Тақырыбы: 18-19 ғғ. қазақ



бет2/7
Дата04.05.2023
өлшемі43,76 Kb.
#176023
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
18-19 ғғ. қазақ мәдениеті

Төртіншіден, Қазақстандағы ағартушылық ойдың қалыптасуына XIX ғасырдың 40–60- жылдарындағы орыс ағартушыларының, əсіресе «батысшылдарының», «славянофилдердің» қайсыбір мұраттары қазақ ағартушыларының жанына жақын келді. Олар (Ш. Уəлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин) Ф. Достоевскийдің, Н. Добролюбовтың, А. Герценнің, В. Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі (Ш. Уəлиханов, А. Құнанбаев) олардың авторларымен таныс болатын. Халықшылдықты тəжірибелік іс-əрекетке жетекші етіп, идеялық бағдарға ала отырса да, нақты- тарихи жағдайда халық бұқарасының екіжақты, яғни, əлеуметтік жəне ұлттық қанаушылық пен жалпы аймақтық артта қалушылық себептеріне байланысты қазақ ойшылдары тұтас алғанда типтік ағартушылық тұғырды ұстанды. Яғни, белгілі қоғамдық топқа, дəлірек бұқара халыққа, бағытталып, қоғамдық прогресті саны басым топтың мүддесі үшін күреспен байланыстырған революцияшыл демократтарға қарағанда қазақ ағартушылары XVIII ғасырдағы Еуропадағы ешбір тап пен сословиені бөле-жармай, жалпы ұлттың атынан сөйледі. Бұл, бір жағынан, көрсетілген кезеңде берілген аймақтың қоғамдық қатынастарының пісіп-жетілгенін аңғартса, екіншіден, осындай ерекше жағдайда жалпы халықтық прогресс идеясы өзекті болғанын жəне оның аса маңызды қоғамдық қажеттілікті бейнелегенін көрсетеді.

  • Бесіншіден, қазақ ойшылдары ағартушылық тұғырда қалғанымен, аңсаған қоғамды ұлт- азаттық күрес жолымен орнату əдістерін де жоққа шығармаған. Əйтсе де негізінде барлығы еркін, азат қоғам құрудың бейбіт жолын таңдады: жоғарғылардың реформасы көмегімен немесе «əділ»,«таза» білім мен басқару жəне ағарту, ғылым-білім арқылы өз халқының көзін ашып, санасы мен көңілін оятып, өздерін-өздеріне танытып, ескіліктен, езгіден арылтпақ болды. Бұдан тарихи құрылымы мен қоғамдық күштердің жіктелуі əлдеқайда өзгеше орыс революционер-демократтары секілді төңкеріс жолын қуаттап, оған бірден-бір шешуші əдіс, айқын жол деп шақырмауын кемшілікке жатқызу орынсыз болар еді. Керісінше, рух пен тəн арасындағы, жалпы аспан астындағы үйлесімділікті іздеп, сол жолда, бойды сезімге емес, ақылға жеңдіртіп, мəселенің шеті мен шегіне ауытқымай негізгі ортасын ұстануды үйрететін дана Шығыс философиясының көрінісін аңғарамыз.

  • Алтыншыдан, қазақ ағартушыларына қоғамдық прогресс жолындағы күресті француз немесе орыс ағартушылары сияқты феодализмнің немесе крепостнойлық тəртіптің ыдырауы жағдайында емес, үзілмей жалғасып келе жатқан дəстүрлі қауымдық қатынас үстемдігі кезеңінде жүргізуге тура келді. Осыған байланысты олардың көзқарастарында қоғамдық прогресс идеялары ұлтаралық ынтымақ, достық, орыс халқы мəдениетінің жетістіктері мен игі əсері жайлы ойлармен астасып жаты



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет