Күз-берекенің бастауы.
Табиғатта жылдың төрт мезгілін өз орнын бір-біріне беріп, ауысып тұратыны баршаға белгілі. Өз басым
табиғаттың бұл құбылысына таң қаламын. Әр мезгілдің өз сөлулығы қасиеті, ерекешелігі болатынын да заңды емес пе?
Көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атса, жаз
Айналаға жасыл кілем төсеп, қарныңды жеміске тойғызады.
Күз алтын сияқты түрленіп, берекенің, молшылықтың бастауы болса, қыс ақтықтың бейнесі болып, мамықтай жұмсақ қарымен көріктенеді.
Әр мезгілдің өз көркі бар, құдыреті бар
Әр қайсысын бейнеті бар, суреті бар.
Көрікті көктем таласатын жазғытұрым,
Қоңыр күзден асып өткен аяз қысым-
Ауысып тұрған жыл мезгілдеріне қарап отырып оны адам өмірі мен теңеуге болады. Көктем сәби
Мен жас кезің болса, жаз орта жасыңды білдіреді. Күз өніп-өскен бала- шағалы кезің болса қыс қартайған кезіңді білдіреді. Соның ішінде ең гүлденген бала-шағалы болып, аянбай еңбек еткен кезің бәріненде қызық, меніңше. Бұл - күз мезгілі. Сол үшін де мен күз мезгілін ұнатамын.
Сұңқылдап, азды әуенді тауып түрлі,
Қоштасып, көкте аққулар сауық құрды.
Қанаттан ұшып түскен мамықтай боп,
Төбемнен жапырақтар жауып тұрды.
Маған орны бөлек, жаныма жақын болған, төбемнен жапырақтары жауып тұрған күз мезгілінің әр сәтін мен қызығып,
Қызықты етіп қарсы аламын.
Өйткені күздің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбеті ерекшелігі бар. Сары жапырақ, қоңыр салқын ауа-райы, қара суық жер күзге тән қасиет.
Күзде күн суытып, барлық жан-жануарлар қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады, құстар жылы жаққа ұшады.
Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Жер беті сарғайған жапырақтады жамылып, алтын түске боялатын мезгілді << Алтын күз>> деп атамайды.
Сап-сары күз сонымен келді ме,
Ағаштардан жапырақтар төгілді.
Несібесін жинап жатыр ел міне,
Ауыл маңы бұрынғыдан көңілді.
Алтын күздің бр байлығы-бау-бақшамызда пісіп жетілген көкөністер мен жемістер,егіннің иіліп тұрған бастары,
малдың,қойдың, құстың әбден семірген кезі. Дастарқандар
молшлыққа толы кезеңде осы күз мезгілінде.
Күзде күн қысқарып,түн ұзарады. Аспаннан бұлттар қаптап,сіркіреп жаңбыр жауып та қояды. Күн серек көрініп,
Аз жылытады. Қоймасын астыққа толтырған диқаншы,
Қыс астығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан да бұл мезгіл молшылыұтың, байлықтың, берекенің мезгілі боп табылады.