2.2 Блум таксаномиясын «Магнит өрісі» тақырыбына қолдану
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді:
-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;
-пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;
тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру.Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді Блум таксономиясы. [7]
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу. [7]
14-сурет
Блум таксаномиясын «Магнит өрісі» тақырыбына қолдану:
Ассоциограмма әдісі
Магниттің солтүстік үйегі
Магниттің оңтүстік үйегі
Магниит қасиеттері
Құйынды өрістер
Француз физигі А.Ампер
Магнит индукциясы
Эрстед тәжірибесі
Магнит өрісі
Білу және түсіну
Қозғалыстағы зарядтардың әсерінен электр тогы пайда болады. Ендеше магнит өрісі дегеніміз – электр тогы тудыратын өріс. Ол өріс – электр тогың өзара әсерін жүзеге асырады. Қозғалмайтын электр зарядтары арасында Кулон заңы бойынша анықталатын күштер әсер етеді. Жақыннан әсер ету теориясына сәйкес бұл өзара әсер былай жүзеге асады: зарядтардың әрқайсысы екінші зарядқа әсер ететін электр өрісін тудырады және керісінше.Тог өткен өткізгіштердің өзара әсерін, яғни қозғалыстағы электр зарядтарының арасындағы өзара әсерлерді магниттік өзара әсер деп атайды. Ток өткен өткізгіштердің бір-біріне әсер ету күштерін магниттік күштер деп атайды. [8]
Егер де электростатикалық өрістің бар жоғы оған әкелінген зарядталған денелерге әсер әсер етуші күш арқылы білінсе, магнит өрісі осы өріске әкелінген тогы бар өткізгішке әсер ететін күш арқылы білінеді. Сөйтіп, электірлік және магниттік құбылыстардың осындай өзара байлйнысын бірінші рет 1820 ж. дат физигі Эрстет (1777-1851) ашқан болатын. Яғни ағатын ток маңына магнит стрелкасын қойсақ, онда стрелканын ток бағытына қарай бағытын біршама өзгерткендігін байқаған. [9]
15-сурет
Эстердің бұл жаңалығы көптеген физиктерді қызықтырып, осыдан бастап олар электромагниттік құбылыстарды кеңінен зерттей бастады. Солардың бірі француз физигі Ампер болды. Ампердің болжауынша магнит стрелкасын тек ток қана емес, ток жүріп тұрған өткізгіш те әсер ете алады деді.
Сөйтіп ол мынадай тәжірибе жасады. Тұрақты магнит өрісіне тогы бар өткізгішті алып келгенде , онда өткізгішке магнит тарапынан күш әсер етіп, өткізгіштің қозғалатындығын байқады. Сонымен, магнит стрелкасының тогы бар өткізгіштің маңында бағдарлануы, өткізгіштің пішініне, оның орналасуына және токтың шамасы мен бағытына байланысты болады.
Магнит индукциясының векторымагнит өрiсiнiң күштiк сипаттамасы болып табылады. Магнит индукциясы векторының бағыты ретiнде ток әсерiнен туған кейбiр магнит өрiсiнде еркiн қозғала алатын магнит тiлшесiнiң оңтүстiк S полюсiнен солтүстiк N полюсiне бағыты алынған. [9]
Достарыңызбен бөлісу: |