1.2 Физика сабағында модульдік оқыту тенологиясын қолдану
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. [5]
Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы. [5]
Модульдік оқытудың құрылымы:
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:
4. Оқу әрекетінің жиынтығы;
5. Нәтижені бағалау:
Қазіргі кезде еліміздің барлық орта мектептерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат – жахандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену.Сондықтан қазіргі уақытта оқытудың жаңа технологиялары көбірек қолданылуда. Онсыз жаңа сатыға көтерілу, білім сапасын арттыру әсте мүмкін емес.Инновациялық жүйе негізінде мектеп оқушыларының белсенділігін арттырып өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық шығармашылық қабілетін дамыту қажет. Модульдік оқыту технологиясыныың ерекшелігі әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктері ескерілетінін оқушылардың, өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдылары қалыптасатынын байқадым. [5]
Осы технология негізінде оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік туып, оқуға деген ынтасы оянады. Өз іс тәжірибемде физика сабағында М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту әдісін» оқушыларға жеке тапсырма беру арқылы жетілдіре оқыттым. Оқушыны дара тұлға етіп тәрбиелеу, олардың білім сапасын, танымдылығын арттыру мақсатында жаңа әдіс тәсілдерді сабаққа үнемі пайдалану олардың шығармашылық қабілетін арттырады. Төменде осындай жаңа әдіспен 10 сыныпта өткізілген «Электростатика негіздері» тарауына арналған қайталау сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Электростатика негіздері
Сабақтың мақсаты: «Электростатика негіздері » тарауы бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеріп және пәнге деген ынтасын арттыру;
Білімділік: Электр өрісінің кернеулігін, электр сыйымдылығын оқып үйрену, электр өрісінің күш сызықтарын көрсету, сипаттау.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін арттырып, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Ғылыми – техникалық білім беру, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, жүйелеу, қорытындылау .
Сабақтың әдісі: Ойын сабақ, топтық жұмыс, түсіндірмелі сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, үлестірмелі материалдар, плакат.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Ойын шартымен таныстыру
І. Ой толғаныс (Сенім, Өкіл, Таңдау, Бәрі) Үш деңгейде тапсырма беріледі.
«Сенім » қағазы түскен топ мұғалімнің сеніміне кірген топ болып есептеліп деңгейлік тапсырманы тексеруге көмектеседі; «Өкіл » қағазы түскен топ іштерінен жауап беруге бір оқушыны өкіл етіп шығарады; «Таңдау » түскен топтан жауап беретін оқушыны мұғалім өзі таңдайды; « Бәрі » қағазы түскен топ бәрі бірге кезектесіп жауап береді.
ІІ. Суреттер сөйлейді ( Терезедегі сандарды таңдау арқылы суретпен берілген сұраққа жауап береді. )
8-сурет
ІІІ. Мәреге жет(формула,өлшем бірліктер, физикалық шамалар атауын жазып шығу)
ІҮ Сәйкестігін тап.
Ү. Тестпен жұмыс
Қорытынды. Тірек схема арқылы мұғалімнің көмегімен тарау бойынша алған білімдерін еске түсіру
Үйге тапсырма
ІІІ – деңгей
1) Егер U кернеуге дейін зарядталған конденсаторға сыйымдылығы дәл осындай зарядталмаған конденсаторды параллель қосса, оның астарларындағы кернеу қалай өзгереді?
2) Электростатикалық өрістің қандай қасиеті оның потенциалдығын көрсетеді?
ІІІ – деңгей
1) Өткізгіштің сыйымдылығы неге тәуелді болады?
2) Полярлық диэлектрикті біртекті электр өрісіне алып келгенде онда қандай құбылыс өтеді?
ІІІ – деңгей.
1) Тепе – теңдік кезінде өткізгіштің заряды қай жерде орналасады?
2) Зарядталған конденсатордың энергиясы қай жерде жинақталады ?
ІІ – деңгей
Егер кернеуін екі есе арттырса, конденсатордың энергиясы қалай өзгереді?
ІІ – деңгей
Біркелкі зарядталған шексіз екі пластинкалардың зарядының беттік тығыздығын 3 есе арттырғанда,олардың арасындағы кеңістіктегі нүктелердегі электр өрісінің кернеулігі қалай өзгереді?
ІІ – деңгей
Арақашықтығын 4 есе арттырғанда нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді?
І – деңгей
1) Горизонталь орналасқан екі пластинканың арасындағы кернеу 600 В. Осы пластинкалардың өрісінде массасы 3* 10 -8 г зарядталған тозаң тепе – теңдікте тұр. Пластиналардың ара қашықтығы 10 см тозаңның зарядын табу керек.
2) Диэлекртлік өтімділігі Е=1,5 болатын ортадағы кернеулігі Е=2* 10 В/М болатын нүктеде электр өрісі энергиясының тығыздығы неге тең?
І – деңгей
Сыйымдылығы 0,02 мкф жазық конденсаторды тоқ көзіне қосқанда, ол 10 ¯8 Кл заряд алды.Егер пластиналардың арақашықтығы 5 мм болатын болса, конденсатор өрісінің кернеулігін табу керек.
загрузка...
2)Конденсатордың электр сыйымдылығы 100 мкф, астарларының арасындағы кернеу 4 В. Конденсатордың электр өрісінің энергиясы неге тең?
І – деңгей
1) Екі зарядтың қарастырылып отырған нүктедегі электр өрісі проекциялары: Е1х=2 В/м ;Е2х= 2 В/м; Е1у = -5 В/ м, Е2у= 2 В/м. Қорытқы өрістің модулін табу керек.
2) Сыйымдылықтары С1= 1 мкф, С2=2мкф және де С3 =3мкф болатын 3 конденсатор тізбектей қосылған. Олардан қандай ең минималь сыйымдылық алуға болады?
3)Электр өрісіндегі екі зарядтың күш сызықтарының орналасуы қандай болады ?
4)Электр өрісінде зарядталған бөлшектің қозғалысын түсіндір.
Мәреге жет.
Физикалық шамалар, өлшем бірліктер, формулалар ( Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша төртбұрыштың ішін толтырып шығады , төменнен жоғары қарай )
Сәйкестігін тап.
1) Электр өрісінің потенциалы үшін суперпозиция принципі 1,6 * 10-19Кл
2) Электр өрісінің біртектілік шарты Е = E0/Е
3) Электр өрістерінің суперпозиция принципі Е<Ео
4) Диэлектриктегі электр өрісінің кернеулігі мен сыртқы электр өрісінің кернеулігі Ео Е = E1+ Е2 + …. арасындағы қатынас
5) Минималь электр заряды Е=const
6) Диэлектрик өтімділік мәні ε = ε 1+ε2 + ….
Тестпен жұмыс. ( тестілеу құрылғысымен алынады)
Ара қашықтығын 2 есе азайтқанда екі нүктелік зарядтың кулондық өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді? Ж. 4 есе артады
Екі кішкене зарядталған шариктердің әрбіреуінің зарядтарын екі есе арттырып, ал ара қашықтығын сол күйінше қалдырған кезде, олардың кулондық өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді? Ж. 4 есе артады
Екі нүктелік зарядты диэлектрлік өтімділігі Е ортадан вакуумге алып өткенде олардың өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді( зарядтардың ара қашықтығы өзгеріссіз қалады)
Ж. Диэлектрлік орта өзара әрекеттесу үшін вакууммен салыстырғанда Е есе артады.
ε 0 электр тұрақтысының өлшем бірлігі : Ж. Ф/м
5.Горизонталь орналасқан екі пластинканың арасындағы кернеу 600 В. Осы пластинкалардың өрісінде массасы 3*10-8 г зарядталған тозаң тепе-теңдікте тұр.Пластиналардың ара қашықтығы 10 см. Тозаңның зарядын табу керек.
Ж: q=mg/Ud=5*10 -11Кл.
6.Электростатикалық өрістің екі нүктесінің потенциалдар айырмасының сан мәні немен аяқталады.
Ж. Бірлік оң зарядтың осы нүктелердегі потенциалдық энергияларын айырымымен аяқталады.
7.Электр зарядын кез-келген траекториямен алып өткенде ондағы электр өрісі күштерінің жұмысы нөлге тең болса, бұл қандай өріс? Ж. Магнитөрісі
Егер U кернеуге дейін зарядталған конденсаторға сыйымдылығы дәл осындай зарядталмаған конденсаторды параллель қосса, оның астарындағы заряд қалай өзгереді?
Ж.. Бұл жағдайда заряд конденсатор астарлары арасынада тең бөлінеді, сондықтан конденсатордың заряды екі есе азаяды.
Егер сыйымдылығы дәл сондай зарядталмаған конденсаторды зарядталған конденсаторға параллель қосса, зарядталған конденсатордың электростатикалық энергиясы қалай өзгереді?
Ж. Зарядталған конденсатордың заряды екі есе азаяды, сондықтан енді оның энергиясын W=q2/2C бойынша алатын болсақ онда ол екі есе азаяды екен.
