2.Қанның құрамы мен қасиеттері. Резус-фактор.
Қанның атқаратын қызметтері:
- тасымалдау - жасушалар мен ұлпаларға қоректік заттар мен оттегін жеткізіп, ал олардан зат алмасудан пайда болған қосылыстарды, көмір қышқыл газын өкпеге жеткізу.
- қорғаныштық қызметі - қанда лейкоциттер әрекетінің арқасында антитоксиндер, антиденелер пайда болып, олар фагоцитоз қызметін атқарады.
- қан тамырлар арқылы үнемі жүріп тұрғандықтан, ағзадағы пайда болған жылуды біркелкі таратады.
- коррелятивтік - қан арқылы ағзадағы жасушалар, ұлпалар мен мүшелер байланысады.
Қан- плазма мен формалы элементтерден тұрады
Адам ағзасында 4,5-5 литр қан бар. Ол ағзаның 7%-ын құрайды
Плазманың құрамы: 90-91% -су; 7-8%- нәруыз; 2%- басқа заттар
(электролиттер, глюкоза, мочевина)
-Су қан плазмасы мен лимфаның негізгі бөлігі; жасушаның тіршілік әрекетіне қажет; қан қысымы мен қан көлемін сақтауға қатысады; ағзаның сұйық ортасын қамтамасыз етеді.
-Плазманың электролитті құрамы: катиондар К+ ,Са+ , Мg2+ ,
Na+ Аниондар Cl- , HCO3- , HPO42- , SO4 . Электролиттер қанның осмостық қысымын реттейді, буферлі ортаның құрамды бөлігі, қанның рН-ның тұрақтылығын ұстайды (қанның рН-7,35 - 7,45) Плазма нәруыздары:
құрылымдық (амин қышқылдарының қоры бар);
Тасымалдаушы;
Қорғаныш (имунитетті қамтамасыз етеді, қан ұюына қатысады);
Қан плазмасының жабысқақтығын (вязкость) қамтамасыз етеді. Бұл артериялық қысымды ұстап тұрады, қан мен ұлпа сұйықтығы арасындағы сұйықтықтардың алмасуын анықтайтын онкотикалық қысымды қамтамасыз етеді.
Альбуминдер- 60%- қан арқылы таралатын көптеген заттардың тасымалдаушысы.
Глобулиндер:
глюкозаның қандағы айналымына қатысады. Тироксин гормонын, липидтер мен майда еритін витаминдерді (А, Д, Е, К), темір мен холестеролды, күрделі көмірсулар тасымалдайды.
Қорғаныш қызметін атқарады.
Фибриноген- қанның еритін нәруызы. Ерімейтін нәруыз фибринге айналып қанның ұюына қатысады.
Резус-фактор[1] (rhesus) —адамдарменмакака-резусмаймылының (аталуы осыған байланысты)эритроциттерініңқұрамында болатынантиген. Резусфакторды 1940 ж. австриялық иммунологК.Ландштейнер(1868 — 1943) мен америкалық ғалымА.Винер(1907 — 78) ашты. Адамдардың 85%ндаэритроцитқұрамында оң Резус-фактор, ал 15%-нда теріс Резус-фактор.
болады. Резус-фактор жүйесінде бірнеше әр түрлі антигендер, сондайақ Hr тобы болады. Осы топ пенрезус(Rh) қосылып, ортақ жүйе Rh — Hr құрады. Rh-тің құрамында Д, С, Е, ал Hr-те д, с, еагглютиногенібар. Hr агглютиногені адамдардың 83%-нда эритроцит құрамында кездеседі. Резус-фактор тұқым қуалайды және өмір бойына өзгермейді. Қан құйғанда қан топтары сияқты Резус-фактор да қатаң есепке алынады, себебі, бұл кезде Rh — Hr агглютиногендер жүйесінде арнайыантиденетүзіледі; организмге антигенді қайталап құйғанда, “антиген — антидене” реакциясы пайда болуы мүмкін, ал бұл организмнің қалыпты қызметін бұзады. Мыс., қанының Rh-ы оң реципиентке теріс Rh-ы бар қан құйылса,гемотрансфуз. реакция (адамның денесі қалтырайды, температурасы көтеріледі, белі ауырады) жүреді. Ал жүктілік жағдайында, ананың Rh-ы теріс болып, құрсақтағы нәрестенің Rh-ы оң болса, иммундық өзгеріс болуы мүмкін. Бұл құрсақтағы нәрестенің өліміне әкеліп, әйел түсік тастайды, мұны Rh-конфликт деп атайды. Егер мұндай жағдайда әйел аманесен босанса да, кейін жаңа туған сәби тұқым қуалайтын қан ауруына шалдығады. Жүкті әйелдерде Rh-конфликт болмау үшін оларға антирезусгамма-глобулин егіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |