Ч. Дарвиннің тұжырымдамасы бойынша маймылдың адамға айналуы.
Ағылшын ғалымы Ч. Дарвин біздің арғы тегіміздің адам тектес маймылдардан пайда болғанын дәлелдегеннен, еңбек процесінің шешуші рөлін көрсете алмады. Энгельстің айтуы бойынша, адамның дене және ойлау қабілетінің жетілуінде, миын дамытуында еңбек пен дыбыстың маңызы зор болды. Адамға айналу процесінің өзі күрделі нәрсе. Мыс, олар алғашында ағаштың басында өрмелеп , секіріп жүріп күн көруге кейіннен жер бетіне түсіп тіршілік етуге, төрт аяқтап жүруге мәжбүр болған. Мұның бәрі тіршілік талаптарынан туған. Бұл жөнінде Энгельс былай дейді: “Ең алдымен өздеріні бір нәрсеге өрмелеп шыққанда қолдың аяққа қарағанда өзге міндеттер атқарауын керек ететін тіршілік қалпының әсерінен болуы керек , бұл маймылдар жермен жүрген де қолдың көмегін ұмыта бастап, барған сайын тік жүруді үйрене бастаған. Осы арқылы маймылдан адамға айналу үшін шешуші қадам жасалған.”