Сөйтіп, күнделікті өмірдің жағдайлары адамның арғы тегінқолды төрт аяқтап жүруден екі аяқтап жүруге, алдыңғы екі аяғының бірте-бірте қолдың қызметін атқаруынан, өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келді . Ол құралдарды күн көру, аң аулау, жауынан қорғану үшін пайдаланды. Құрал жасаумен шын мәнісіндегі еңбек ету басталды.
Еңбек құралдарын жасау, оны пайдалану адам организмінің анатомиялық құрылысына да үлкен өзгерістер енгізді.Мыс, біртіндеп омыртқа жотасы өзгеріске түсті, мойын омыртқалары ерекше жетілді, бас сүйегінің формасы мен көлемінің өзгеруі, ми қабығы клеткаларының күрделенуіне мүмкіншілік туғызды. Бет әлпеті өзгеріске ұшырады. Сөйтіп, адам еңбек ету процесінде сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасай отырып, бірте-бірте өз табиғатын да өзгертті, біртіндеп оның сана-сезімі де өсе бастады. Еңбекпен айналысу психиканың материалдық негізі, мидың, ми сыңарларының ерекшк дамуына жағдай жасады. Ол психикалық процестерінің мазмұны кеңейіп, адамның сезім мүшелерінің пацда болуына ықпал жасады.