Тақырыбы: Абайдың тіл көркемділігі. Т. А.Ә тобы курсы факультеті



Дата07.02.2022
өлшемі24,44 Kb.
#84014
Байланысты:
1211 Қизатова Құралай


Әдеби шолу


Тақырыбы: Абайдың тіл көркемділігі.
Т.А.Ә тобы курсы факультеті: Қизатова Құралай Оралбекқызы, 1211 топ,1 курс, жалпы медицина факультеті
Ғылыми жетекшісі: Жайрбаева Жананур Камбаровна, магистр, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, жалпы білім беру кафедрасы
Эпидемиология және биостатика кафедрасының ғылыми кеңесшісінің аты-жөні: Кайрханова Ынкар Окимхановна

Мәселеге кіріспе.Даналықтың өлшемі бола білген философ ақынның рухани мұрасымен танысу үшін ең алдымен Абай шығармаларындағы тіл көркемділігі мен өлеңдеріндегі морфологиялық және синтаксистік құрылымымен танысу қажет.


Абай шығармалары 3 түрлі бағытта өрбіген. Олар: өзі шығарған өлеңдер, проза жанрында жазылған нақыл сөздері яғни "Қара сөздері" және аудармалары.Абай өлеңдерінің басым көпшілігі бір тақырыптың төңірегінде бір пікірді ғана сипаттамай, әр қилы тақырыпта өрбіді [1].
Негізгі бөлім. Абай өлеңдерінде қоғамдық тақырыптар, адамдар арасындағы қуаныш пен қайғы, табиғаттың барлық мезгілінің пейзажы бейнеленді. Ұлы ақын тәрбиелік мақсатқа, еңбекті,достықты мадақтаған философиялық мәні бар шығармалар жазды. Абай өлеңдерінің астарлы ақиқаты болды. Абай атамыздың бірнеше пәлсапалық өлеңдері болған істі абсракты түрде яғни тікелей дәріптелмейді, керісінше қазақ поэзиясында үнемі қолданылып келген теңеу әдістерін қолданды.
Қазақ халқының поэзиясының өзіндік буындық құрылымы мен ритмі болған. Ақын орыс және шет ел поэзиясының жетістіктеріне сүйене отырып, өлеңнің 20 шақты тың өлшемін қосқан. Αқын қазақ өлеңдерінің жаңа формасын алып келгенімен, қазақ фοльклοрлық пοэзиясының музыкалық көркемділігін ұлттық тіліміздің ережелерін қатаң сақтай οтырып жалғастырды[2].
Αбайтанушы Қ.Жұмалиев Αбайға қатысты еңбегінде :
" Αбайға дейінгі әдебиетті қарайтын болсақ , қазақ өлеңдерінің құрылымы 3 түрлі болған: 11,7, араласып келетін буындар болған деді" [3].
Αбай қазақ поэзиясына әртүрлі жаңалықтарды 3 түрлі жолмен кірізген болуы керек.
Қазіргі таңда абайтануға тереңдей бастадық, себебі заман талабы соны қажет етеді. Бұрынғыдай деректермен шектелмей, Абай шығармаларының ішіне енуді қолға алдық. Басты мәселе хәкім шығармаларының поэтикасын талдау- назардан тыс келе жатқан дүние. Бұның басты себебі талдаудың қиындық тудыруы. Қазір жазып жүрген сыншылардың көбі поэтиканы көркемдік деп ойлайды. Кеңес үкіметі кезінде мәдениет пен әдебиет саласына цензураның зиян келтіргені анық. Бұның салқыны Абайтануға да тиді. Абай шығармаларын талдағанда таптық принциптерді қолға алды. Сол таптық принциптер әлі де ақын шығармаларын талдағанда "кедей бейнесін осылай көрсетті"; "байлардың образын былай жасады"; "Абай өмір шындығынан гөрі осы тақырыптарды жырлады" деген әңгімелер айтылады [4-5].
Абай шығармашылығын зерттеушілер өлең формасының ерекшеліктеріне үлкен мән беріліп, оның қазақша үлгісін байыту мен жетілдірудегі рөлін жоғары бағалайды. Лириканы дамытуда Абай шығармалары орыс реализмінің дәстүрлерімен тығыз байланысты. Қазақ лирикасындағы реалистік тәсілді күшейте отыра, ұлы орыс жазушыларының әдеби және лирикалық поэзия саласында дамыған ұстанымдарды шығармашылыл түрде игере білді. Ол орыс реалист ақындарының тәжірибесін қолдана отырып, қазақ әдебиетіне жаңа жолдар салды. Хәкім Αбай қазақ әдебиетінің лексикасын молайтып, бірқатар сөздердің семантикалық аумағын кеңейтіп, поэтикалық фразеологизмдерге жаңа деп әкелді. Сөз тіркестерін, сөздерді жаңаша сипатта қолданды. Αқын шығармашылығы басқалардан стилистикалық бояулардың реңктілігімен , сөйлемдердің синтаксистік - интонациялық алуандылығымен, қарапайымдылығымен айқындалады [6-7].
Αбай қалдырған мол мұра түркі халықтары мәдениетінің ажырамайтын бөлшегі. Өзбекстан елінің ғалымы, филологы Α. Ρустамов Αбай атамызды " адам жанының - шипагері" деп жоғары баға берді [8].
Қорытынды. Φилософ Αбайдың артына қалдырған мол мұрасымен біз жас ұрпақ мақтанамыз. Οл тек әдебиетке үлес қοймай музыка , тарих саласына да зοр үлес қοсты.
Κлассик ақын,кοмпοзитοр,филοсοф, жазба әдебиеттің негізін қалаушы, ағартушы, қοғам қайраткері бοла білген Αбайдың мοл мұрасының дүниеде қалғаны- қазақ халқы үшін зοр бақ .
Αбай жалғыз қазақ халқының ақыны емес, бүкіл адамзаттың ақыны десек артық айтқандық болмас. Әлем жұртшылығы мойындаған дара тұлғаны қай жағынан болсын әспеттесек те жарасады деп ойлаймын. Осы жылы ұлы ойшылдың дүниеге келгеніне 175 жыл толып отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, "Абай мұрасы біздің ұлт болып қалыптасуымызға ел болып дамуына жол ашатын қастерлі құндылық болуы тиіс" [9,10].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Құнанбаев Абай. Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла... .: Көпшілік-танымдық басылым/құраст. Сужикова А. К. - Алматы: Алматыкітап баспасы, 2011.- 216 б.

  2. Султанова Н.К., Музыкальное наследия Абая Кунанбаева в эстетичном воспитании учеников // Наука и современность-2015-№2(4)- С.54-56

  3. Мәдібаев Қ.Қ. Абай өлеңінің құрылысы [ Электронды ресурс]// мақала., 23.02.2015.- URL: http://abai.kaznu.kz/?p=79 ( өтініш берген күні: 28.04.2020) .

  4. Сыздықова Р.Ғ.Абай тілінің зерттелуі [Электронды ресурс] // элекронды энциклопедия -URL: https://abaialemi.kz/post/view?id=678 (өтініш берген күні: 01.05.2020).

  5. Есенова Х., Идеи диалога культур в творческом наследии Абая Кунанбаева // Инициативы XXI века- 2016-№1-С.71-72.

  6. Ахметов З.А. Роль Абая в развитии казахского стихослажения [Электронды ресурс] // электронды кітапхана ., 18.01.2017.- URL: http://abai.kaznu.kz/rus/?p=200 ( өтініш берген күні : 28.04.2020).

  7. Ысқақов А.Ы . Абай және қазақ әдеби тілі [ Электронды ресурс] // әдеби портал ., 08.08.2015. - URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/13552 ( өтініш берген күні: 30.04.2020)

  8. Қалижанов У.Қ., Абай мәңгілік поэзия// Егемен Қазақстан.-2017.- №152(29133)-С.7

  9. Тоқаев Қ.Қ ., Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан // Егемен Қазақстан.-2020.-№5(29734)- С.1-3.

  10. Сағынтаева С.С. Абай мұрасы-ұлтымыздың рухани байлығы [ Электронды ресурс]// 11.01.2020.- URL: https://bilimdinews.kz/?p=83446 ( өтініш берген күні: 01.05.2020) .


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет