Тақырыбы: Асқазанның және ішектің моторлық, эвакуаторлық, секреторлық қызметін реттеу



бет7/10
Дата15.06.2020
өлшемі1,94 Mb.
#73466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қарындағы астың қорытылуы

Қарында сілекеймен шыланған ас 3-10 сағат кідіріп, механикалық және химиялық өңдеуге ұшырайды.

Қарында 3 түрлі без жасушалары – гландулоциттер бар: негізгі гландулоциттер - пепсиноген, айнала қоршаған – тұз қышқылын, қосымша гландулоциттер – шырышты зат – муцин шығарады. Осы заттар қарын сөлінің құрамына кіреді.

Адамда тәулігіне 2,0-2,5 л қарын сөлі бөлінеді. Ол түссіз сұйықтық. Меншікті салмағы – 1,002-1,007. Осмостық қысымы – 300 мосм/л (7,5 атм). рН – 0,8 – 1,5, тұз қышқылы көп – 0,3-0,5%


Қарын сөлінің құрамы

Н2О – 99,0-99,5%

Құрғақ қалдық – 1,0-0,5%

Органикалық заттар

Бейорганика-лық заттар

1. Ферменттер:

әрекеті

Хлоридтер, сульфаттар, фосфаттар, бикарбонаттар: натридің, калидің, кальцидің, магнидің.

- пепсин А

рН 1,5-2 ортада белок гидролизі

- гастриксин (пепсин С)

Оптимум әсері рН 3,2-3,5 ортады

- пепсин В (парапепсин немесе желатиназа)

Дәнекер ұлпа белоктарын ыдыратады

- реннин (пепсин Д немесе химозин)

Са++ иондарының қатысымен сүт казеиногенін казеинге айналдырады

- қарын липазасы

Эмульсияланған майларды (сүт май) глицерин мен май қышқлдарына ыдыратады

Органикалық заттар

Әрекеті

2. Лизоцим (мурамидаза)

Антибактериалық әсер

3. Кастла факторы– гастромукопротеид (муцин)
  • Қарынның кілегей қабатын механикалық және химиялық (HCl әсері) әсерлерден қорғайды.
  • В12 витамині сіңу үшін қажет.

4. Уреаза

Мочевинаны ыдыратады

5. Несеп қышқылы, мочевина, сүт қышқылы, амин қышқылдары, полипептидтер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет