Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет71/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

аяңкесірек, қиялшырақ, жасығырақ, мақтаншағырақ, әуесқойырақ
еді.   Бекболат   қысылған,   сасқан,   кейіген   жерде   Ақберген   ақыл
тауып, тоқтау айтып, демесін болушы еді, жазаласа, Бекболат
оның тілін көбірек алушы еді. Қатты қайырым-бейнеттің бәрін


Ақберген   көрген   соң,   Бекболат   өзім   істетіп   жүрмін   деп
жұбанушы еді. Ақберген ондай бейнетті қажырым, ерлігім артық
болғаннан   істеп   жүрмін,   менен   басқаның   қолынан   келмейді   деп
ойлаушы еді. Ақбергеннің еңбегі болмаса, Бекболаттың тіршілігі
де   қызық   болмас   еді;   Бекболаттың   аты,   асы,   киімі   болмаса,
Ақбергеннің күні де күн болмас еді. Бірінде жоғы бірінен табылып,
екі жарты бір бүтін боп, тату-тәтті өмір сүрер еді.
«...Есептескен   дос   болмайды»   деп   жұрт   айтады.   Есептеспеген
досты көргеміз жоқ. Сыртына шығармағанмен, екі достың есебі
ішінде   жүреді.   Есепсіз   кетсе,   бірін-бірі   алдаған,   арбаған   болып
табылады;   оның   түбі   теңдік   емес,   зорлық.   Міндетсіз,   сілетсіз,
мақтансыз,   қаяусыз,   айнымас   дос,   болады   дегенге   сенбеңіздер.
Өйткені   өзін   ұмытып   кететін   адам   табылмайды:   әркімге
алдымен тіршілік керек, тамақ керек. Әрі өз басының, әрі досының
пайдасы   бірдей   табылған   соң   адам   шын   дос   боп   жүреді   (әлде
«шын   ұлтшыл»,   «шын   әлеуметшілдер»   де   сондай   ма   екен?).
Бекболат пен Ақберген сондай достар еді.
Кешеден   бері   үй-ішінің   көр-жер   аманатын   орындап   және
Төлегендікінде   болған   соң,   Бекболат   досымен   емін-еркін   сөйлесе
алмап еді; атқа мініп, оңаша шыққан соң, әңгіме қозғауға айналды.
Бекболаттың   әңгімесі   Ақбілек   болу   керек   қой.   Бірақ   Бекболат
салған жерде Ақбілектен бастауды қолайсыз көріп, құс жайынан
қозғағаны соның беташары еді. Ақберген «О күнде жұрт құсты
ойлағандай болды ма?»— деген кезде Бекболат енді Ақбілекті сөз
қылудың кезегі келді ғой, — деп ойлап:
—   Иә,   ол   күндер   естен   қалмайтын   күн   болды   ғой.   Нағыз   бір
жұлдыздың терісінен шыққан екеміз... Бұ қояны құрғырдың жолы
қатты болмай қоймайды... Со күні жолықпаймыз деген ойда бар
ма еді?— деп бір қойды.
— Е, құдайдың әмірі десейші... О да бір соры бар қыз екен, деді
Ақберген мырзасының ойын білгелі.
— Не сорын айтасың? Орыстың қолына түскенін бе, басқа ма?—
деп сұрады Бекболат жолдасын байқағалы.


—   Соры   бар   емей   немене,   ел-жұртқа   әшкере   болды...   абиұры
кетті,— дегенде, Бекболат та оның ойын біле қойып:
— Кім өмірі абиұрлы боп өтет дейсің, тағдыр да,— деді.
—   «Е   тағдыр   ғой...   Ақбілектің   пердесін   өзіміз   ашпаймыз   деген
кімнің ойында бар?— деді.
Бекболат   Ақбергеннің   арбасып   келе   жатқанын   білді   де,   сөздің
бетін ашқалы:
— Сен де қу боп кетіпсің-ау!— деп жымиды.
—   Оны   неліктен   айттың?—   деп,   түсіне   қойып   Ақберген   де
жымиды.
Өйткені   бұрын   бұл   екеуінің   арасында   пернелі,   қалытқылы   сөз
болмайтын; ойлағандарын бүкпесіз айтып салатын ғой. Мынадай
түссіз   әңгіме   екеуіне   де   ұнамады.   Не   бірін-бірі   тосаңсып,
жатырқап қалғаны, болмаса өзге бір себептің барлығы сезілер еді.
Ол себеп:
«Абиұрынан   айрылған   Ақбілекті   қалай   өмірлік   жар   қыласың?»
деуге Ақбергеннің аузы бармай, «Ақбілекті әлі де болса аламын»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет