Табиғи газдарды, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау тақырыбына қысқаша шолу



бет8/23
Дата21.09.2022
өлшемі4,12 Mb.
#150249
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
каз ДӘРІСТЕР 1-15
15a2d939-3824-4627-93ed-5a678f50bf36 (2), ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, Кунделик Апилова, 2 лекц, бух есеп, 4 Дәріс кешені, УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ КАДАСТРОВАЯ ОЦЕНКА И ЗОНИРОВАНИЕ ЗЕМЕЛЬ (1), лекция 1, Силабус, ИС 342 силабус, Спутниктік байланыс және навигация жүйелері, Практикум по гидравлике, Шаршеналиев диплом, Дип.-Арысқұм-мұнай-кенінің-бұрғылау-қондырғысының-жаңартылған-қосалқы-элементтерін-электр-энерги
Бақылау сұрақтары:

  1. Магистралды газ құбырының технологиялық есебінің алғышарттары?

  2. Магистралды газ құбырларының технологиялық есебі қандай тәртіпте шығарылады?

  3. Магистралды газ құбырының технологиялық есебін шешу кезіндегі тізбектей жуықтау үрдісі әдісі.

ДӘРІС 6. Магистралды газ құбырларының өткізу қабілетін арттыру әдістері. Магистралды газ құбыры параметрлеріне жер бедерінің әсері


Магистралды газ құбырларының өткізу қабілетін арттыру қажеттілігі құбырды жобалау кезінде де, сол сияқты оны пайдалану барысында да пайда болады. Өткізу қабілетін біртіндеп арттыру газ құбырларын пайдалануға берудің кезеңділігімен тығыз байланысты. Одан басқа жаңа газ кен орындарын ашу және соған байланысты газ ағынының көбеюі мен бағытының өзгеруі, жаңа өндіріс орындарының ашылуы, жаңа елді мекендердің салынуы газ құбырларының өткізу қабілетін арттыру қажеттілігіне әкеледі. Жалпы жағдайда жүйенің өткізу қабілеті артқанда бастапқы және соңғы қысымдар өзгеруі мүмкін. Ол өзгеріс жұмыс істеп тұрған жүйенің қаншама жүктелгеніне, орнатылған негізгі жабдықтардың сипаттамаларына, сол сияқты жаңадан компрессор стансаларын салу керек пе, әлде жоқ па, осыған да байланысты. Кез-келген компрессор стансаларының орыны белгілі болғандықтан, өткізу қабілетін арттыруды әрбір КС аралықтары бойынша жүргізеді, сондықтан есептелген параметрлер де осы нақты аралыққа сәйкес болады.
Магистралды газ құбырларының өткізу қабілетін арттыру бірнеше әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін:
- компрессор стансаларын санын еселеу (көбінесе екі еселеу);
- магистралды газ құбырындағы жұмыс қысымын арттыру;
- лупинг пен орнатылым салу.
Магистралды газ құбырларының өткізу қабілетін арттыру коэффициенті χ деп оның өткізу қабілетінің соңғы мәнінің (лупинг, орнатылым, немесе жаңа компрессор стансаларының құрылысына дейінгі) бастапқы мәніне қатынасын айтады.
Компрессор стансаларын санын екі еселегеннен әрбір аралық екі есе азаяды, сонда (59)-өрнекке сәйкес квадраттық тәртіптегі газ ағысы үшін (бастапқы және соңғы қысымдар, орташа температура өзгеріссіз қалған жағдайда):
.
Магистралды газ құбырының бастапқы өткізу қабілеті:
,
яғни оның өнімділігінің арту шамасы:
.
Лупинг - бұл газөткізгіштің белгілі-бір ұзындығына паралель салынған өткізгіш. Ал орнатылым - газөткізгіштің белгілі-бір ұзындығына тізбектей жалғанған үлкен диаметрлі өткізгіш. Екі жағдайда да газөткізгіштің біраз бөлігінің көлденең қимасы көбейіп, сол жердегі газ жылдамдығы азаяды, осы себепті газөткізгіштің жалпы кедергісі де азаяды, яғни өткізу қабілеті артады. Газөткізгіштің өткізу қабілетін χ есе арттыру үшін қажет болатын лупинг пен орнатылымның ұзындықтары xл пен xв мына өрнектерден табылады:
, (86)
. (87)
Мұндағы Dл және Dв - лупинг пен орнатылым құбырларының диаметрлері.
Қазіргі кезде пайдалануда жүрген, немесе салынып жатқан магистралды газ құбырларының басым бөлігі көп жіпшелі газ құбырлары. Әрбір жіпшені дайын болғаннан кейін алдыңғыларына қосып отырады; осы кезде өткізу қабілеті біртіндеп артып отырады. Яғни салынып жатқан жіпшенің іске қосылған бөлігін де лупинг деп қарауға болады. Магистралды газ құбырларын көп жіпшелі етіп салу себебі тек сенімділікті арттырумен ғана байланысты емес. Себебі өндіріс шығаратын ең үлкен диаметрлі құбырдың өзі қажетті өткізу қабілетін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан көп жіпшелі құбырларды әдетте бірдей диаметрлі етіп салады. Сондықтан Dл=D және
.
Лупингті өткізу қабілетін арттыру үшін ғана салмайды, сол сияқты аралықтың соңындағы қысымды көбейту үшін де салуы мүмкін (бастапқы ең үлкен қысымды тұрақты етіп сақтай отырып). Аралықтың соңындағы қысымды көбейту КС жұмысының параметрлерін жақсарту үшін керек болуы мүмкін.
Магистралды газ құбырларының өткізу қабілетін компрессор стансаларын санын еселеу арқылы арттырған кезде, КС мен жапсарлас жатқан аралықтардың жұмыс тәртіптерін бір-бірлеріне сәйкестендіру керек. Екі КС аралығына жаңадан КС-ың кез-келген санын салуға болады. Техникалық-экономикалық есептеулер, әдетте КС санын екі еселеу ғана тиімді болатындығын көрсетеді. Тек ғана бастапқы, құбырды іске қосу кезеңі үшін ғана басқадай шешім алынады. Құбырды бастапқы іске қосу бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашында компессорсыз, қатпардағы газ қысымы есебінен құбырмен газ айдау мүмкін. Сосын бірнеше кезеңде КС біртіндеп салынып, іске қосылып отыруы мүмкін. Сонымен қатар әртүрлі кезеңдерде параллель жіпшелер салынуы мүмкін. Қолданылатын КС жабдықтары әдетте барлығында бірдей болатындықтан, КС стансаларының санын арттыру еселеу түрінде ғана болуы мүмкін.
Тегіс емес жерден (ойлы-қырлы жер) өтетін магистралды газ құбырларын есептеу кезінде бастапқы және соңғы пункттердің биіктік деңгейлерін ғана емес, сонымен қатар трассадағы аралық биіктіктерді де ескеру қажет. Бұл еептеуде бастапқы пункттің биіктік деңгейін нөлге тең деп алады. Кескіннің бастапқы нүктеден жоғары жатқан сипаттық нүктелері оң мәнге, ал төмен жатқан сипаттық нүктелері теріс мәнге ие болады. Магистралды газ құбырын технологиялық жобалау мөлшерлеріне (нормы технологического проектирования магистралды газ құбыры) сәйкес, егер трассада бастапқы нүктеден 200 м жоғары, немесе 200 м төмен орналасқан нүктелер болса, онда газ құбыры трассаның рельефі ескерілуі қажет. Мұндай құбыр кескінін бірнеше өзара қосылып тұрған көлбеу сызықтармен үлгілеуге болады.
Бұл жағдайда дұрысы жергілікті жердің рельефін ескермей отырып, алдын-ала магистралды газ құбырының технологиялық есептеуін жасау керек. Аралықтағы (бүкіл құбыр емес) трасса рельефін ұзындықтары L1, L2,…, Lnp және нивелирлік биіктіктері z1, z2,…, znp (бастапқы пункт үшін z0=0) болатын np түзу сызықтардан тұрады деп аламыз (7-сурет).

Сонда алынған нәтижелер мынандай болып өзгереді. Биіктіктердің айырмасын ескерген жағдайдағы газ құбырының коммерциялық тәуліктік (көлемдік) өткізгіштік қабілеті мынаған тең:


, (88)
мұндағы - биіктіктер айырмасын ескермеген жағдайдағы газ құбырының тәуліктік өткізгіштік қабілеті және
(89)
- биіктікке түзету коэффициенті,
(90)
, . (91)
.
Биіктіктердің айырмасын ескерген жағдайдағы аралық соңындағы соңғы (нақты) қысым мынандай болады:
. (92)

(88) – формуладан мынандай қызық жағдайды байқауға болады: 1-2-3-4-5 рельефті трассалы газ құбырының өткізу қабілеті ұзындығы мен диаметрі сондай болатын көлденең тегіс трассалы газ құбырының өткізу қабілетінен аз болады (8-сурет). Трасса кескіні түрінің өткізу қабілетіне әсері газ қысымының аралық басында соңына қарағанда көп екендігіне байланысты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет