Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі – ойлай білетін адамның дүниеге келуі. Адамның еңбек етуі, еңбек құралдарын жасап, оны пайдалануы оның санасының дамуына зор ықпал жасады. Адамды жаратқан да осы өндіруші еңбек. Еңбек ету арқылы ол өзінің түрлі тіршілік қажеттерін қанағаттандырып қоймай, айналасындағы бейнені тану түсуге де мүмкіндік алады. Еңбек ету арқылы адам тек материалдық игіліктерді өндіріп қана қоймай, өзінің ой-санасын, психологиясын да қалыптастырады.