Электросыйымдылық қандай бірліктермен өлшенеді ? Ж. Фарад
Бағалау парағы:
Топтың аты
|
Ой толғаныс
|
Суретпен жұмыс
|
Мәреге жет
|
Сәйкестігін тап
|
Тестпен жұмыс
|
Қорытынды
балл
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жаңа технологияларды пайдаланып орта мектепте «Электродинамика» бөлімін оқыту әдістемесі
Жалпы білім беретін орта мектептерде физика пәнін оқытудың негізгі түрі – сабақ. Мектепте сабақ сынып – сабақ жүйесі бойынша жүргізіледі. Бұл жүйе чех педагогы Я.А. Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінен бастау алады. Оның белгілеріне: 1) оқу топтарының тұрақты құрылымы; 2) әр сыныптың оқу мазмұны; 3) оқу сабақтарының бекітілген кестесі; 4) жеке немесе ұжымдық оқыту; 5) мұғалімнің жетекшілік және ұйымдастырушылық ролі; 6) оқушы білімін жүйелі тексеру және бағалау жатады . Бүгінгі күні сабақ – білім беру мен оқушы іс - әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың бірі – сабақтың құндылығы. Сабақтың құндылығы оқушыларға білім берудің, тәрбиелеудің және дамытудың ұйымдастырушылық формасы болуымен қатар, мұғалім мен оқушы іс - әрекетін біріктіруге мүмкіндік береді.Оқу сапасы оқытудың түрлі әдістерін байланыстырып, оларды сабақта тиімді қолдануда көрінеді. Сабақта тиімді әдістерді дұрыс қолдану оқушылардың ақыл – ойының дамуына, шығармашылық ойлауына бағыт береді. [4]
Орта мектепте «Электродинамика» бөлімін оқытуда сабақ жоспары – мұғалім үшін міндеті құжаттардың бірі. Оны жасап, сабақ өтуге даярлану мұғалімнен шығармашылық жұмысты талап етеді. Себебі, шығармашылықсыз мұғалімнің шеберлігі де болмайды. Олай болса мұғалім сабақты жоспарлағанда, оны жоғарыда аталған дидактикалық мақсаттарына сәйкес тиімді ұйымдастыруды ойластыруы қажет. «Электродинамика» бөлімін орта мектепте оқытуда сабақ дәстүрлі сабақ ретінде түсіндіру, көрсету, баяндау әдістерімен танылады. Көп жылғы орта мектепте физика сабағын өту тәжірибесінен оқушылардың білім сапасы «ескі», әдеттегі тәсілдермен артпайтындығы белгілі болды. Білім беруде неғұрлым жоғары нәтижелерге жету үшін оқытудың пайдалы әсер коэффиценті төмен ескі әдіс тәсілдерін тиймділігі жоғары жаңа технологиялармен алмастыру қажеттігі туып отыр.Сондықтан да орта мектепте физика курсының «Электродинамика» бөлімін оқытуда жаңа технологиялар қолданылады. «Электродинамика» бөліміноқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалануда мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілдері әдіс ретінде анықталады. Физиканы оқыту әдістерін мұғалім мен оқушының оқып – үйрену кезіндегі әрекет айырмашылығына қарай екі түрге бөлуге болады: 1) оқыту әдістері (мұғалім әрекеті) – оқушының әрекеті мен информацияны басқару әдістері; 2) оқу әдістері (оқушы әрекеті) – оқушының оқу материалын танып білу әдістері. Көбінесе екінші топтағы әдістерге баса көңіл бөлінеді. Себебі, бұл әдістер арқылы оқу процесінің мақсаты болып табылатын оқу материалын игеру қамтамасыз етіледі. [7]
Орта мектепте физика пәнін оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану әдістері оқушылардың өздерінің физика жөнінде белсенді, дербес тану әрекетін іске асыруына бағытталған. Олар ғылыми әдістер және оқу әдістері болып екіге бөлінеді. Біріншісі, физиканы ғылым ретінде зерттеп білу құралы. Екіншісі, орта мектеп физикасын оқытуды жетілдіру үшін арнайы жасалған әдістер. Мысалы, эвристикалық әдісі, модельдеу арқылы үйрену әдісі, программалық оқыту әдісі. [4]
«Электродинамика» бөлімін оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану әдістері мен осы белгілерінің оқыту мазмұнына үйлесімділігі әлі де зерттелуде. Шындығында, барлық оқыту әдістерін үйлесімді қарастыру мүмкін емес. Сондықтан, оқытудың әрбір әдістеріне тән белгілер мен олардың физиканы оқытудағы маңызды түрлері қарастырылады. [7]
2.1 SMART - мақсат құру арқылы «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбынтүсіндіру
Достарыңызбен бөлісу: |