4 .Қан тамырларының қызметін реттеу. Қан тамырлары (лат.vasa sanguinea) — адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер. Қан тамырлары:
қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға — артерияларға,
қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға — веналарға және
оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша — артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша — венула) бөлінеді.
Артериялар мен вена тамырлары қанды тасымалдаушы тамырларға жатады. Олардың қабырғасы қалың. Түтікше мүше ретінде артериялар мен веналардың қабырғалары үш қабықтан құралған: ішкі -интима, ортаңғы — медиа, сыртқы -адвентиция. Микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен оны қоршаған ұлпалар арасында зат алмасу процесі жүреді. Қан тамырла- рының ішкі бетіэндотелийменастарланған. Вена тамырлары интимасында жүрекке қарай ғана ашылатын қақпақшалар (клапандар) болады.
СРСП: