Тақырыбы: «Апта күндері» Мақсаты: Білімділік



Дата31.01.2018
өлшемі62,04 Kb.
#37002
Тақырыбы: «Апта күндері»

Мақсаты:

  1. Білімділік: Апта түсініктерін терең меңгерту, тақырып бойынша қысқаша әңгіме айта білуге машықтандыру, оқушылардың білімдерін жүйелеу, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін кеңейту арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, сауатты жазуды қадағалап, дамыту.

  3. Тәрбиелік: Өз уақыттарын орнымен пайдалануға және ұтымды жұмыстар жұмсауға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекі – құралдар: оқулық, суреттер, сөздіктер.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелеу, аударма.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Амандасу, түгелдеу;

  2. Сабақты мұқият тыңдауға баулу;

  3. Сабаққа белсене қатысып, тәртіп сақтауды үйрету.

  • Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Оқушылар, бүгінгі күнге қараңдаршы, аспан ашық, күн жылы, көңіл күйіміз көтеріңкі, тамаша! Мен сендерге бүгінгі күнге жақсы көңіл – күй сыйлаймын. Барлығыңа бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін!

  • Ал, оқушылар жаңа сабағымызды бастайық. Ол үшін сендер бірнеше сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

  • Бір жылда неше  мезгіл бар? Төрт

  • Қандай атап көрейік.

  • Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс

  • Ауа-райы қандай?

  • Қыс мезгілінде неше ай бар

  • Қандай атап көрейік.

  • Қыс мезгілінің алғашқы айы (Желтоқсан)

  • Біз бүгін апта күндерімен танысамыз

Сонда,

  • Оқушылар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? «Апта күндері»

  • Иә, дұрыс апта күндері. Оқушылар аптада неше күн бар?

  • Дұрыс айтасыңдар жеті күн бар.

Оларды кім атап береді? Кәне:

  1. Дүйсенбі

  2. Сейсенбі

  3. Сәрсенбі

  4. Бейсенбі

  5. Жұма

  6. Сенбі

  7. Жексенбі

Бәрекелді, жарайсыңдар!

  • Жаңа сабақты пысықтау.

Оқушылар, мен сендерге ертегі айтайын. «Апта» деген ата болыпты. Оның жеті ұлы бар екен. Сол ұлдары бізге бүгін қонаққа келіпті.

Бірінші ұлы – «Дүйсенбі». Ол сендерге тапсырма бермекші. Ендеше оқушылар, тақтаға назар аударайық!



1 – тапсырма: Жоғалған сандарды тап .

1...,3...,5...,7...,9... .



  • Жақсы, тапсырманы орындадыңдар. Сендерге Дүйсенбі риза болды. Ал екінші ұлын қарсы алайық. Оның аты – « сейсенбі». Ол қандай тапсырмамен келгенін көрейік!

2 – тапсырма: Сұрақтарға жауап бер.

  1. Сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?

  2. Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?

  3. Демалыста не істейсіңдер?

  • Өте жақсы. Енді сейсенбі де сендер жайлы біледі. Есік алдына аптаның үшінші ұлы – «Сәтті сәрсенбі» келіп қалыпты. Ол бізге не әкелді екен?

3 – тапсырма: Берілген орыс тіліңде аударыңдар.

Қалам-ручка-pen

Дәптер-тетрадь-copybook

Алма-яблоко-aplle



  • Тамаша! Сәрсенбі сендерді орыс тілінен де қазақ тіліне қатесіз аудара алатыңдарыңа көзі жетті. Келесі төртінші қонақ – «бейсенбі». Бейсенбінің

Сергіту сәті .

Дүйсенбіде доп ойнадық далада


Сейсенбіде серуен құрдық аулада
Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп
Бейсенбіде би биледік әндетіп
Жұма күні жұмбақ шештік
Сенбі күні мультик көрдік
Жексенбіде үйде болып
Осылайша өте шығар 1 апта

4 – тапсырма:

Бүгін қай күн?

Бүгін Бейсенбі

Ертең қай күн болады?

Ертең Жұма болады.

Кеше қай күн болды?

Кеше Сәрсенбі күн болды!

Бәрекелді!

Ал енді,аптаның қасиетті күні – Жұма бізге қонаққа келген екен,біз оған санамақ айтып берейік..

5 – тапсырма: Санамақ айту.

Бір дегенім-бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім-елім,

Далам,тауым көгім.

Үш дегенім-үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім-төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім-бақыт,

Бағалайын уақыт.

Алты дегенім-ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

Жеті дегенім-Жалау,

Жүректегі алау.

Сегіз дегенім-сөзің,

Серт беретін кезің.

Тоғыз дегенім-тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім-Отан,

Қорға,оны ботам.

Жақсы, сендер Жұмаға санамақ айтып бердіңдер. Жұма сіздерге риза болып кетті.



6-тапсырма:Алтыншы және жетінші ұлдары демалыс күндері – Сенбі, Жексенбі. Оларға апта күндерін қазақша-орысша тілінде айтып берейік. Оларда бізге риза болып кетсін.

Дүйсенбі-понедельник

Сейсенбі-вторник

Сәрсенбі-среда

Бейсенбі-четверг

Жұма-пятница

Сенбі-суббота

Жексенбі-воскресенье



Әліппе-дәптермен жұмыс
Қорытынды: Балалар,сонымен бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта болды? Қане,кім айтып береді? Дұрыс.

Балалар, апта күндеріне байланысты адам есімдеріде бар,оларды атап көрейік.Дүйсен,Сейсен,Сәрсен,Бейсен,Жұмабай,Жексен.Міне,осымен сабағымыз аяқталды .Сабаққа жақсы қатынасып отырған балалар мадақталады.



Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі


Ашық сабақ


Тақырыбы: «Апта күндері»

Өткізген: Кабиева Г.Е

Сайқын-2017
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет