Табиғи газдарды, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау тақырыбына қысқаша шолу



бет10/23
Дата21.09.2022
өлшемі4,12 Mb.
#150249
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
каз ДӘРІСТЕР 1-15
15a2d939-3824-4627-93ed-5a678f50bf36 (2), ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, Кунделик Апилова, 2 лекц, бух есеп, 4 Дәріс кешені, УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ КАДАСТРОВАЯ ОЦЕНКА И ЗОНИРОВАНИЕ ЗЕМЕЛЬ (1), лекция 1, Силабус, ИС 342 силабус, Спутниктік байланыс және навигация жүйелері, Практикум по гидравлике, Шаршеналиев диплом, Дип.-Арысқұм-мұнай-кенінің-бұрғылау-қондырғысының-жаңартылған-қосалқы-элементтерін-электр-энерги
Qк.ч=Qчпц. (95)
Компрессор тұтынатын қуат төмендегдей табылады:
N= рвпц Ni+пц12,5. (96)
Мұндағы 12,5 кВт – бір компрессор цилиндрінде кедергіде жоғалатын қуат. 10ГК түрлі газ компрессоры айналу жиілігін 250-315 айн/мин аумағында өзгерте алады. Номиналды пн = 300 айн/мин жиіліктен басқа п айналу жиіліктеріндегі компрессордың жұмыс тәртібі жоғарыда аталған жүктемелік қисықтар арқылы есептеледі. Бірақ беріліс пен меншікті индикаторлық қуатты есептегенде айналу жиілігінің түзетуі ескеріледі, яғни Qк.и және Ni мәндерін п/300 шамасына көбейту керек.
Айдағыштардың барлық түрінде де нақты газды сығу үрдісінде оның температурасы артады. Температураның арту мөлшерін политропты (адиабатты) сығу формуласы көмегімен есептеуге болады:
. (96)
мұндағы m - политропа (адиабата) көрсеткіші, табиғи газдар үшін ол көрсеткіш 1,25-1,4 аралығында жатады, орташа m=1,32; «в» және «н» индекстері айдағыштың кіретін және айдайтын құбырларына сәйкес келеді.
Магистралды газ құбыры мен компрессор стансаларының жұмыс тәртіптері өзара байланысты: құбырдағы газ шығыны КС берілісіне тең, ал айдау қысымы аралық басындағы қысымға, келесі КС кірісіндегі қысым аралық соңындағы қысымға тең болады. Сондықтан КС жұмыс тәртібінің кез-келген өзгерісі құбырдың жұмыс тәртібін өзгертеді, және керісінше. Сондықтан газ құбырының өткізу қабілетін тек шығын формуласымен, немесе айдағыш сипаттамасымен табу мүмкін емес.
Құбырөткізгіш пен КС-ы біртұтас қарастырылуы керек, технологиялық есептеуде газ құбыры мен құбырөткізгіштің жұмыс тәртіптері келісілген түрде болу керек. Мұндай келісілу КС сипаттамасы мен КС аралығының сипаттамасы теңдеулерін жүйесін шешу арқылы анықталу керек. КС сипаттамасының теңдеуі жуықтап төмендегі түрде жазылады:
, (97)
мұндағы рв - сору қысымы (немесе жуық түрде аралықтағы соңғы қысым) және рн - айдау қысымы (немесе жуық түрде аралықтағы бастапқы қысым); ал КС аралықтарындағы газ құбыры сипаттамасының теңдеуін (59)-өрнектен мынандай түрде жазған ыңғайлы: , осыдан
, (98)
Бұл жерде - тұрақты коэффициент; L – аралық ұзындығы.
Екі ғана КС бар қарапайым магистралды газ құбырын қарастырамыз. Газ құбырының жұмыс тәртібін біртұтас газодинамикалық жүйе деп есептей отырып, газ құбырының Q өткізу қабілетін, сол сияқты келесі КС үшін рв сору қысымы мен рн1 айдау қысымын табу керек; газ құбырының бастапқы және соңғы қысымдары белгілі және тұрақты (10-сурет).

Бұл есеп газ құбырындағы екі аралықтың сипаттамасы мен КС сипаттамасынан тұратын үш теңдеулер жүйесін шешумен шығарылады:


,
, (90)
.
(90)-теңдеулер жүйесін шеше отырып, табамыз:
. (91)
Егер екінші КС жұмыс істемесе, (91) - теңдеу газ құбыры бөлігіндегі шығын теңдеуіне айналады, себебі бұл жағдайда а=1, a b=0. (91) – теңдеуден мынандай практикалық маңызды қорытынды шығады: газ құбырының басы мен аяғындағы газ қысымдары бірдей болғанда және КС сипаттамасы өзгеріссіз қалса, онда неғұрлым екінші КС газ құбырының басына жақын орналасса, соғұрлым газ құбырының тұтас жүйе ретіндегі өткізу қабілеті көп болады. Бұл жағдайда екінші КС кірісі мен шығысындағы қысымдар да көп бола береді. Екінші КС-ның құбыр басына ығысқан кездегі өткізу қабілетінің көбеюі КС-дағы сығу дәрежесінің көбеюімен (рн1 қысым көбейгендіктен, нәтижесінде газды екінші КС-да сығу кезіндегі көлемдік өнімділіктің азаюы себепті), сол сияқты екі аралықтағы да орташа қысымның көбеюімен байланысты (бұл жағдайда орташа жылдамдық азайып, кедергіге жұмсалатын шығынды азайтады).
п компрессорлық стансасы бар газ құбыры үшін мынандай теңдеулер жүйесін жазуға болады:
, ,
, ...,
, .
Мұндағы рв1 және рн1 – бас КС-дағы сору және айдау қысымдары. Осыдан КС – газ құбыры жүйесіндегі жұмысшы газ шығынын табуға болады. Ол НПС – мұнай құбыры жүйесіндегі жұмыс нүктесі ұғымына ұқсас. Әдетте компрессор стансалары бір-бірінен айырмашылықсыз, ал олардың аралықтары бірдей ұзындықта болады (соңғы аралықтан басқалары, соңғы аралық ұзындығы рк соңғы қысымға тәуелді), яғни a1=a2=…=an, b1=b2=…=bn, c1=c2=…=cn. Сонда КС – газ құбыры жүйесіндегі жұмысшы газ шығыны мынаған тең:
, (92)
мұндағы - КС аралықтарының ұзындығы, - соңғы аралықтың ұзындығы, .
Егер газ құбырының бастапқы нүктесі ретінде бас КС-ң сору коллектрін емес, айдағыш коллекторын алса (қысым рн1 шамасына тең болатын), онда жүйеден бірінші теңдеуді алып тастау керек. Сонда
, (93)
(92) және (93)-теңдеулерді талдау мынаны көрсетеді: а»1 болғандықтан, бастапқы қысымның өткізу қабілетіне тигізетін әсері өте көп те, соңғы қысымның әсері елеусіз. п станса саны көбейген сайын бастапқы қысымның әсері соншама арта түседі. Газөткізгіштің жалпы ұзындығы Lтр болса, онда Lтр=пL+Lп . Сонда L аз болса, соңғы аралық Lп көп болады да, у мәні азайып кетеді және (92) және (93)-теңдеулер бойынша өткізу қабілеті артады екен. Бірақ бұл жағдайда қысымдар өте үлкен болып кетуі мүмкін. Өткізу қабілетінің арту себебі, орташа қысым көп болса, онда жылдамдық аз болады және кедергіге кететін шығын азаяды.
Газ құбырының соңғы пунктіндегі қысым өткізу қабілетіне мүлдем аз әсерін тигізеді; ол кең ауқымда өзгерсе де, одан өткізу қабілеті өзгере қоймайды екен. Станса саны п неғұрлым көп болса, соғұрлым рк шамасының Q өткізу қабілетіне әсері аз; ал станса саны п неғұрлым көп болса, соғұрлым рн шамасының Q өткізу қабілетіне әсері көп бола береді.
Компрессор стансалары бір-бірінен айырмашылықсыз, ал олардың аралықтары бірдей ұзындықта болғанда, кез-келген стансадағы сору және айдау қысымдары аналитикалық жолмен оңай табылады: кез-келген х компрессор станса үшін мынандай өрнек аламыз:
(94)
Осыдан мынандай қызық қортынды шығады: компрессор стансалары бір-бірінен айырмашылықсыз, ал олардың аралықтары бірдей ұзындықта болғанның өзінде, олардағы сору және айдау қысымдары бірдей болмайды екен. Сору және айдау қысымдары барлық стансада бірдей болу тек белгілі бір шығында ғана мүмкін болады:
, (95)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет