Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет30/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

емсіз   жарадай   көрінеді.   Малшы   байғұстар   неғып   іші   пыспай
жүреді екен?.. Ай, қу дала, қу дала! Қу далада жалғыз жаяу бір
мұңдық.
Сары   далада   сары   уайым   жамылып,   Ақбілек   келеді   толарсағы
бұлтылдап.   Тышқан   аулап   күйкентай   жүр,   қыранымсып
шыңқылдап. Әне алыста безек қағып, бір торғай тұр шырылдап.
Бейне   әуеге   шегелеулі   тұрғандай,   бір   орнынан   тапжылмайды,
қанаттары   дірілдеп.   Сол   торғайдың   шырылдағы   ащы   тиді
құлаққа.   Өзгелерден   үні   өзгеше,   не   болды   екен   бейбаққа?   Сол
торғайдың маңайында жаны ашыған арашашы жандарша, төрт-
бес   торғай   айнала  ұшып,   таяу-таяу   бара   түсіп,   ап   кетуге   тас
қорғанды бұза алмаған ерлерше тиіп-қашып өтіп жатыр о жаққа
бір, бұ жаққа.
Бір  мезгілде  әлгі  торғай   жансыз  тастай  ағып   түсті топ  етіп.
Ақбілек те оқ бойы жер кеп еді. Ол торғайдың түскен жері қалың


шөп. Көз айырмай қарап келеді Ақбілек. Әлгі торғай қалың шөпке
түсті   де,   қалбалаңдап,   далбалаңдап,   шөпке   таман   айналаңдап
шыр-шыр етіп, безек қағып, олай-бұлай шоршыды. Бұ байғұсқа не
болды?— деп жетіп келсе қасына — қалың шөпте жатыр екен
білектей   бір   сұр   жылан.   Сұр   жыланның   найза   басы   қақшиған,
бейне ажал, алмас көзі бозторғайға шұқшиған, айыр тілін жалаң-
жалаң   еткізіп,   ысқырғанда   өңбеніңнен   өткізіп,   арбап,   буып,
уытын жиып, торғай сорды топылдатып, қылқ еткелі тұр екен.
Сұр жыланның атып жыққан оқ көзінен көз айырар бозторғайда
дәрмен жоқ; қалбалаңдап, далбалаңдап, оршып түсіп, тұмсығына
тиер-тимес   елбелектеп   жүр   екен.   Бір   «Ап!»   десе   біткені   ғой
жұмысы. Торғай қашан аузына кеп түскенше, оқты көзін қадап,
айыр тілін жалақтатып жатады екен, сұм жылан.
Бозторғайды аяп кетті Ақбілек, сұр жыланды сойылшамен салды
келіп қақ бастан. Жауыз басы астына кеп, солаң ете дүрс етті.
Торғай   сорлы   есеңгіреп   қалған   екен:   жығылып   тұрып,   жер
бауырлап,   қырындап-қырындап   барып   жөндікті:   шыр   етіп,
шыбын-шіркей боп аспанға бір-ақ ұшты. Тулап жатқан жыланды
Ақбілек табандатып тағы екі ұрды да, жөніне жүре берді.
«Жылан   торғайды   арбап   жейді»   дегенді   Ақбілек   бала   кезінде
естіген.   Мынаны   көрген  соң,   «Құлақ  естігенді   көз  көрет»   деген
осы-ay деп ойлады. «Бұ жауыздың көзіңде не сиқыр бар?!» — деп
ішінен   таң   қалды.   Манадан   бері   уайым   басып,   жабығып   келе
жатқан   кісі   жүрегі   қаттырақ   соғып,   тамырлары   желпініп,
шаршағанын   ұмытып   кетті.   Торғайды   ажалдан   аман   алып
қалғанына қуанды. Жыланды өлтіргенге ерленді. Әрі ырым көрді.
Торғай бір бейбақ қой! О байғұста не зиян бар?
«Торғай, торғай атым бар,
Бір жапырақ етім бар.
Маған тиген балалар,
Ата-анаң өліп жетім қал!»,—
деп қарғайтын торғай емес пе? Ешкімге жазығы жоқ қой.


Соны   ойлағанда,   Ақбілек   «Менің   кімге   жазығым   бар   еді?»   деп
тағы ойлады. Өзін торғайға, өзіне қастық қылғандарды жыланға
теңеді. Торғайдың, жауын мен өлтірдім, менің жауымды да біреу
өлтіреді екен деп, бұл оқиғаны өзінше жақсылыққа жорыды.
Соны ойлап келе жатқанда бір дөңестің астынан ағараңдаған бір
шошақай  нәрсе  қылтың ете  түсті.  Ақбілек   сасып  қалды,   бұғып
отыра қойды. Отырып еді, көрінбей кетті. Түрегелуге орыс бола


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет