Табиғи газдарды, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау тақырыбына қысқаша шолу



бет9/23
Дата21.09.2022
өлшемі4,12 Mb.
#150249
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
каз ДӘРІСТЕР 1-15
15a2d939-3824-4627-93ed-5a678f50bf36 (2), ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, Кунделик Апилова, 2 лекц, бух есеп, 4 Дәріс кешені, УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ КАДАСТРОВАЯ ОЦЕНКА И ЗОНИРОВАНИЕ ЗЕМЕЛЬ (1), лекция 1, Силабус, ИС 342 силабус, Спутниктік байланыс және навигация жүйелері, Практикум по гидравлике, Шаршеналиев диплом, Дип.-Арысқұм-мұнай-кенінің-бұрғылау-қондырғысының-жаңартылған-қосалқы-элементтерін-электр-энерги
Бақылау сұрақтары:

  1. Магистралды газ құбырларының өткізу қабілетін қалай арттырады?

  2. Газөткізгіштің өткізу қабілетін χ есе арттыру үшін қажет болатын лупинг пен орнатылымның ұзындықтары қалай табылады?

  3. Биіктіктердің айырмасын ескерген жағдайдағы газ құбырының коммерциялық тәуліктік (көлемдік) өткізгіштік қабілеті қалай табылады?

ДӘРІС 7. Компрессор стансасының жұмыс тәртібін есептеу. Магистралды газ құбыры мен компрессор стансаларының бірлескен жұмысы


Магистралды газ құбырларын жобалағанда үлкен шығындардың өзінде де (15-20 млрд. м3/жыл) сығу дәрежесі 1,5-1,6 болатын екі сатылы сығылуды жиі қолданады, бірақ бір сатылы сығылу келтірілген шығыны жағынан да, басқадай экономикалық көрсеткіштері жағынан да тиімді. Екі сатылы сығылудың артық жақтары мынада. Сенімділігі жоғары, қор коэфициенті бірдей болғанда көп агрегаттар қорда тұрады. Өнімділікті кең ауқымда реттеуге болады. КС ауданшалары аз. Газодинамикалық сипаттамалары тіктеу болатындықтан КС орнықты жұмыс істейді.
Әрбір айдағыш түрін нақты жағдайдағы тексеру көмегімен сол нақты жағдайларға сәйкес келетін келтірілген сипаттама алынады. 9 - суретте Н-300-1,23 айдағышының 1 – түрлі сипаттамасы берілген (газ құбырларында қолданыс тапқан барлық айдағыштардың сипаттамаларын ВНИИГ арнайы альбом (атлас) түрінде шығарған). Басқа жағдайларда қарастыру үшін төмендегі қатыстар қолданылады:
. (93)
«в» индексі параметрлер сору жағдайында алынғанын көрсетеді (айдағыш кірісінде). КС – ның жұмыс тәртібін есептеу төмендегі кезекпен жасалады. Алдымен (93) көмегімен Qпp сорудағы келтірілген көлемдік шығын мен (п/пн)пр келтірілген салыстырмалы айналу жиілігі есептеледі (пн –номиналды айналу жиілігі).


9-сурет. 1 – түрлі Н-300-1,23 айдағышының сипаттамасы: Тв=288К, Rпр=490,5 Дж/(кг∙К), zпр=0,916 (п/ппр)=0,7-1,1, пн=6150 айн/мин

Есептік Qпp шығын помпажға сәйкес шығыннан кем дегенде 10% - ға артық болу керек (сипаттаманың басы; 9 – суретте помпаж шекарасы 175 м3/мин шығынға сәйкес). Сосын, Qпp және (п/пн)пр мәндері арқылы сәйкес қисықтардан ηпол политропты п. ә. к., (Niв)пр келтірілген ішкі қуат және ε сығылу дәрежесі анықталады. (3) – көмегімен Ni индикаторлы қуат есептеледі. Жетек муфтасындағы қуат Ni индикаторлы қуатқа Nмex механикалық шығынға жұмсалатын қуатты қосу арқылы табылады. Есептеулерде газотурбинді жетек үшін Nмex=100кВт және электр жетек үшін Nмex=150кВт деп алынады.


1 – түрлі сипаттама агрегаттарды рационалды жүктеу үшін қолданылады. Диспетчерлік қызмет үшін 2-түрлі газодинамикалық сипаттама ыңғайлы (8-сурет). Оны (Qк)пр коммерциялық шығын арқылы салады. Мұндай сипаттаманы айдағыштардың нақты қосылысы үшін салады. Электр жетекті ортадан тепкіш айдағыштарға келтірілген газодинамикалық сипаттамаларды қолдануға болады, бірақ (п/пн)пр мәні тек жалғыз ғана болады, себебі газ құбырлары үшін айналу жиілігі реттелетін электродвигателдер шығарылмайды. Электр жетекті айдағыштарды жүктегенде көрсеткіштер газ турбинді жағдайдағыдан нашарлау. Сондықтан 5,5 МПа қысымдағы электродвигателді ГПА үшін негізінен «280» түріндегі айдағыш қолданылады, оның диаметрлері 564, 590, 600 және 620 мм (әрбір диа­метр бірнеше модификацияда жасалады) болатын роторлары бар. Құбыр өнімділігі мен КС кірісіндегі қысымға байланысты диаметрлері мен құрылымдары әртүрлі роторлар қолданылады. Ал 7,5 МПа қысымға электр жетекті 370-18-2 түріндегі айдағыш арналған.
Жоғарғы пайдалану сенімділігі, кең ауқымды жұмыс қысымдарында жұмыс істей алу мүмкіндігі, өнімділігін айналу жиілігімен және «өлі кеңістік» көлемін өзгерту арқылы реттеуге болатындығы поршенді компрессорларды газ тасымалдау және сақтау кешендерінде кең қолдануға жол ашты. 10ГК түрлі газ компрессорлары компрессор цилиндрлерінің түрі мен санына байланысты бірнеше түрде кездеседі, олар сонымен бірге сығу сатысының санын өзгерте алады. Бұлардың өнімділігін соратын клапандардың бір бөлігін ашып тастау арқылы да реттеуге болады. Поршенді компрессорлардың өнімділігі мен білігіндегі қуаты жүктемелік қисықтар арқылы табылады. 10ГК түрлі газ компрессорларының әр түрлері үшін жүктемелік қисықтар анықтамалық әдебиеттерде берілген.
Сығу дәрежесінің берілген мәнінде сору шартындағы бір цилиндрдің Qч көлемдік сағаттық берілісін және Ni индикаторлық қуаттың мешікті шығынын анықтайды. Көлемдік сағаттық беріліс пц жұмыс істеп тұрған цилиндрлер үшін мынаған тең:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет