Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет28/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

күйінген, өкінген, жиренген — әйтеуір өзегін өртеген бір жаман
сезім пайда болды. Төрдегі таза төсенішті былғап кеткен күшікті
желкесінен ұстап, өз тезегіне өзінің тұмсығын тигізсең, қандай
жеріп, қыңсылап, кейін шегінеді. Артына қарағанда, Ақбілек те сол
күшік   тәрізді   болды.   Қарағысы   келмеді,   теріс   айналды.   Асуға
шықса да, алды-артын ораған таудан арыла алмады, бұраңдаған
қия тас, кедір-бұдыр соқпақ беті ашық даланы көрсетпеді.
Күн таудан найза бойы көтерілгенде, Ақбілек алқынып бір кезеңге
шығып еді, алды бұдырмақ дала екен. Ауылына келгендей қуанып
кетті. Қанаты болса, ұшып кетер еді, әттең шіркін! Балтырлары
солқ-солқ   етіп,   жіліншігі   сырқырай   бастады.   Оған   да   қараған
жоқ, қыбырлай берді.
Бір   мезетте   Ақбілек   екі   қолын  құлаштай   сермеп   ылдиға   түсті.
Аяғының   сырқырағаны   әнтек   басылайын   деді.   Шаршаған   жоқ
екем деп, көңіліне медеу қып еді, сөйтсе ылдиға қарай жүргеннен
жеңілденген   екен:   тағы   бір   өрге   шыққанда   аяғы   қорғасын
құйғандай   ауырлап   кеткен   тәрізденді;   сүйектері   сынып   бара
жатқандай   болды.   Ақ   сүйек   ойнағанда   op   қояндай   орғып,   бір
қажымайтын   аяғы   түскірге   не   болды?   Әбілет   басып,   әлдебір
пәлеге   бастап   келе   ме?   Апырым-ай,   тым   құрса   бір   ауыл,   ауыл
емес-ау,   бір   қазақ,   қазақ   емес-ау,   бір   мал   көрінсейші.   Бір   мал
көрінсе   де,   Ақбілек   кәтерден   құтылғандай   көріп   келеді.   Бірақ


адырлар   бірте-бірте   бұлдырланып,   белес   тартқаны   болмаса,
қарайған еш нәрсе көзіне түспеді.
Бір   қырдан   асқанда   көлденең   созылған   сай   килікті...   Құдай
жарылғады!   Өзен,   өзен!   Арғы   қабақта   жол   жатыр.   Ел   жақын
ғой! Ақбілек ақтық күшін салып, аяғын тезірек басты. Ағыны тас
домалатқан   тасты   сайдың   тар   өзені   екен.   Жадағайлау   жеріне
келіп   белін,   шапан,   камзолын   шешіп,   көйлекшеңденіп,   білегін
түрініп жуынды, су ішті. Әбден шаңырқап, шаршап қалған екен,
сусыны қанып бір кенелді.
Ақбілек   су   жиегінде   бірталай   отырды.   «Су   ағады   да   жатады,
ағады да жатады, бір таусылуы жоқ; қатерді, өлімді білмейді.
Еш   нәрсені   сезбейді.   Мен   ішсем   де,   ит   ішсе   де   бұған   бәрі   бір.
Жақсыға   да,   жаманға   да   сусын   болады.   Құдайдың   бұ   да   бір
құдіреті-ау! Мейірімі-ау! Оны біз білмейміз-ау!» деген ойлар келді.
Өмірі су көріп жүріп, мұндайды ойлаған емес. Бұл ойды қалайша
ойлағанына өзі де таң қалды. Аяғының астындағы суға қарап еді,
өзінің   түрін   көрді.   Шашы   ұйпаланып   қалған   екен;   сумен   сылап
шашын  жатқызды.   Тарағысы  келді.   Бірақ   «Кім   үшін  түзелем?»
деген ой келді де тараған жоқ. Осы судың бойында бір қалтарыс
жер  болса,  азырақ   отырып  дем  алайын  деп  жан-жағына  қарап
түрегелді. Аяғы ұйып қалған екен, жіліншігін үш рет қарыстырып
жіберді. Ұйығаны басылған іспетті болды.
Сол   жағында   бір   жарлауыт   көрінді.   Ақбілек   көп   ойланбай-ақ
камзолын   киіп,   шапанын   жамылып   түндіктің   бауы   мен
сойылшасын сүйретіп солай қарай жүрді.
Адам   көрмейтін   жер   осы   ғой   деп   бір   мүйістеу   жерге   келіп
тоқтады. Арты жар, алды су, оң жағы мүйіс, сол жағы құлаған
жардың   топаны.   Кішкене   қуыста   суға   қарап,   екі   тізесін
құшақтап, бүгжиіп отырды. Күн қызып, шекесі жылынып келеді.
Мынау   өзен.   Өзен   бойындағы   ел   қайда?   Күздігүні   бұл   өзенде   ел


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет