Тақырыбы: Абайдың адам және қоғам туралы пікірі



Дата20.03.2020
өлшемі13,42 Kb.
#60584
Байланысты:
айдана эссе

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Абайдың адам және қоғам туралы пікірі

Орындаған:Бақытқызы А.

Тобы:АГ-901

Тексерген: Сайранбекова Ұ.

Абайдың адам және қоғам туралы пікірі”



Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы,Қарқаралы деген жерде дүниеге келген.Негізі туылған кездегі есімі- Ибраһим болған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан.Әкесі-Құнанбай Өскенбаев.Анасы-Ұлжан Асанова.Абай Құнанбаев Шығыс пен Батыс Мәдениеті мен өркениетін жетік білген.Абай өзінің жиырма жетінші қара сөзінде дін мәселесі жөнінде пікір алысып,ой жарыстыратын моралист-философ Сократтың “Адам ең әуелі өзіңді-өзің таны”деген этикалық принципі Абайдың да адам, адамгершілік туралы ойлары адам тарихындағы ұлы ойшыл даналардың пікірлерімен ұштасып жатады.Абайдың арманы да “адамды(пендені) адамға айналдыру”,адамды кісі ету,азамат ету.Адам – дүниенің,мәңгіліктің туындысы,пенде – жалғанның,күнделікті тіршіліктің туындысы.Тіршілікте жан сақтау да, ар сақтау да бар.Абай ар сақтауды жан сақтаудан жоғары қояды.Абайдың даналық түсінігінде адамның адамдығы,ең игі қасиеті жан сақтау емес – арын сақтау.Абай этикасында Ар,Намыс,Ұят – ең негізгі ұғымдар.Бұл ұғымдардың мәні,мазмұны,ішкі сыры тек адамның өзімен-өзі кеңескенде,өзінің ішкі жан дүниесіне үңілгенде ғана мағынасы ашылатын,айқындалатын ұғымдар.Адам болудың бір шарты – Ұят деген ұғымды бойға сіңдіру.Ұят дегеніміз – адам бойындағы адамгершілікке жат,жаман қылықты,істі өз мойнына алып,өзіңді-өзің ұрсу,өзіңді-өзің дұрыс,әділ,адал жолға салу.Сонымен қатар Абай атамыз өз заманындағы әділетсіздіктерді,қоғамындағы қарама-қайшылықтарды өз шығармашылығының басты негізі ретінде алған.Осындай себептерден де Абайдың өз кезіндегі қазақ қоғамы туралы ой-тұжырымдары ащы да шындық,әрі аса тағылымды.Ол бұрын-соңды қазақ ойшылдарының ішінде қоғамды қоршаған әлеммен салыстыра отырып,даланың дана перзенті ретінде таныды.Абай қоғамды тарихи құбылыс ретінде тани отырып,адамның тағдыры соған байланысты,әркім өз ортасының туындысы,адам баласын заман өсіреді,кімде-кім жаман болса,оның замандасы кінәлі деді.Сол себепті <<Жетінші сөзінде>> ол:<<Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп,ең болмаса денелеп білмесе,адамдықпен орны болмайды.Оны білмеген соң,ол жан адам жаны болмай,хайуан жаны болады>>деп дүниені білуге,тануға болатындығын,адам баласының жануарлар дүниесінен айырмасын атап көрсетеді.Мұнымен шектелмей Абай Алла тағала адам жанын хайуанның жанынан ірі жаратқан деп адам баласының жаратылысының бөлек екенін ескертеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет