«Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар



бет5/7
Дата18.03.2017
өлшемі1,93 Mb.
#11949
1   2   3   4   5   6   7

Тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар

1 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар



Тақырыбы: Волебол сабағындағы арнаулы жаттығулар.

Мақсаты: Волейбол ойынына тән дене қабілетін дамыту.
Жұмыс барысы:

Волейбол сабағында жалпы дамыту жаттығуларын орындағаннан кейін арнаулы дайындық жаттығулары өткізіледі. Оған қозғалыс реакциясының жылдамдығымен бағдарлай білу, тез орын алмастыру, секіргіштік, қол буындарының күші мен ептілігі, статистикалық қалыптан қозғалысқа көшудің жеделдігі сияқты қасиеттер жатады.

Арнаулы дайындық жаттығуларын өткізудің мақсаты- ойынның айла-тәсілдерін дағдыландыру, яғни шабуыл және қорғаныстағы әдістерді жетілдіру. Жеңістің кілті болып есептелетін допты шабуылдап ойынға қосудан, оны өзара беруден, шабуылдай соғудан тұратыны белгілі. Егер ойыншылар түрлі әдістерді жақсы игерген болса, ойын да барынша қызықты болмақ.

Волейболшылар допты ойынға берудің бірнеше түрін (тура, жанама, астынан) игереді.Допты шабуылдап ойынға қосқанда әртүрлі әдіспен беру қарсы жақтың ойынын қиындата түседі. Алайда допты берудің мұндай тәсілдерін игеру үшін иық, шынтақ буындарының қимылдық қабілеті мен күші жеткілікті болуы керек. Өзара беру, шабуылдай соғуда допты қатты ұшыру үшін қолды сілтегенде иық, шынтақ буындары бос болады. Шабуылдың барлық әдістерін игеру – икемділік, күш, секіре білумен қатар координация, кеңістікте бағдарлау, т.б. қасиеттерге дағдылануына байланысты. Ал мұның өзі дененің қозғалыстық қабілетін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау арқасында іске асады. Қорғаныс кезінде алаңдағы, яғни доп түсетін орынды білу-ойыншының ерекше қасиеттері. Доп төмен және шапшаң берілсе, жағдайды шапшаң бағдарлау, тез қозғалып допты ұмтылып, немесе айналып барып қабылдау- жеңіс бастамасы. Бұл әдістерді үйренуде акробатикалық жаттығулардың пайдасы осында керек. Арнаулы дайындық жаттығулары сабақ барысында волейбол ойынының айла-тәсілдерін үйренуде негізгі роль ойнайды.


Үйге тапсырма

Арнаулы дайындық жатығуларының кешенін құрастырып , сабақ жоспарын жасау.


Қорытынды сұрақтар:

  1. Арнаулы дайындық жаттығуларын қандай мақсатпен өткізеді?

  2. Волейбол сабағында қандай қасиеттер дамиды?

  3. Шабуылдық, қорғаныстық әдістердің түрлерін ата?


Әдебиеттер:

  1. Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» - М.,1979.

  2. Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.

2 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар



Тақырыбы: Допты ойынға төменнен тік қосу әдісі.

Мақсаты: Допты ойынға тік қосу әдісін қолдануды үйрету әдістемесін меңгерту.

Жұмыс барысы:

Суретте допты ойынға қосудың осы әдісі көрсетілген. Бұл әдіске үйреткенде мұғалім тарапынан оқушылардың қимылы мұқият бақыланады. Сермеген кезде ойыншының қолы артқа, ал допты соққан кезде төменнен алға қарай қозғалып, аяқтарын жазуға асықпауы, жауырынын кері серпілуі және еікеймеуі (мұндайда доп алға қарай емес, төбеге қарай ұшады). Допты соққан кезде дененің салмағы алдыңғы аяққа түсетінін, соққан соң доптың артынан ілесе жоғары ұмтылып, тізенің жазылатынын, одан арттағы тұрған аяқпен алға бір қадам жасайтынын оқушыға қайталап түсіндірудің маңызы бар.

Допты ойынға төменнен қосуға арналған жаттығулар:


  1. Бітеу допты (1 кг) бір қолмен қабырғаға лақтыру және қағып алу (қашықтық 1-2 метр)

  2. Екі адам боп: бітеу допты бір қолмен (оң және сол) лақтыру. Қашықтық біртіндеп 8-9 метрге дейін арттырылады.

  3. Бітеу допты тор арқылы (төменгі жібі бағанаға бекітілмеген) 4-6 метр қашықтықтан лақтыру.

  4. Жіпке іліп серігі ұстап допты төменнен беру. Соққан кезде жіп жіберіледі де доп берілген бағытта ұшады.

  5. Іліп қойған допты тор арқылы 4 метр қашықтықтан беру.

  6. Төрт метр қашықтықтан допты жоғары лақтырып барып беру.


Тарататын тапсырма. 6-7 сыныптарда ұйымдастыратын волейбол ойынына даярлық ойындарын өткізу.

«Тор арқылы екі доп». Ойын «Пионербол» материалына құрылады. Бірақ мынадай ережелер енгізіледі:

А) доп тор арқылыекінші ретте ғана беріледі, яғни қарсыласынан алған допты тор жанында тұрған өз ойыншысына береді;

Ә) торға жақын жерде қарсы жақтан келген допты екі қолмен жоғарыда беру арқылы қайтаруға болады;

Б) қарсыласыңнан допты екі қолмен төменнен қабылдауға болады; Вариант: ойынның басында әр команда екі доптан-4 доп. Барлық төрт доптың алаңның бір жағына шығуына мүмкіндік жасалады. Мұндайда командаға бір ұпай қосылады.

Үйге тапсырма

Дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру түрлеріне, спорт түрлерінің классификациясы, түрлерінің сипаттамасы, сабақ және сабақтан тыс түрлеріне әдістемелік талдау.


Қорытынды сұрақтар:

      1. Дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру түрлеріне қандай?

2.Сабақ және сабақтан тыс жұмыс түрлерін ата?

3. Спорт түрлерінің классификациясы мен түрлеріне сипаттама жаса.


Әдебиеттер:

1.Теория и методика физического воспитания и спорта. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. М. 2001

2.Основы методики физического воспитания школьников. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» - М.,1979.

3.Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.


3 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: Жаттығу сабақтарын өткізу.

Мақсаты мен міндеттері.


Мақсаты: Жаттығу сабақтарында өткізетін негізгі жаттығуға сәйкес кіріспе және дайындық жаттығуларын іріктеп алуды қалыптастыру. Әртүрлі ерекшеліктеріне сай дене жаттығуларын топтастыруға үйрету.

Жұмыс барысы:

№1. Таратылатын материалды қолданып, дене жаттығуларының ерекшеліктеріне сай топтастырыңыз.

№2. Таратылатын тапсырма қолданып дене жаттығуларын негізгі, кіріспе және дайындық жаттығуларына топтастырыңыз.

Тапсырма № 1.

Әр түрлі белгілеріне сәйкес дене жаттығуларын топтастырыңыз.


      1. Велосипед тебу.

      2. Бір және екі аяқпен орында секіру, алдыға жылжу, орында тұрып ұзындыққа секіру.

      3. «Пятнашки» қозғалмалы ойыны

      4. Вертикальды бөгетті тіреліп және тірелмей өту, екі жәнебір аяққа түсу.

Тапсырма № 2

Арқаға жатып, екі қол жанда:

1-аяқты түзу көтеріп, түсіру

2- БЖ


Үйге тапсырма

Жаттығу сабағына әдістемелік талдау жасау. Сабақ жоспарын құрастыру.


Қорытынды сұрақтар:

Жаттығу сабағы қандай бөлімдерден тұрады?

Сабақтың әр бөліміне анықтама бер?

Жаттығу түрлеріне сипаттама бер.


Әдебиеттер:

1.Основы методики физического воспитания школьников. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989

2. Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» - М.,1979.

3. Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.


4 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: Жүктемені бөлу
Мақсаты: Жүктемені оқушының жасына, жынысына, дене қуаты дайындығына сай бөлуді үйрету. Практикалық тапсырмалар арқылы жүктемені реттеу, хронометраж жасауды үйрену.

Жұмыс барысы:

Дене тәрбиесі сабақтарының негізгі сипаты- оқушылардың қатаң уақыт тәртібіндегі жаттығуларды орындау әрекеттері және жүктемені мөлшерлеу. Жүктеме дегеніміз-жаттығушының ағзасына белгілі бір мөлшерде дене жаттығуларымен әсер ету, күш түсіру. Сабақ кезіндегі жүктеме оқушылардың жасына, жынысына, дене қуаты дайындығына сай, үйлесімді болуы керек. Жүктемені мөлшерлеу дегеніміз-оның көлемін және қарқындылығын өзгерті. Жүктеме көлемі дегеніміз-орындалған дене қуаты жұмысының саны (өтілген қашықтық, орындалған жаттығулар саны, жаттығуды қайталау саны, ауырлық салмағы т.б.)



Орындалған жұмысқа байланысты ағзада болған өзгерістер арқылы қарқындылық анықталады. Жүктеменің негізгі қарқындылық көрсеткіші – жүрек соғу жиілігі.
Тапсырма №1. Дене тәрбиесі сабағының хаттамасы бойынша сабақ тығыздығын анықтаңыз.

Оқушылардың әрекеттерінің мазмұны

Әрекеттің аяқталған уақыты

Мұғалімді тыңдау, кезек тосу

Жаттығуларды орындау

Мұғалімнің кінәсінен болған бос уақыт

Сапқа тұру, рапорт беру, сабақ міндеттерін түсіндіру

8.02

2







Саптық жаттығулар

8.03.




1




Жүру, жүгіру жаттығулары

8.08.




5




Орнында тұрып орындаған жалпы дамыту жаттығулары

8.15.




7




Сапқа тұрғызу, тапсырманы түсіндіру

8.17.

2







Негізгі жаттығуларды орындау

8.22




5




Қатесін түзету

8.23

1







Тапсырма беру

8.25

2







Жақындататын жаттығуларды орындау

8.35




10




Қателерін түзету, қайталап түсіндіру

8.36.

1







Жылдамдықты дамыту жаттығулары

8.41.




5




Ағзаны қалпына келтіру жаттығулары

8.43.




2




Қорытынды жасау, үйге тапсырма беру

8.45.

2







Барлық уақыт

45 мин

10 мин

35 мин

00 мин

Ескерту: Әрбір әрекетке жұмасаған уақыт секундомер бойынша 2 бағанада белгіленген алдыңғы көрсеткен уақыттан кейінгі уақытты алу жолы арқылы анықталады. Сабақ аяқталғаннан соң 3,4 бағаналардағы мақсатқа сәйкес жалпы уақытына бөлу, 100 пайызға көбейту арқылы сабақтың жалпы тығыздылығы анықталады.


Жалпы тығыздық = Мақсатқа сәйкес кеткен уақыт х100 %= 100 %

Жалпы сабақ уақыты


Үйге тапсырма

Дене тәрбиесі сабағының жүктеме мөлшерін анықтап, сабақ жоспарын құру.



Қорытынды сұрақтар:

Жүктеме дегеніміз не?

Жүктеме қарқыны түсінігіне анықтама бер?

Сабақтың жалпы қозғалтушы тығыздығы дегеніміз не?



Әдебиеттер:

1.. Ашмарин Б.А.«Теория и методика физического воспитания» - М.,1990.

2. Уанбаев Е.К., Дене тәрбиесі негіздері- Алматы, 2000.
5 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: Спорттық жаттығу әдістері.
Мақсаты: Спорттық жаттығу әдістерін меңгеру, үйрету тәсілерін меңгеру.

Жұмыс барысы:

Таратылатын тапсырмалармен жұмыс. 1-11 сынып оқушыларымен жүргізетін спорттық жаттығу әдістерін іріктеп алу.


Тапсырма №1 Спорт алаңында немесе гимнастикалық залда шеңбер бойынша жүгіру

Тапсырма №2 Орында жүгіру (Тізені жоғары көтеріп)

Тапсырма № 3 Аяқтың ұшымен жүгіру

Тапсырма № 4 Аяқты кең адымдап жүгіру

Тапсыра № 5 Әр адымда тізені бүгіп, терең отырып жүіру.
Үйге тапсырма

Спорттық жаттығулардан жалпы дайындық кешенін құру.


Қорытынды сұрақтар:

Спорттық жаттығуға анықтама бер?

Жеке бұлшық ет топтарыныңдамуына сәйкес спорттық жатығуларды ата. Физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес спорттық жаттығуларын топтастыр.

Әдебиеттер:

1.. Ашмарин Б.А.«Теория и методика физического воспитания» - М.,1990.

2. Донской Д.Д. Зациорский В.Н.- «Биомехника» М., «ФиС», 1979.
6 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: Техникаға оқытудағы біліктілік, дағдыны қалыптастырудың бастапқы кезеңі
Мақсаты: Дене тәрбиесі сабағында қолданылатын жаңа технологияларды меңгеру, білу, практикада пайдалану.
Жұмыс барысы:

Таратылатын тапсырмалармен жұмыс. Берілген жаттығуларды қандай технология арқылы сабақта үйретуга болады.


Тапсырма №1 «Мост» (көпір) акробатикалық жаттығуын орындауды үйрену үшін қандай технологияны қолдануға болады.

Тапсырма №2 Қысқа қашықтыққа жүгіруді орындауда жаңа технологиялардың қай түрін қолданар едіңіз

Тапсырма № 3 «Ешкіден» ырғып секіруді орындату технологиясын түсіндір.
Үйге тапсырма

Жаңа технологиялар бойынша жаңа сөздерді сөздіктерге енгізу.


Қорытынды сұрақтар:

Инновация дегенімңз не?

Қандай жаңа технологияларды білесіз?

Жаңа технологияларға талдау жасаңыз.


Әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

7 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар



Тақырыбы: Спорттық жетілдірудің кезеңдері
Мақсаты: Спорттық жетілдіру кезеңдерін білу, әр кезеңде ұйымдастырылатын жарыс, жаттықтыру жұмыстарының тығыздылығын, деңгейін меңгеру.

Жұмыс барысы:

Спорттық жетілдіру кезеңдері 3 түрге бөленді: дайындық, жарыс, өтпелі.

Әр кезең бірнеше бөлімдерге бөлінген:

Спорттық жаттықтыру кезеңдері



Дайындық кезеңі Жарыс кезеңі Өтпелі кезең

Жалпы дайындық бөлімі

Арнайы дайындық бөлімі

Орта циклдер

Орта циклдер

Орта циклдер:

Тарту, базалық



Орта циклдер: тексеру, дайындау, шыңдау

Жарыс алдындағы жарыс, қалпына келу

Қалпына келу, көтермелеу,, дайындық

Таратылатын тапсырмалармен жұмыс.


Тапсырма №1 Спорт түріне қарай макроцикліне байланысты спорттық жаттықтыру кезеңдерін бөл.

  1. – Футбол

  2. Көпсайыс

  3. ядро лақтыру


Үйге тапсырма

Спортттық жаттықтыру кезеңдеріне әдістемелік талдау жаса.


Қорытынды сұрақтар:

Спорттық жаттықтыру кезеңдерін ата?

Дайындық кезеңі қандай бөлімдерге бөлінеді? Әр қайсысына сипаттама бер.

Өтпелі кезеңде өтілетін шараларды ата.

Қосақталған макроцикл дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

8 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар



Тақырыбы: Таңдалған спорт түрінде техникалық әдістерді үйрету әдістемесі

Мақсаты: Спорттық ойындардың техникалық әдістерін үйрену. Екіжақты ойында қолдану.

Жұмыс барысы:

Таратылатын тапсырмалармен жұмыс.

Суретте көрсетілген техникалық әдістерді үйреніп, жатығу жұмыстарын жаса.

Тапсырма №1 Волейбол. Тура шабуыл доп беру техникасы



Тапсырма № 3 . Акробатика. Акробатикалық жаттығуды орындау техникасы




Үйге тапсырма

Техникалық әдістер бойынша конспект жасау.


Қорытынды сұрақтар:

Техника түсінігіне анықтама беріңіз?

Техникалық әдіс дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.
9 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: Қозғалыс сапасын оқыту әдістемесі
Мақсаты: Дене тәрбиесі сабағында қозғалыс сапасын арттыру мақсатында жүргізетін жаттығуларды үйрету әдістемесін меңгеру, практикада пайдалану.
Жұмыс барысы:

Таратылатын тапсырмалармен жұмыс. Берілген карточкалардағы жаттығуларды сипаттап, ретімен жаз.


Тапсырма №1

Тапсырма №2




Тапсырма № 3





Үйге тапсырма

Қозғалыс сапасын арттыратын жаттығу кешенін құрастыр.


Қорытынды сұрақтар:

Қозғалыс сапасына анықтама бер?

Қандай жаттығуларды жүргізуге болады?

Физикалық ерекшеліктерін ата?



Әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.
10 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: Бақылау жаттығуларын қолдану және өткізу әдістемесі
Мақсаты: Бақылау жаттығулары туралы мағлұмат беру. Дене тәрбиесі сабағында қолданылатын бақылау жаттығуларының кешенін құрастыру. Практикада пайдалану.

Жұмыс барысы:

Таратылатын тапсырмалармен жұмыс. Берілген жаттығулардың орындалуын ретмен жаз. Мысалы, Б.Ж.-тіземен тік тұру, таяқ төменде. О. Алға еңкею, таяқты өзінен барынша алшақ денеге қою. Б.Ж. – тік тұру, таяқ төменде.


Тапсырма №1

Тапсырма №2




Тапсырма № 3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет