Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет27/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, соч 4 8, Реферат Балгожин А. Хетт, АКТ-ны және жаңа технологияларды пайдалану, Қорқыт ата дана, ҚМЖ 5 сынып, ҚМЖ 5 сынып, сцен, ҚМЖ 5 сынып, Менің панорамалық сабағым
сермейді.   Қасқыр   қимылдайды.   Ақбілек   сабалайды.   Қасқыр
абалайды.   Ақбілек   сабалайды.   Қасқыр   қамалайды.   Ақбілек
«Аллалайды».   Қасқыр   долданады.   Ақбілек   дөңгелейді...   Қасқыр
күрілдейді,   Ақбілек   шырылдайды.   Қасқыр   қырқырайды.   Ақбілек
шырқырайды... Сөйтіп Ақбілек көп қасқырмен көп соғысты...
Ақбілек әбден алқынды, алас ұрды, жұлқынды, әлі құруға таянды.
«Енді жығылдым ғой, енді талайды ғой, енді ауызды салды ғой,
енді   жеді   ғой...»   деген   кезде,   Ақбілектің   аяғы   астынан   бірдеңе
жылт   ете   түсті.   Қасқырлар   жарқ   берді.   Манағы   іңірде   шай
қайнатқан оттың көзі әлі сөне қойған жоқ екен. Ақбілек алас ұрып
жүргенде аяғымен шашып жіберген екен. Қасқырлар отты көріп


жарқ берген екен. Қасқырдың оттан қорқатыны Ақбілектің есіне
сап   ете   түсті.   Ауылда   қой   күзеткенде   қотанның   шетіне
жағатыны қане.
Ақбілек от басындағы тезекті, құраған шөпшекті дереу тұтатып
үрлеп   жіберді.   «Менің   керегім   жаңа   болған   жоқ   па?»   дегендей,
жел   де   қошаметке   иеленіп,   жалынды   лап   ете   түсірді.   Жалын
қалай шықты, солай қасқырлардың қарасы өше берді. «Өлмегенге
өлі   балық»   деген   осы   да.   От   сөніп   қалса,   Ақбілектің   өмірі   де
сөнетін   еді.  Отты  тапқан  адамның   атасынан  айналсаң  болмас
па!
«Заула   отым,   заула!   Мазда   отым,   мазда!   Қорқақ   аңдар,   тілсіз
жаулар! Қаш, маңыма жолама! Күйдіремін, өртеймін!»— дегендей
Ақбілек от тәңірге сүйініп, таң атқанша маздатып, жаны аман
қалды.
Қызыл көз, қасқыр жүз, қаблан азу, қара түнді Алтай аңғарынан
үркіткелі,   қорғасын   аспанға   алтын   айдар   Күнекей   сұлуын
өрмелеткелі, күншығыс ұжмағы қызыл қақпасын ашқанда, Ақбілек
артына   алақ-алақ   етіп   жолға   шықты.   Белінде   түндіктің   бауы,
етегі   ышқырында,   қолында   түндегі   сойылша.   Кімді   ұрып
жығатынын кім білсін, әйтеуір ала шықты.
Аспанның күн жақ туырлығы ақшыл тартып, тау бастары алтын
жалатқандай күлімдеп келеді. Таң ата жел де тынды. Бұлттар да
ыдырады.   Өлкеден   ұшқан   бозторғай   тау   иығының   деңгейінде
қанаттарын   қалшитып,   Күнікей   сұлуды   мадақтап,   тау-тастан
беташар сұрады. Бозторғай-ау, көрімдікті Ақбілектен сұрасайшы,
Ақбілек   алтын   сақинасын   атып   тастағалы   келеді   ғой.   Оның
жүзінде нұр бар ғой. Ол керегін жарық күн бар ғой! Ұзақ түнгі
топты   қасқырмен   арпалысқанын   замат   ұмытып,   шоңқайма
кебісінің   жез   нәлісі   тастан-тасқа   шықылдап,   қашқан   киіктей
қаздаңдап барады ғой!
Ақбілек а дегеннен асуға тартты. Асумен асып елге бара жатқан,
елден мал, азық-түлік алып келе жатқан орыстарды талай көрген.
Осы   тар   асудан   басқа   бұл   шаттан   шығатын   жолдың   жоғын


білген. Арты елсіз тау, тау толған жау: аю, қасқыр, қабан. Алды
тар асу.  Асу асты  тағы жау:  кешегілер  алдынан  қарсы  шығып
қалмасына кім кепіл. Енді Ақбілек қаздаңдамай кім қаздаңдасын.
«Енді есен-аманында ел шетін көрсем-ау» — деп, ұйқы, тамақты,
шаршағанды   ойына   алмай,   көңілі   алып-ұшып,   ентелей   басып,
ентігіп келеді.
Асуға шыға бергенде, артына бір қарады. Аяқ астында томардай
томпиып қостар тұр. Анау тау жылғасындағы ағаш, анау көгал,
анау   сай-сала,   анау   орқаш-орқаш   тас   Ақбілектің   адамгершілігін
аяққа   таптаған,   абыройын   төккен   жер.   Оларға   көзі   түскенде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет