Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет72/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

дегенді Бекболат та ашып айта алмай келе жатуы еді. Бекболат
елдің, досының аңысын аңдамақ еді. Ақберген мырзасын сынамақ
еді. Неге десең, бұл өзі зор мәселе ғой. Өмір серік жар табу — бір
қиын жұмыс. Тапқан жары Ақбілек еді. Ол мұндай күйге ұшырап
отыр. Ақбілек оқиғасы қазақ баласының басында болмаған, төтен
оқиға ғой. Жалғыз Бекболат пен Ақберген емес, мұндай оқиғадан
кейін   не   істеу,   қалай   болу   керектігін   бүкіл   қазақ   баласы   ойлап
көрген жоқ қой.
—   Қу   боп   қапсың.   Мені   жатырқағаннан   саумысың?   —   деп
Бекболат жолдасына назын білдірді.
Соны   айтқанда   Ақберген   манағындай   емес,   ажары   сазарыңқы
тартып:
—   Сені   мен   неге   жатырқайын?   Сені   жатырқағанда   менің
табарым   да   белгілі   ғой.   Бірақ   не   айтудың   жөнін   таба   алмай
келемін... Өзің не ойлайсың? Әуелі соныңды естіртші... Саған деген
менде   бөтен   ниет   болып   көрген   жоқ,   қара   басым   қара   жерге


кіргенше, ондай ниет болар деп ойламаймын...— деп достықтың
нысанын көрсетті.
Бұл  сөзге  Бекболаттың да  жүрегі  еріп  кетті:  досын құшақтап
сүйіп алғысы келді, бірақ ондай дағды өмірі болып көрген жоқ қой.
Сондықтан:
— Сенде бөтен ниет болар деп мен де ойлаған емен. Әуелі құдай
құдайдан   соңғы   жақыным   да,   досым   да   сен   деп   білем.   Сен
білмейтін   сыр   жоқ.   Сенен   басқа   ақылдасар   кісім   де   жоқ.   Әкей
екеш әкей де ананы қоя беріп, Ақбілекті айттырғаныма іші ырза
емес-ті.   Оны   өзің   де   білесің...   Енді   жұмыстың   түрі   мұндай
болды...—   деп,   Бекболат   бала   жасынан   бері   қарай   қозғап,
балалықты, жастықты, ойын-күлкіні, жолдастықты, достықты,
елдің   партиясын,   партия   тақырыпты,   әкесі   бұған   қыз
айттырғанын, оны менсінбегенін, екеуі ақылдасып, Ақбілекті көріп
келіп ұнатқанын, — бәрін жыр қылды. Аяғында келіп: — О болса,
ондай болды. Бұл мұндай боп отыр. Маңдайымның соры бар ма?
Қайдан білейін. Ендігі ойым: «тағы да қыз іздеп, тағы да әкейді
ренжітіп   жүргенде,   өмірдің   де   бірталайы  өтіп   кетер.   Одан  да
неде болса тәңірінің жазуы шығар, жұрт не десе о десін, тәуекел
деп соның өзін алғым келеді»,— деп күрсініп тоқтады.
Бекболат   сөйлеп   келе   жатқанда,   Ақберген:   «Айтқаныңның   бәрі
«рас»   деген   кісіше;   «Е,   е,   е!»   деп   басын   изей   берді.   Бекболат
тоқтаған   соң,   Ақберген   де   өзінің   нашарлығын,   жалғыздығын,
қоңсылығын,   достығын,   тілеуі   бірлігін   айтып   шықты.
Бекболаттай ұзартып сөйлеген жоқ, шағымды, тиімді жерлерін
басып өтті. Ақырында:
—   Өз   ындының   солай   болса,   оныңа   мен   де   бөтен   сөз   айта
алмаймын.   Жалғыз-ақ  дос  бар   еді,  дұспан  бар  еді,  құрбы-құрдас
бар еді. Екеуміздің осы жүргенімізді де көре алмайтын кісілер бар
еді...   Тек   солардың   табасына   қаламыз   ба,   бірде   болмаса   бірде
бетіңе салық қып, сүйегіңе таңба бола ма деп, артын ойлағанымыз
болмаса...— деген сөзге әкеп тіреді.


— Онысын енді құдайдан күттім. Мен жамандығымнан, болмаса
Ақбілек жамандығынан болып отырған нәрсе емес. Тұтқиылда кез
келген тәңірінің бір апаты. Оған кім ара тұра алады. Айта берсек
сол өңірде орыстан cay қалған әйел бар ма екен? Бірақ қайсысы
безіп   жатыр   әйелінен?   Ашылмаған   қауын,   жарылмаған
жұмыртқа іздейтін баяғы бейбітшілік шағымыз бар ма? Елдің не


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет