Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет69/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, соч 4 8, Реферат Балгожин А. Хетт, АКТ-ны және жаңа технологияларды пайдалану, Қорқыт ата дана, ҚМЖ 5 сынып, ҚМЖ 5 сынып, сцен, ҚМЖ 5 сынып, Менің панорамалық сабағым
орнайды   деп   Маркс   айтқан   ба   екен?   Мұндай   оқиға,   тәжірибе
тарихта болып көрді ме?
—   Жер   жүзінде   әлеуметшіл   төңкеріс   болмай   тұрғанда,   бір
мемлекетте сатсализім орнатуға бола ма?
—   Сатсиалдық   шаруаны   қалай   жасамақсыңдар?   Қазақ
капитализм дәуірін кешіре ме, сатсализімге бір-ақ секіріп өте ме?..
— деген тәрізді...
Жорғабектің   сұрауларын   Ақбала   ішінен   ұнатқан   жоқ.   Өйткені
жауап беруге артық дайындығы да жоқ, түйдегімен келіп қалған,
тосын сұраулар еді. Алайда, сыр білдірмейін деп:
—   Бұл   сұрауларыңызға   мен   қазір   жауап   беруіме   де   болады...
Мәселен капитал дәуірін қазақ басынан кешірмеуі мүмкін, өйткені
енді дербес бай, саудагер болмайды (онда «НЭП» жоқ кезі). Бірақ
бұл арада бұл сұраулардың бәріне жауап беруді артық көрем; біз
қазір әрі кішкене қызыңқырап алған кісіміз, әрі Маркс, Лениннен
дәлел   келтірмеген   соң,   жауабымыз   жеңіл   боп   көрінуі   мүмкін.
Бұлар   өзі   тереңірек   қарастыратын   мәселе.   Ал   енді   былайша,


жалпы айта кетуге де болады. Тегінде, біз орыс еңбекшілерінен
бөлек   ешбір   жол   таба   алмаймыз.   Біз   солардың   соңынан   еріп,
солармен   қол   ұстасып   теңдікке   жетеміз.   Қазақтың   өз   алдына
саясаты   да,   тарихы   да   бола   алмайды.   Сондықтан   орыстан
бөлініп, іс қыламыз деудің, терең мәселелерді тексерудің бізге бұл
күнде   пәлендей   қажеті   де   жоқ.   Бізге   күнбе-күнгі   жұмыс   керек.
Мұжық арасында тап тартысын жүргізу мүмкін болса, қазаққа
да мүмкін: шаруа-кәсіп жөнінен екеуінің пәлендей айырмасы жоқ.
Мәдениет жөнінен де мұжық қара үзген жоқ. Біздің айырмамыз
тек   рушылдықта.   Міне,   осы   жағына   біз   қатты   көңіл   бөлуіміз
керек...— деген секілді бірталай сөздерді айтып кеп, аяқ кезінде: —
Сіз   Марксті   оқыған   көрінесіз...   Не   ғып   төңкерісшіл   болмай
жүргенсіз?— деп кекей күлген болды.
— Төңкерісшіл емес екенімізді қайдан білдіңдер?— деп Жорғабек
те күлімсіреді.
Бұлардың   соңғы   сөздері   Бекболатқа   құран   сөзіндей   түсініксіз
болды.   Бастапқы   сөздерді   де   Бекболат   әрең   тыңдап   отыр   еді,
өйткені ол сөздердің ішінде Әбен, Мұқаштар бар еді. Сондықтан
Бекболат: «Осылай деңдер» деген кісіше:
— Ым-м!— деп орнынан түрегелді.
Тегінде   құсбегілер,   аңшылар   өз   сөзінен   басқаға   топастау   келеді
ғой,   Бекболат   та   осы   жолы   өзінің   топастығын   байқайын   деді.
Қай жерде, қай дүниеде отырғанын өзі де білмеді. Сөз көбейген
сайын басы қатып бара жатқан соң, тысқа жөнелді.
* * *
Тұңғыш   көбік   қар.   Тымық.   Қатқақ.   Ауа   шыныдай.   Аттың   ізі
баданадай. Қаладағы шыға беріс тепсеңде шерттіре аяңдаған екі
атты. Бергінің мінгені екі тақасқан, ешкі бас, құлан сан тобылғы
торы.   Әсем   басады,   қарды   уыстап   лақтырады.   Үйт   шіркін!
Шерттір,   шерттір!   Құйысқан   қысқа,   ер   ықшам,   үзеңгі   аяқтың
ұшында... Тақым жабысқан: Сұр күпілі ақ құба жігіт қамшыны
сипай түседі. Арғының астындағы жатаған жирен. Жарау. Бірақ
торының аяңына ілесе алмай, бүлкіл қағады. Жігіті пәс, киімі көне.


Желдей ескен аяңшылға мінгенің бар ма? Мінсең, білесің: ат үсті
адамды   аруақтандырады,   көңіліңді   көкке   серпеді,   аузыңмен   күс
тістейсің!
Торылы қамшыны екі бүктеп анау тауды нұсқады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет