Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына мəселелерге аса көңіл аударылып отыр:
Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сəйкестігі.
Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын əдіс-тəсілдерінің оқушылармен жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы.
Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын əрекетіне негізделіп, біртіндеп оқу əрекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар баланың ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі.
Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу деңгейін байқау.
Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дəстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі.
Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тəжірибе əдістерін ұтымды жерінде қолдана білу шеберлігі.
Сабақ мерзімінің 30–35 мин аспауы.
Мұғалімнің оқу-əдістемелік кешендерді пайдалану жəне оған талдау жасау шеберлігі.
Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан эксперименттік сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі.
Білім беру жүйесіндегі 12 жылдық мектепке ауысу бірқатар мəселелердің шешілуін талап етеді:
Бұл өзгерістің экономикалық негізделуі.
Бағдарламалық-əдістемелік қамтамасыз етілуі (мемлекеттік стандарт, жаңа кітаптар).
Жаңа жүйеге лайық мұғалімдер даярлау, мұғалімдерді қайта даярлау.
Жалпы жəне орта білім беру мектебінде нормативті-құқықтық базаның жетілуі.
Санитарлық-гигиеналық норма жəне негізгі ережелеріне өзгерістер енгізу.
Мектепке дейінгі бастауыш, орта жалпы жəне жоғары бейіндік білім беруде сабақтастықтың болуы.
Білім саласын елдің тарихи дəстүріне, мəдениетіне бейімдеу
Достарыңызбен бөлісу: |