Адам сыртқы ортаның тигізген әсерін, шама шарқынша өңдеп, бейнелейді. Ғылыми тұрғыдан психика, сана зат емес, оны көруге, суретін түсіріп алуға болмайды. Сана- сыртқы заттардың мидағы көрінісі. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, адамның миында жүйке жүйесінде жасалып жататын шындықтың күрделі бейнесі.
Сана туралы түсінік
Сыртқы дүние мида түйсік, қабылдау, елестеу, ой-сезім түрінде бейнеледі. Бұлардың бәрін бір сөзбен адамның санасынемесе психикасы деп атайды.
Сана- сыртқы дүниенің бейнесі. Біздің миымыз сыртқы әсерлердің бәрін қабылдауға, бейнелеуге қабілетті. Мидағы бейне, образ сол бейнеленген зат пен құбылысқа сәйкес. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, ол адамның миында жүйке жүйесінде жасалы жататын шындықтың күрделі бейнесі.