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ БІЛІМ 
АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАҒДАЙЫ 
 
XXІ  ғасыр  басындағы  білім  берудің  мазмұнында,  мақсаты 
менбағыт-бағдарларында  маңызды  белең  алып  отырған  өзгерістер  ҚР 
«Білім  беру  туралы»  Заңының  1  бабына  сәйкес,  білім  берудің  бәсекеге 
қабілеттілігін  арттыруға  бағытталған,  азаматтардың  материалдық  және 
рухани  әл-ауқатын  арттыруды  жақсарту  мақсатында  адами  капиталды 
дамыту, экономиканың тұрақты өсуін, баршаға қолжетімді сапалы білім 
беруді қамтамасыз ету жолымен, ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламасында  көрсетілгендей 
барлығы да айқын [1]. 
Заманауи  жоғары  білім  беру  мақсаты  болашақ  маманның 
бастамашылық,  мобильділік  (тұтастығы,  жинақылығы),  динамизм  мен 
сындарлылық секілді өзара байланысты, өзара әрекет ететін кең сапалар 
жиынтығын,өз  бетінше  білім  алу,  жаңа  технологияларды  игеру  және 
оларды  қолдана  білу,  өз  бетінше  шешім  қабылдау  қабілетімен, 
әлеуметтік  және  кәсіби  салаға  бейімделе  білуімен,  ұжыммен  бірлесіп 
жұмыс 
жасай 
алу 
біліктілігімен, 
қайта 
жүктелумен, 
стрестікжағдайларғадайын  бола  білуді  меңгерументұжырымдалады. 
Әрине,  бұндай  сапалар  тізімін  кеңейте  беруге  болады,  дегенмен  де 
оларды  бірегейлендіруге  әкелетін  нәрсені  көрсету  маңыздырақ. 
Заманауи  зерттеулердегі  бұндай  жүйелі,  жасампаз  роль  «құзыреттілік» 
ұғымына келіп саяды. 
Инновациялық  технологиялардың  дамуы,  сондай-ақ  ғылым 
саласындағы  жаңа  ашылымдардың  қарқын  алуы,  қазіргі  мемлекеттік 
білім  беру  стандарты  мен  бағдарламаларының  әлеуметтік  талаптарға, 
дамудың  осы  кезеңіндегі  қоғамның  нормаларына  сәйкес  келуден  артта 
қалуға  әкеліп  соқтырады.  Олардың  сәйкессіздігі  мен  ескіруі  білім  беру 
жүйесін  реформалар  жүргізу  жолымен  жаңартуға,  дамытуға  әкеледі. 
Мемлекет  білім  берудің  құрылымына,  мазмұны  мен  әдістеріне 
өзгерістер енгізу бойынша түрлі әлеуметтік бағдарламалар жасауда. 
Өз кезегінде Болон үдерісі еуропалық мәнмәтінге тән немесе қайта 
түрлендіруді  күшейтті.  Солардың  арасында  мыналарды  атап  айтуға 
болады: 
-
 
келісілген  дискрипторларды  қолданумен  біліктіліктің  жаңа 
құрылымын енгізу; 
-
 
еуропалық 
жоғары 
білім 
берукеңістігі: 
«бакалавриат/ 
магистратура/докторантура» біліктілігінің құрылымын тұтас қамтамасыз 
ету  көзқарасы  тұрғысынан  салыстырылған  және  айқын  дәрежелерді 
қабылдау; 
-
 
көпмақсатты  құралдар  рөлі  сапасында  ECTS  –ті  пайдалануға 
көшу; 



 
-
 
құзыреттілік тұғырды білім беру үдерісінің студентке бағытталған 
жаңа бағдарларының көрініс беруі ретінде меңгеру
-
 
«бакалавриат/магистр»  дәрежесінің  релеванттылығын  еңбек 
нарығының  талаптарымен  қамтамасыз  ету,жоғары  оқу  орындарының 
түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін  кеңейту; 
-
 
белгілі бір пәндік салалардағы «жалпы еуропалық қорытындыны» 
іздеу; 
-
 
жоғары  білім  берудің  жоғарғы  сапасы  негізінде  дипломдарға 
(дәреже, біліктілік) деген халықаралық сенімнің өсуі; 
-
 
Diploma  Supplement  –  жоғары  білім  туралы  құжаттардың 
ашықтығы мен  мен салыстырылымдық құралдарын енгізу; 
-
 
бірыңғай критерийлерге негізделген  «еуропалық платформа» сапа 
мен аккредитацияны бақылауды қалыптастыру [2]. 
Мемлекеттік  жалпыға  білім  беру  стандарты  білім  берудің 
деңгейлеріне  үйлесімділікте  [3],  Болон  үдерісінің  талаптарына 
сәйкестене  отырып,  деңгейлік  жүйені  жүзеге  асыруды  қарастырады: 
бакалавр,  магистратура  және  докторантура,  ал  білім  беру  нәтижесі  ҚР 
Ұлттық  біліктілік  шеңбері  анықтаған,  қалыптастырылған  құзыреттілік 
деңгейлерімен бағаланады. Бұнымен байланысты мемлекеттік білім беру 
стандартының  басымдылық  етуші  мақсаты  тек  білікті  ғана  емес, 
сонымен  қатар  құзыреттілік  кешенін  толық  меңгерген  құзыретті  маман 
даярлаумен 
тұжырымдалады. 
Бұл 
кәсіби 
құзыреттіліктерді 
қалыптастыру  үдерісінің  форма,  әдіс,  технологияларына  деген  ескірген 
көзқарастарды  қайта  қарастырудың  қажеттілігін  анықтап  берді.Қазіргі 
таңда  жоғары  оқу  орындарында  білім  алушылардың  бойында  оларға 
қажетті  құзыреттіліктерді  өз  беттерінше  меңгеру  қабілеттілігін  дамыту 
қажеттілігі туындады. 
Болон  үдерісі,  сондай-ақ  ұлттық  білім  беру  стандарттары 
деңгейінде  әлемнің  көптеген  елдеріндегі  жоғары  оқу  орындарында 
маман  даярлау  құзыреттілік  тұғыр  мәнмәтінде  жүзеге  асырылады. 
Білімді  бағалап  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оны  тәжірибемен 
ұштастыру  қабілеттілігінің  бағасы,  яғни  белгілі  бір  құзыреттіліктердің 
қалыптастырылғандығы  болжалданатын  білім  беру  сапасының  жаңа 
тұжырымдамасы 
ұсынылуда. 
«Құзыреттілік 
тұғырдыңмақсаты 
сапасында  білім  берудің  заманауи  талаптары  мен  құндылықтарына, 
сонымен  қатар  болашақ  туралы  көрсетілуіне  сәйкестігін  бейнелейтін 
ерекшеліктері  мен  сипаттары  ұғынылатын  білім  беру  сапасын 
қамтамасыз ету түсініледі» [4]. 
Сонымен  қатар  Э.Ф.Зеер  деқұзыреттілік  тұғырдың  бағдарын  білім 
алу,  өзін-өзі  анықтау,  әлеуметтену,  өзін-өзі  өзектендіру  мен  даралығы 
деп анықтайды[5]. 
В.А.Болотовтың  анықтауынша,  «құзырет  табиғаты»  мынадай  -  ол 
білім беру өнімі бола отырып, одан тікелей шықпайды, тұлғаныңөзін-өзі 
дамытуының 
салдары, 
соншалықты 
технологиялық 
емес, 



 
қызметтілікжәне тұлғалық тәжірибені қорытумен, өзін-өзі ұйымдастыру 
салдарларымен тұлғалық өсу болып табылады [6]. 
Аталған  пікірді  А.И.Субетто  «адам  квалиметриясы-  білім  беру 
квалиметриясының негізі», адам сапасының мұраты - («адам сапасының 
бейнесі»)  білім  сапасының  мұратын  айқындайды  деген  қағиданы 
басшылыққа ала отырып қуаттайды [7]. 
Білім  беруді  жаңғыртуқұзыреттілік  тұғыр  негізіндегі  күтілетін 
нәтижесінің  нақты  мақсаты  мен  білім  беру  үдерісінің  осы  негізде 
құрылуын болжалдайды [8]. 
Қазіргі  таңда  құзыреттілік  және  тұлғаға  бағдарланған  тұғырлар 
қоғамға  қажеті  енжар  пайымдаушылар  емес,  керісінше  шешім 
қабылдауға дайын, белсенді, құзыретті мамандардың аса қажет екендігі 
тәрізді, жоғары білім берудің әдіснамалық базасы болып табылады. Егер 
көзделетін  нысана  дәстүрлі  оқытуда  оқу  қызметінің  үдерісі  болса, 
заманауи  білім  беру  үдерісі  білім  алушылардың  алған  білімдерін  өз 
өмірлерінде  қолдануы  мен  осы  білімдерге  өз  беттерінше  қол  жеткізуді 
мақсат етіп қояды. 
Қойылған міндеттерді жүзеге асырудың мақсаты негізі құзыреттілік 
тұғыр  болып  табылатын  жаңа  білім  беру  парадигмасына  көшуді  талап 
етті.  А.Т.Чакликова  «Құзыреттілік  тұғырдың»  таңдалуы  кездейсоқтық 
емес»,  –  деген  пікірін  білдіреді,  «оның  басқа  да  ғылыми  тұғырлармен 
салыстырғанда  бірқатар  басымдылықтары  бар,  ол  субъектіге  сапалы 
білімді  интервациялауға  мүмкіндік  береді,  үздіксіз,  өз  бетінше  білім 
алуға  нұсқау  берумен  (басшылық  жасаумен),  өзіндік  жүйелі  және 
мақсатқа 
бағытталған(мақсатты 
көздейтін) 
құзырлы 
субъект 
қалыптастыруға мүмкіндік береді [9]. 
Құзыреттілік  тұғыр  білім  берудің  тәжірибелік  бағытта  сипат 
алуының  өрістеуіне  бағдарланып,  соңғы  нәтижені  көздейді.  Бұл 
жағдайда  ақпаратты  меңгеріп  қана  қоюдың  емес,  сонымен  қатар 
шығармашылық  қызмет  пен  ақпаратты  өз  бетінше  өңдеу  үшін  қажетті 
сапаларды қалыптастырудың маңызы зор. 
Бұл  адамның  өмір  бойы  үздіксіз  білім  алуына  дайындық  болып 
табылады. Ақпарттық ортаның тез өзгеруі жағдайындағы қазіргі әлемде 
күн  сайын  жаңа  білімді  игеру  немесе  өз  бетінше  өзінің  білім  деңгейін 
көтеріп  отыру  мүмкіндігін  қарастыру  аса  қажет.  Құзыреттілік  тұғыр 
білім  алушылардың  ақпаратты  ізденуге,  талдауға,  сараптауға, 
сұрыптауға, өңдеу мен оны таратуға, дамытуға, рефлексия жасауға және 
өз іс-әрекетін өзіндік бағалауға деген қабілеттерін болжалдайды. 
Құзыреттілік  тұғыр  оқу  мақсаты  мен  білім,  білік,  дағдыларды 
тәрбиелеуді  шектеуші,  білімге  бағдарланғантұлғаға  балама  таңдау 
ретінде қарастырылады. 
Құзыреттердің  білім,  білік,  дағдылардан  ерекшелігі  -  түлектерді 
дайындау сапасына талап қоятын білім беру нәтижесінін анықтау болып 
табылады [10]. 



 
Білімге бағдарланғантұғырға балама таңдау ретінде бір  мезгілде 
инновациялық  тұғырдың  (тәсілдемелердің)  тұтас  қатары  пайда  болды. 
Олар:  қызметтік  (іс-әрекеттік)  тұлғаға  бағдарланған,  мәселелік, 
мәдениеттанымдық, алайда, білім, білік, дағды, бұрынғысынша бақылау 
нысаны болып қала береді. 
Қазақ  тілінде  «компетенция»,  «компетентность»  ұғымдары, 
«құзырет»,  «құзыреттілік»  деп  аударылып,  «құзырлылық»  сөзі  ретінде 
кездеседі. 
Қазақстан  Республикасы  жоғары  білім  берудің  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  стандартына  сәйкес,  орыс  тілінен  қазақ  тіліне 
аударғанда  құзыреттер,  бұл  кәсіби  қызметке  меңгерілген  оқыту 
үдерісіндегі білім, білік, дағдыларын тәжірибеде қолдануға қабілеттілік, 
ал  нормативтік  құжаттардағы  қазақ  тіліндегі  аудармасы  құзыреттілік  - 
оқу  үдерісінде  алған  білімді,  шеберлік  пен  дағдыны  кәсіби  қызметте 
тәжірибелік  тұрғыда  пайдалана  білу  қабілеті.  1  тарау  Жалпы 
ережелеріндегі  жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
стандартында мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 
ӘАОО-дағы  (әскери  арнаулы  оқу  орындағы)  кәсіби  құзыреттер  - 
тиісті  лауазымда  құқық  қорғау  органдары  жүйесінде  кәсіби  қызметті 
тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, іскерліктер мен дағдылар, ал 
орыс  тіліндегі  бұйрық  нұсқасында  ол  былайша  жазылады:әскери  оқу 
орындарында,  тиісті  мансапта  ұлттық  қауіпсіздік  пен  құқық  қорғау 
органдары  жүйесіндегі  кәсіби  қызметте  оңтайлы  жүзеге  асыру  үшін 
қажетті  кәсіби  құзыреттілік  - білім  берудің  дағдылары  [3].  Бұл  жердегі 
«құзырет» сөзі екі рет аударылады: құзыреттер, құзыреттілік. 
2016  жылғы  16  наурыздағы  Әлеуметтік  әріптестік  пен  әлеуметтік 
және  еңбек  қатынастарын  реттеу  жөніндегі  Республикалық  үшжақты 
комиссияның  «Ұлттық  біліктілік  шеңберінде  қолданылған  негізгі 
түсініктер  мен  терминдерде  кәсіби  құзыреттілік  бойынша  анықталған» 
кәсіби құзыреттілік бұл – еңбек саласының талаптарына сәйкес мақсатқа 
лайықты  әрекет  жасауға,  міндеттерді  және  мәселелерді  әдістемелік 
ұйымдастыруға және дербес шешуге, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесін 
өзі  бағалауға  дайындығы  және  қабілеттілігі»  ал,  орыс  тілді  құжат 
нұсқаларында  «кәсіби  құзыреттер  –  еңбек  салаларының  талаптарына 
сәйкестікте мақсатқа бағытталған іс-әрекетке дайындық пен қабілеттілік
тапсырмалармен  мәселелерді  әдістемелік  тұрғыдан  ұйымдастырылған 
түрде және өз бетінше шешімін табу, сонымен қатар өз іс-әрекеттерінің 
нәтижесін  өзі  бағалау»  деп  келтірілген.  Ал  «құзыреттілік»  термині  –
жұмыскердің  кәсіби  қызметінде  білімін,  машықтары  мен  дағдыларын 
қолдану  қабілеті,  осыған  сәйкестікте  бұл  термин  былайша 
аударылады«қызметші-жұмыскердің  білім,  білік,  дағдыларын  өзіндік 
кәсіби 
қызметінде 
қолдануға 
қабілеттілігі» 
[11]. 
Типтік 
құжаттардағытерминніңосылайша  көрсетілуіне  сәйкес,барлық  жоғары 
оқу 



 
орындарындағы жұмыс құжаттарында осы мағынаны білдіреді.   
Біздің  зерттеу  жұмысымыздағы  «құзыреттілік»,  «компетентность» 
термині 
ретінде 
қолданылады, 
алайда 
құқықтық 
құжаттарда 
«компетенция» 
сөзі  ретінде  пайдаланылады.Осындай  жайларды 
басшылыққа  ала  отырып,  түрлі  әдебиеттерге  шолу  жасау  негізінде 
терминдердің 
sozdik.kz 
сайтының 
сөздігінде 
«құзырет» 
сөзі 
«компетенция», 
ал, 
«құзыреттілік, 
компетентность» 
ретінде, 
А.К.Кусаинов  пен  С.Калиевалардың  терминологиялық  сөздігінде  [12], 
«компетенция»  -  бұл  «құзыр»  ал  «компетентность»  құзыреттілік  деп 
әртүрлілікте аударылғандығына көз жеткіземіз. 
2017 жылы терминологиялық жұмыстарды, терминдерді бірегейлеу 
және  халыққа  терминдерді  түсінікті  түрде  жеткізуді  жүзеге  асыру 
мақсатында  terminkom.kz  сайты  ашылған  болатын.  Сайтта  бекітілген 
терминдер,  салалық  терминологиялық  сөздіктер,  сол  мазмұндағы 
ғылыми  материалдар  жарияланады.  Дәл  сондай  «компетенция» 
терминінің  аудармасы  «құзырет»,  ал,  «компетентность»«құзыреттілік» 
деген мағынаны білдіреді. Бұл соңғы рет 2016 жылы бекітілген. 
Қазақстан 
Республикасының 
Бірыңғай 
терминологиялық 
орталығының сайтында  ҚР Мәдениет және спорт  министрлігінің  тілдік 
саясат  Комитетінің  мемлекеттік  тіл  порталында  «компетентность» 
«құзыреттілік»  деп,  ал  «компетенция»  терминін  құзыретке  сәйкестікте 
аударуды ұсынады [13]. 
Терминдерге  түсінік  беру  бойынша  нормативтік  құжаттар  мен 
ресми  дерексөздерді  сараптау  барысында  «компетенция»  және 
«компетентность»  терминдерінің  мемлекеттік  органдар  мен  еліміздің 
ресми  тілдік  құрылымы  бекіткен  нормативтік  құжаттарындағы 
терминологиялардың  арасында  байланыс  жоқ  екендігін  анықтадық. 
Қазақша  терминдерге  қатынас  алдын-ала  түсінілген,  сондықтан  да 
ғылыми  терминдердің  пайдаланылуы  соншалықты  күдік  тудырады,  әрі 
ол еш жерде бақылауға алынбаған. 
Бұдан  әрі  осы  немесе  басқа  ғылыми  салалардағы  зерттеулерде 
ресейлік және шет елдік нақты дереккөздерге сүйенетін боламыз (сенім 
артамыз). 
Бұл  аудармаларға  назар  аудара  отырып,  құқықтық  құжаттарға 
қарамастан,  біз  мемлекеттік  тілдің  тілдік  саясаты  Комитетінің  порталы 
ресми  сайты  мен  terminkom.kz  сайтының  терминдерді  аударуын 
пайдалану туралы шешім қабылдадық. 
Құзыреттілікті  құзыреттер  қатарына  жатқызу  негізінде,  тұлға 
меңгерген  құндылықтық  бағдар  ретінде,  тұлғалық  сапа  ретінде 
қарастыруға  болады.  Бұндай  бейнеде  құзыреттілік  құзырет  түсінігіне 
қарағанда,  неғұрлым  кең  және  сыйымды.  Құзыреттілікті  осы  мағынада 
жекелеген  құзыреттер  шоғырын  ыдыратушы,  тұлғаның  кіріктірілген 
сипаты ретінде түсіндіруге болады.  
«Құзырет»  пен  «құзыреттілік» негізгі түсініктері туралы жалпы 


10 
 
қабылданған  түсінік  жоқ,  олар  әртүрлі  авторлардың  еңбектерінде 
қабілеттілік,  дайындық,  қасиет,  тұлға  сапасы  ретінде  анықталуда, 
сонымен    «құзырет  пен  құзыреттілік»  бір  мағыналық  мәнге  ие  болуы 
мүмкін  (В.И.Байденко)  [14]  Р.М.Петрунева  [15]  және  тағы  басқа,  ал, 
түрлі  негіздер  бойынша  әртүрлі  болуы  да  мүмкін  (Э.Ф.Зеер)[16] 
Э.А.Сманюк  [17]  И.А.Зимняя[18]  Ю.Г.Татур  [19],  М.А.Чошанов  [20] 
А.В.Хуторской  [21]  және  т.б.Бұл  құзыреттілік  тұғырын  тәжірибелік 
таратуда  айтарлықтай  түрде  қиындатады.  Алайда  құзыреттілік  пен 
құзырет ұғымдарының бірлігі әлі күнге дейін жоқ, әрі көп жағдайда бұл 
ұғым негізсіз араластырылып, синоним ретінде қолданылады. 
«Шетел  сөздерінің  қысқаша  сөздігінде»  келесідей  анықтама 
берілген:  құзыретті  (латынша  «competenons»,  «competentis»  тиісті, 
қабілетті)-  белгілі  бір  салада  білімді,  білгір  бір  нәрсені  пайымдауға, 
талдауға  өз  білімі  бойынша  бір  нәрсені  шешуге  өкілетті  құқығы  бар. 
Сонымен,  жиі  кездесетін  «бұл  менің  құзыретімде  емес»  деген  сөз 
айтылған кезде, көбінесе екінші мағынаны меңзейді, ал – «ол құзыретті 
емес,  оған  қоса  -  кәсіптік  тұрғыдан  құзыретсіз»  деп  айтылғанда,  білім 
берудегі тәжірибенің жоқтығын көрсетеді [22]. 
Сонымен,  кәсіби  әлеуметтік  тұлғалық  құзыреттердің  белгілі  бір 
кешенін өз бойына дарыта білген, яғни осы және басқа адам әрекеттері 
салаларында құзыреттіліктерді меңгерген маманды құзыретті деп атауы 
мүмкін.  Жоғары  білім  жүйесінде  құзыреттілік  бойынша  мынадай 
анықтауды  ұсынады:  маманныңқұзыреттілігі  жоғары  білімді  –  осы 
қызмет нәтижесінің әлеуметтік маңыздылығы мен жеке жауапкершілігін 
саналы  түрде  сезініп,  кәсіби  және  әлеуметтік  салада,  шығармашылық 
(өнімді)қызметтегі  жетістік  үшін  тәжірибеде  өзіндік  әлеуетін  жүзеге 
асырудағы  ұмтылулары  мен  қабілеттілігінің  дайындығының  көрініс 
беруі.  
Осы  мәселе  бойынша  неғұрлым  ауқымды  дәйексөзді  жұмыс 
Хутмахердің  «Key  competencies  for  Europe»  [23]  баяндамасы  болып 
табылады.  Бұл  мәселенің  өзі  ағылшын  тілді  орталардан  педагогикалық 
идеяға  келгендіктен,  қай  түсінік  «competencies»  неғұрлым  адекватты 
болып  табылатындығын  түсіндіруге  тырысып  көрелік.  «Lingvo 
Unerersal»  сөздігінде  «competency»  түсінігі  «competence»  түсінігіне 
теңестіріп  былайша  түсіндіріледі:  1.  а)  қабілеттілік  немесе 
тәсілқойлық,білім,  құзырет  (қандай  да  бір  іс-әрекеттің  түрін  жүзеге 
асыру  үшін  жеткілікті):  ә)лингвистикалық  тілдік  құзырет;  2. 
молшылық,материалдық  жағдай,  қамтамасыздандыру;  3.  заңдық 
құзырет,құқықтылық. 
Жоғарыда  келтірілген  аударма  субъектінің  белгілі  бір  қызмет 
саласына  лайықтылығын  анықтайтын  құзыреттілік  жинақталған  түсінік 
ретінде 
қарастырылған 
еңбектерге 
қатыстылықта, 
автордың 
ұстанымдарымен  бекітілген  болуы  мүмкін,  сондықтанда  жекеше  түрде 
орыс  тіліндегі  дәстүрлі  түрдегі  қабылданғандай  қолданылады. 


11 
 
«Құзырет»  түсінігі  бұл  жағдайда  неғұрлым  тар,операционалды  болып 
шығады,сондықтан тұлғаның білімдарлық сапасы нәтижесі ретінде түрлі 
алынуларды білдіреді. 
«Құзырет»  түсінігі  бұл  жағдайда  неғұрлым  тар,операционалды 
болып  шығады,сондықтан  тұлғаның  білімдарлық  сапасы  нәтижесі 
ретінде түрлі алынуларды білдіреді. 
Анықтамалардан  құзыреттіліктің  келесідей  маңызды  сипаттамалары 
белгіленеді: 
 -  жұмыс  орнының  талаптарына  сәйкес  кәсіби  қызметті  жемісті 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қабілеттерді тиімді пайдалану; 
 -  мамандық  бойынша  жұмыстарда,  білім,  білік,  қабілеттерді 
меңгеру,  кәсіби  мәселелерді  шешуде  бір  уақыттағы  тәуелділік  пен 
икемділік; 
 - 
ұжымдастармен  және  кәсіптік  тұлғааралық  орталарымен 
ынтымақтастықтың, серіктестіктің дамуы; 
 -  заманауи  өндірістік  ортадағы  еңбек  әрекетін  орындау  үшін  тиімді 
білім, қабілеттіліктер мен мақсаттардың кіріктірілген үйлесімділігі; 
 - жағдай мен орта өзгермелігіне байланысты жоғары дәрежеде өзін-
өзі  реттеу,  өзіндік  рефлексия  жасау,  өзін-өзі  бағалау,  оралымды  және 
адаптивті реакция мен мәнмәтіннің кең форматында  бір нәрсені жақсы, 
тиімді жасауға қабілеттілік. 
Келтірілген  анықтамалардан  дәстүрлі  түсінік  –  білім,  білік, 
дағды,тәжірибеден  құзыреттілікті  айрықшалайтын  келесі  ерекшеліктер 
айқындалады:  оның  кіріктірілген  сипаты;  тұлғаның  құндылықты  - 
мағыналық  сиапатымен  қатынаста  тәжірибелік-бағдарлық  бағыттылық 
[24]. 
Жалпы  және  жеке  бөлінулер  үшін  «құзырет»,  «құзыреттілік» 
түсінігінің синонимдік қолданылуын ажырататын боламыз: 
«Құзыр»  -  белгілі  бір  пән  мен  үдеріс  аясына  және  оларға  сапалы, 
өнімді  іс-әрекеттер  үшін  қажеттілікке  қатынас  бойынша  қойылатын 
тұлғаның 
өзара 
байланысты 
(білім, 
білік, 
дағдылар, 
қабілеттер)сапаларының жиынтығын қамтиды. 
Құзыреттілік  –  адамның  іс-әрекет  пәні  мен  оған  тұлғалық 
қатынасын қамтитын тиісті құзырларды меңгеруі, иеленуі [25]. 
Қазіргі  таңда  ғылыми  әдебиеттерде  «құзырет»,  «құзыреттілік», 
«құзырлық тұғыр» ұғымдарының түсіндірмелері өте көп. 
Кейбір  зерттеушілер  грекше  «atere»  «тұлғаның  өзіндік  өзгешелігін 
ерекшелеуге  дейін  дамып,  жетілген  күш»  мағынасын  беретін  адам 
күйінің  мүмкіндіктерін  зерттеген  Аристотельді  құзыреттілік  тұғырдың 
негізін қалаушы деп жорамалдайды [26]. 
Н.Н.  Нечаев  құзыреттілік    ұғымына  «өз  кәсібін  толық  білу  
орындалатын  жұмыстар,  күрделі  қарым-қатынастар,  құбылыстар  мен 
үрдістер,  қойылған  мақсаттарға  жету  жолдары  мен  құралдары»  деп 
анықтама берді 
[27]
.
 


12 
 
Ғылыми-академиялық  қоғамдастықтың  өкілдері  «құзырет»  – 
тұлғаның іс-әрекетті сапалы орындауда көрініс беретін дайындығы мен 
жақсы мағлұматтылығының пәндік саласы, ал, «құзыреттілік»  – белгілі 
бір  салада  іс-әрекетті  орындауға  деген  түлектің  дайындық  нәтижесі 
ретінде көрінетін тұлға сапасының кіріктірілген сипаты деп түсіндіреді. 
Басқаша  айтқанда,  құзырет  –  бұл  білім,  ал,  құзыреттілік  –  білік  (іс-
әрекет).  «Біліктілік»  терминінен  ерекшелікте  құзырет  біліктілікті 
сипаттайтын  бастамашылық,  ынтымақтастық,  серіктестік,  ұжыммен 
жұмыс  жасауға  қабілеттілік,  коммуникативтік  қабілеттер,  оқуға, 
бағалауға қисынды ойлауға, ақпаратты сұрыптау мен пайдалану секілді 
сапаларды сипаттайтын кәсіби білім мен білік өзгелерді қамтиды.  
Мәлімделген  зерттеулер  аясындағы  ЖОО  білім  алушыларының 
кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру  үдерісі  мәселелерін  шешу 
бағыттарын  анықтау  барысында  бізге  алдыңғы  орында  «кәсіби 
құзыреттілік» және «кәсіби  құзыреттер» анықтамаларына семантикалық 
талдау жүргізу қажет болды. 
«Кәсіби  құзыреттер»,  «кәсіби  құзыреттілік»  түсініктері  әртүрлі 
ғылымдардың зерттеу нысаны болып табылады. Сонымен, философияда 
кәсіп  арқылы  оның  көзқарастары,  қызығушылықтары  мен  пікірлері 
қалыптасады  дегенге  сүйене  отырып,  кәсіби  құзыреттер  «тұрмысқа 
бейімделу құралы ретінде» қарастырылған. Осылайша, Д.Л.Томпсон мен 
Д.Пристлидің  зерттеулеріндегі  «кәсіби  құзыреттер»  моральдық 
стандарттарды  меңгере  отырып,  кәсіби  Кодекске  сүйене,  жүйеліліктің 
жоғары деңгейімен ерекшеленетін білімдер жинағы ретінде анықталған 
[28]. 
«Құзыреттілік»,  «құзырет»,  сонымен  қатар  туынды  «құзыретті» 
терминдері  әдебиеттер  мен  тұрмыста  бұл  терминнің  білім  беру 
стандарттарында  қолданылуына  дейін  пайдаланылғаны  белгілі.  ХХ 
ғасырдың  энциклопедиялық  басылымдарда  «құзыреттілік»  түсінігі 
былайша  түсіндіріледі.  1.  Мансапты  тұлғаның,  нақты  органның 
өкілеттілігі шеңберінде заңмен анықталған; 2. Белгілі бір саладағы білім 
және тәжірибе [29]. 
«Құзыреттілік»  (лат.  competens  –  тиісті,  қабілетті)    кәсіптік  білім 
беру  сөздігінде  айқындалған  әлеуметтік-кәсіби  ахуалды  орындалатын 
тапсырмалар  мен  шешілуі  тиіс  мәселелердің  шынайы  күрделілік 
деңгейіне білім,  білік пен  тәжірибенің сәйкес  келуінің мөлшері ретінде 
түсіндіріледі.  Ол  «біліктілік»  терминінен  ерекшелікте  басқа  да  кәсіби 
тапсырмаларды  (бастамашылық,  ынтымақтастық,  коммуникативтік 
қабілеттер,  оқу  білігі,  ақпараттармен  жұмыс  жасау,  т.б.)  сапалы 
орындауға  ықпал  ететін  тұлғаның  кәсіби  білімі  мен  біліктерінен  де 
қамтиды [30]. 
Маманның,  кәсіпқойдың  сапасын  өлшеу  категориясы  ретіндегі 
«құзырет»,  «құзыреттілік»  категорияларын  қалыптастыру  өз  бастауын 
педагогикадан  емес,  экономика  мен  бизнес   саласынан   алатындығын 


13 
 
айтып өткен орынды. 
Психологияда  ғылыми  тұғыр  ретіндегі  «құзыреттілік»  терминінің 
пайда  болуы  1973  жылмен  және  Дэвид  Мак-Келлантың  «Testing  Lot 
Competence  Rather  Than  Intelligence»  мақаласының  жарыққа  шығуымен 
байланыстырылады  [31].  Автор  бұл  мақаласында  терминдердің 
қолданылуымен  үздік  жұмыскер  мен  ортанқол  жұмыскердің 
айырмашылығын анықтаған.Өз еңбегінде Дэвид Мак-Келеланд бірнеше 
дипломдары  мен  курстар  бітіргендігі  туралы  сертификаттарға  ие 
адамдардың әрқашан да барлығының өзіндік кәсіби міндеттерін сапалы 
орындайтын  қызметкерлер  болаалмайтындықтарын  анықтап,  дәлелдеп 
берді.Зерттеушілер  жұмыскердің  «құзырет»  түсінігімен  жұмыстың 
тиімділігін байланыстырады. 
Уэдерхед  Ричард  Бояцис  үш  құрамдасты  есепке  алу  барысында 
мүмкін  болатын  өз  жұмысының  міндеттерін  ұтымды  орындауды 
жұмыскердің нақты нәтижеге қол жеткізуі ретінде анықтады: құзырлар, 
жұмыстың өзіндік функционалды  талаптары,  ұйымдастырушы  ортаның 
талаптары Сонымен Р.Бояцис табиғи: (тұлғаның негізгі сапалары); жүре 
пайда болған: (жүре пайда болған құзыретті білім, білік оқу мен жұмыс 
барысында  меңгерілген);  бейімделген  (маманға  нақты  тапсырмаларды 
шешуге  мүмкіндік  беретін  қасиеттер  мен  сапалар  жиынтығы)    деп 
аталатын  үш  компонентті  көрсетіп,  құзыреттердің  құрылысы  туралы 
алғаш рет сөз етті.  
Бізді  бірінші  кезекте  педагогика  мен  психологияда  қабылданған 
«кәсіби  құзыреттілік»  ұғымының  түсіндірілуі  қызықтырады.  Сонымен, 
көптеген  зерттеушілер  бакалаврдың  кәсіби  құзыреттілігін  анықтауда 
кәсіби  құзыреттілікті  қалыптастыру  үдерісінде  тұлғаның  құндылықты  - 
мотивациялық  тұсын анықтайтын негізгі сәтті психолог Джон Равеннің 
тұжырымдамасын  пайдаланады.  Кәсіби  құзыреттілікті  қалыптастыру 
үдерісі  тіршілік  ету  ортасына  тікелей  тәуелді  екендігін белгілеп  кеткен 
болатын [32]. «Тіршілік ету ортасы» түсінігімен   (бұл жағдайда):отбасы, 
бала  бақша,  мектеп,  жоғары  оқу  орыны,  жұмыс  ұжымы,микроәлеумет  
(достар, таныстар және тағы басқа).Құзыреттілік адамның биологиялық 
тұқым қуалаушылығы, қабілеттері түрінде оның «ішінде» пайда болып, 
объективті 
жағдайларға 
тәуелділікте 
қалыптастады.Бұл 
тектес 
көзқарастар  тұлғалық  тұғыр  деп  аталатын  америкалық  мектептердегі 
еңбек психологиясы өкілдерінің ұстанымдарына сәйкес келеді. 
Құзыреттілікті  сипаттау  барысында  америкалық  мамандар  тиімді, 
табысты  іс-әрекет  үшін  қажет  тұлға  сипатын  ашатын  мінез-құлықтық 
аспектіде  кәсіби  құзыретті  түсіндіруге  мүмкіндік  беретін  КSAO 
аббревиатурасын пайдаланды: білім (knowledge), білік (skills), қабілеттер 
(abilities) және басқа сипаттар (other). 
Мысалы,  америкалық  зерттеушілер  E.Stewich  [33]  пен  S.M.Merill 
[34]түлектің  келесідей:  дербестік,  қабілеттерді  дамыту,  өзін-өзі 
дамытуға  ұмтылушылық,  тәртіптілік,  коммуникативтік  тұлғалық  - 


14 
 
психологиялық  сапаларын  қамтитиын  құрамда  «құзыретті  жұмыскер» 
моделін  ұсынды.Бұдан  басқа,  бірқатар  зерттеушілер  бастамашылықтың 
жоғары деңгейін ұйымдастырушылық қабілеттер, адамдарды  қойылған 
мақсаттарды  жүзеге  асыруға  біріктіруші  және  бағдарлаушы,  сондай-ақ 
өз  іс-әрекетінің  әлеуметтік  салдарын  бағалауға  және  талдауға 
дайындықты  қамтитын  «жоғары  құзыреттілік»  категориясы  ретінде 
ұсынады [34]. 
Британдық  мектептердің  еңбек  психологиясы  өкілдері  кәсіби 
құзыреттілікті  «жұмыстың  стандартты  орындалуларымен  сәйкестікте 
әрекет  етуге  қабілеттілік»  ретінде  түсіндіру  бойынша  функционалдық 
тұғыр  жақтастары  болып  табылады.Бұл  тұғырдың  негізіне  қойылған 
тапсырмалар  мен  күтілетін  нәтижелер  жатқызылатын  іс-әрекет 
стандарттарына бағытталу назарға алынады. 
Т.С.  Исаева,  А.Н.Рубаниктердің  зерттеулерінде,  Еуропа  елдерінде 
құзыреттілік  тұғырдың  әдіснамалық  ұстанымдары  талданған.Сонымен, 
Францияда  құзыреттерді  анықтаутұғырлары  АҚШ  пен  Британияға 
қарағанда кешірек зерттелді, осы себепті ол неғұрлым жан-жақты және 
көпқырлы болып табылады. 
Құзыреттілікті,  осыған  сәйкес  тұғырды  сипаттау  үшін  білімді 
(savoir и connaissance), тәжірибені (savoirfaire или savoiragir) және мінез-
құлықтық  сипаттамаларды  белгіледі  (savoireˆtreorlafaculte´  des’adapter). 
1996 жылы неміс білім беру жүйесінде тұлғалық-бағдарламалық сипатқа 
ие  және  іс-әрекет  «құзыреті»  атауын  алған  тұғыр  қабылданды.Тұғыр 
тұлғалық  (Farsonall  competenz)  және  әлеуметтік  (sozia  kompetenz) 
құзырлықта  пәндік  (Fachkompetenz)  және  кәсіби  (Handlungs  kompetenz) 
теңдіктe  назар  аударумен  ерекшеленеді.Бұнда  «білімді  үздіксіз 
жаңартудың тиімді технологияларын меңгеруді қамтамасыз ететін мета 
құзыреттіліктер сапасында жалпы оқу құзыреттілігі белгіленді [35]. 
Өз  кезегінде  бұндай  жүйе  жоғарыда  көрсетілген  құзыреттіліктерді 
пайдаланатын,  жалпы  формаға  ие  Германиядағы  350  кәсіптік  саланы 
жасап шығаруға мүмкіндік берді. 
А.Стуф, 
Р.Л.Мартенс, 
Дж.Дж.Ван 
Мерленбоерлердің 
көзқарастарына  сәйкес,құзыреттілік  тұғырды  дамытудағы  маңызды 
құбылыс 
сындарлы 
тұғырды 
(constuctivistapproach) 
қабылдау 
болaды[36].  Бұл  тұғыр  құзыреттің  мінсіз  түсіндірілуін  өзара 
толықтыратын  бірнеше  анықтамаларды  қолдану  жолымен  табуды 
ұсынды, яғни  сындарлы тұғыр нақты бір құзыретті сипаттауда өмірлік 
анықталған  жағдаяттарға  шоғырлануды  (топтау)  ұсынады.Соның 
арқасында  құзырлардың  тез  ауысуымен  «күресуге»  болатын  еңбек 
шарттары 
мен 
технологиялардың 
биік 
қарқында 
өзгеруінің 
шарттасуымен  қалыптасуы  мүмкін  болатын  «бұл  құзырлардың 
белгіленуі  үшін  жағдаяттармен  әлсіз  сәйкесетін,  жағдаяттарда 
меңгерілген  құзыреттерді  пайдалану»  [36]  деп  анықталатын  «алыс 
трансфер» (fartransfer) түсінігі енгізіледі.  


15 
 
«Сындарлы  көру»  таныс  емес  жағдаяттардағы  жаңа  міндеттердің 
шешімін  табу  үшін  өз  бойларындағы  білім,  білік,  құзыреттерді 
қолдануға көмектеседі [36]. 
Поляк  ғалымы  В.П.Тарантейдің  пікірінше,  құзырет-  бұл 
қызметкердің  жұмыс  орынындағы  өкілеттілігі,  міндеттері  мен 
жауапкершілігі [37]. 
Сонымен қатар Отандық педагогикада да кәсіби құзыреттіліктің бір 
мәнді анықтамасы әлі де болса жоқ. 
Кәсіби  құзыреттілікпен  байланысты  заманауи  аспектілер  мен 
зерттеулер  келесідей  жұмыстарда  көрініс  тапқан:  жоғары  білім  беру 
жүйесінде  мамандардың  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру  - 
Б.Т.Кенжебеков  [38];  болашақ  кәсіптік  оқыту  педагогтарының  кәсіби 
құзыреттілігін қалыптастыру- Н.Р.Шаметов [39]; болашақ мұғалімдердің 
әлеуметтік  құзыреттілігі  –  Г.Ж.Менлибекова  [40];  жоғары  оқу 
орындарындағы 
болашақ 
педагогтардың 
кәсіби 
құзыреттілігін 
қалыптастырудың  педагогикалық  шарттары  -  К.С.Құдайбергенова  [41]; 
ҚР  ІІМ  оқу  мекемелері  тыңдаушыларының  кәсіби  –  ақпараттық 
құзыреттілігін қалыптастыру - Е.А.Лабынцева [42] және т.б. 
Бұндай  бейнеде  құзыреттілік  мазмұнын  екі  тәсілмен  толық  ашуға 
болады: 
- мазмұны құрылымдық мазмұндық мәнге ие болу тиіс білім, білік, 
дағды  және  тәжірибе  т.б.  жиынтығы  түріндегі  сәйкес  құзыреттерді 
арқылы (бұндай бейнеде біз кәсіби құзыреттілікті ұсынамыз) 
-әлеуметтік  құзыреттілікті  сипаттағандығымыздай,  «құзыреттілік» 
терминін пайдаланбастан, тиісті білім, білік, қабілет және т.б. бейнелеу 
арқылы тікелей. 
Қазіргі 
таңда 
«құзыреттер 
мен 
кәсіби 
құзыреттіліктер»түсініктерінің  мән-маңызын  ашатын  анықтамалар 
жеткілікті  жинақталды.Бірқатар  авторлар  құзыретті  адамның  неге 
қабілетті  екендігі  тұрғысынан  сипаттама  берсе  (яғни  құзыреттілікті 
қалыптастыру 
нәтижесінің 
ұстанымдарымен), 
келесілері 
оның 
құрылымын баяндайды. Құзыреттілік құрылымы біркелкі пікір (әсіресе, 
кәсіби құзыреттілік) сонымен қатар білім, білік, дағдылардың жиынтығы 
ретіндегі 
анықтамалардан 
«кәсібилік» 
түсінігімен 
тәжірибелік 
синонимділікке  дейін  бөлінеді.  Қандай  да  бір  пікірдің  бір  мағыналы 
туралығы  болмағандықтан,  барлық  көзқарастарды  да  теңқұқылы  деп 
санауға  болады  және  біздің  зерттеулерміздің  идеяларына  басым 
дәрежеде  сәйкес  келетін  сол  секілді  тәсілдемелерге  толықтай  сүйене 
аламыз,сонымен  бірге  барлық  анықтамалар  «ұтымды  дәнді»  алынған 
идея 
авторлары 
қарсылық 
танытпайды, 
керісінше, 
бірін-бірі 
толықтырады, 
оларды 
бастапқыда 
нарықтық-экономикалық, 
психологиялық,  педагогикалық  және  т.б.  секілді  түрлі  ұстанымдарға 
қояды.  


16 
 
Біз  өз  зерттерулеріміз  үшін  анағұрлым  қызығушылық  тудырған 
анықтамаларды  бірнеше топтарға біріктірдік: 
1)сипаттаушы 
құзыреттіліктерді 
оның 
«ішкі» 
көрінісіарқылыанықтау: 
құзыреттілік 
– 
бұл 
адамдардың 
оқу 
жағдаяттары мен оқиғаларының шеңберінен тыс әрекет ету қабілеті [30] 
немесе  бұл  білім,  білік,  дағдылары  бастапқыда  қалыптастырылған 
жағдайдан  тыс  білім,  білік,  дағдыларды  тасымалдауға  қабілеттілік 
[43],білікті, 
дәйекті 
пайымдауларды 
түйіндеуге, 
мәселелілік 
жағдаяттарда  адекватты  шешім  қабылдауға,  нәтижесінде  қойылған 
мақсатқа жетуге қабілеттілік [44]. 
Бұл анықтама құзыреттіліктің құрылымына ойлаудың айқындалған 
сипаттарын қамту қажеттілігін шарттайды, әсіресе, соның ішіндегі жаңа 
салаларда  оларды  пайдалануға,  білім  мен  білікті  экстраполияциялау 
қабілеттілігі,  өз  бетінше  шешімі  қабылдау,  мәселені  шешуге 
қабілеттілік. 
2)  Құзыреттіліктің  құрылымдық  компонеттерін  анықтауға  болатын 
анықтама: іс-әрекеттерді орындауда үнемі аса қажет болатын таным мен 
қарым-қатынас  (мінез  бейнесі),  дайындық,  түрлі  қабілеттерді  қамтитын 
құзыреттіліктерді  меңгеру  [45],  белгілі  бір  еңбек  функцияларын 
орындауға  деген  қабілеттілік  пен  біліктің  болуы  [46],  іс-әрекетке 
дайындық  пен  қабілеттілік,  сонымен  қатар  бірқатар  тұлғалық  сапалар 
[47]. 
3)  Құзыреттіліктің  құрылымында  авторлық  көзқарастардың    айқын 
көрінуіндегі анықтамалар (әсіресе, кәсіби құзыреттілікке қатысты): 
-  Г.М.Коджаспирова  кәсіби  құзыреттілікті  кәсіби  қызметті,  қарым-
қатынас пен маман тұлғасын – белгілі бір құндылықтарды, идеалдарды, 
сананы  тасымалдаушыны  қалыптастыру  негізін  қалайтын  білім,  білік, 
дағдылардың  қажетті  жиынтығын  маманның  меңгеруі  ретінде  
сипаттайды [48]. 
-  Л.М.Митина  құзыреттілікті  іс-әрекеттердегі,  қызметтегі,  қарым-
қатынас  пен  тұлғаның  дамуын  жүзеге  асыру  әдістері  мен  тәсілдерін, 
білім  білік,  дағдылардың  жиынтығы  ретінде  анықтай  келе,  құзыретті 
басшының  өзіндік  әрекетінің  нақты  тәсілдерінің  болуы  мүмкін 
салдарларының  пайда  болуын  алдын  ала  білуі  қажет,жетекшілік  етудің 
түрлі әдістерін тәжірибелік қолдануда тәжірибесі болуы керек [49]. 
-  Е.П.Тонгоногая  басшының  кәсіби  құзыреттілігін  анықтай  келе, 
оны  тұлғаның  кіріктіріліген  сапасы,  білімнің,  біліктің  және  дағдының, 
тәжірибенің қорытындысы деп атайды [50]. 
-  Кәсіби  құзыреттілік  құрылымын  анықтауға  бұл  сапаны  тұлғаның 
құрылымдық  терминдерінде  психологиялық  тұғыр  қағидатымен 
сипаттауға  болады.  Әсіресе,  Е.В.Бондарева  келесідей  компоненттерді 
ашып көрсетеді: 

функционалдық:  ЖОО-да  меңгерілген  білімдер  жүйесі 
(гуманитарлық,  жаратылыстану–ғылыми,  жалпы  кәсіби,  арнаулы  және 


17 
 
арнайыландырылған  пәндер)  оның  тереңдігімен,  көлемдігімен,  ойлау 
стилімен,  этика  нормаларымен,  әлеуметтік  функцияларының  есебімен-
маманның шығармашылық қызметі дағдысы. 
-  мотивациялық:кәсіби  қызметтегі  мотивтерді,  мақсаттар  мен 
қажеттіліктерді, құнды нұсқауларды өзектендіруді қамтиды. 
-  рефлексивті:өз  іс-әрекеттерінің  нәтижелерін  болжалдау,  өзін-өзі 
бақылау, өзіне-өзі талдау жасау кешенін қамтиды: 
-  коммуникативтік:  тұлғалық  қарым-қатынастарды  жақсарту 
қабілеттерін,  ойды  құрылымдау,  ақпаратты  түсінікті  баяндау,  жеткізу, 
кәсіби өзара әрекеттестікті жүзеге асыруды қамтамасыз етеді [51]. 
Сонымен,  біз  құзыреттілік  дегенде  оларға  қажетті  қатынастар 
бойынша сапалы және өнімді әсер ететін белгілі бір пән мен үдерістерге 
қарым-қатынаста  қойылатын  тұлғаның  өзара  байланысты  сапаларының 
жиынтығын  түсінеміз  (іс-әрекеттерді  орындаудағы  білім,  білік, 
дағдылар,  қабілеттер,    өнімді  әрекет  етуді,    оңтайлы  шешімдерді 
қабылдау  қабілеттілігін    қамтамасыз  ететін  білім,  білік,  ойлау  түрлерін 
іс-әрекетте қолдана білу тәжірибесі)  [52,53,54,55 және т.б.]. 
Маман  тұлғасының  құзыреттілігі  оныңкәсіби  қызметімен  кәсіби 
қатынасында  көрініс  табады,  демек,  осы  іс-әрекеттер  үдерісінде 
қызметтермен  қарым-қатынастардың  жүзеге  асырылуына  қажетті 
қабілеттерді,  білімді,  біліктермен  дағдыларды  қамтиды.Көрсетілген 
көрсеткіштерді  нақты  таңдау  кәсіби  әрекетпен,  оның  мазмұнымен 
анықталады. 
1.1–кестеде  шетел  және  ресей  ғалымдары  қалыптастырған 
құзыреттер мен құзыреттілік  анықтамалары көрсетілген. 
1.1–кесте . Құзырет пен құзыреттілік анықтамаларының шетел және 
ресей ғалымдарының пайымдаулары. 
1.1–кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет