Тапсырмалар 1.Қан жүйесінің маңызы. Бір торшалы қарапайым организмдер сыртқы
ортадан өзіне қажетті заттарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал адам мен жоғары сатыдағы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды, ал торшалары сыртқы ортамен тікелей жанаспайды, арнаулы ішкі ортамен қоршалады. Ішкі ортаға қан, торша аралық (ұлпалық) сұйық және лимфа (сөл) жатады. Торша өзіне қажетті заттарды осы ортадан сіңіріп, қажетсіз заттарды сол ортаға бөледі.
Бірақ қан тамырлардан шықпайды да, торшалармен тікелей жанаспайды. Организм торшалары кан құрамынан пайда болатын торша аралық сұйықпен ғана жанасады, сол себепті қанды шартты түрде ғана организмнің ішкі ортасы, ал лимфа мен ұлпа аралық сұйықты шын мәнісіндегі ішкі орта деп санайды.
Қан, оның атқаратын қызметтері
Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа. Ол ұлпалық сұйық, лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасьн құрайды, денеде көп қырлы қызмет атқарады, солардың арасында бастылары:
тасымалдаушы қызмет - қан торшаларға қорек жеткізіп, олардан алып шыққан алмасу өнімдерін бөлу мүшелеріне (бүйрек, тер бездері, өкпе т.б.) тасымалдайды.
Қанмен денеге гормондар таральп, үлпаларға оттегі жеткізіледі, торшаларда н көмір қышқыл алынып кетіледі; - Қорғаныстық қызмет.
Қанның ақ түйіршіктері фагоциттік белсенділік көрсетеді (торшалық иммун итет) және лимфоциттер бөлген антиденелер бөгде заттарды жойып отырад ы (гуморальды иммунитет);
жылу реттеуші қызмет.
Толассыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі тара луына мүмкіндік береді.
Қанның жәрдемімен жылудың артық мелшері тері арқылы сыртқы ортаға б өлінеді;
-байланыстырушы (коррелятивтік) қызмет.
Әр түрлі мүшелер мен торшалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі с екреция бездері бөлген гормондарды тасымалдап, қан организм торшаларын, үлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады.
Қан әр түрлі торшалар жиынтығы болып табылады. Ол сүйық зат -
плазмадан және қан түйіршіктерінен (торшаларынан): қызыл түйіршіктерден
(эритроциттерден), ақ түйіршіктерден (лейкоциттерден) және қан табақшаларынан (тромбоциттерден) тұрады.