Ас қорыту ауыз қуысында басталады. Ауызға түскен тағам мұнда 15-3 сек кідіреді. Осы уақыт ішінде ас кесегі шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, көмірсулар ыдырай бастайды.
Ауыз қуысының шырышты қабатының қызметі
Секреторлық.
Қорғаныстық.
Регенерация.
Сіңіру.
Рефлексогендік аймақ.
Сілекей, оның құрамы және маңызы
Сілекей – сілекей өзектері арқылы келіп құйылатын үш жұп сілекей безінің (шықшыт, жақ асты, тіл асты) және ауыздың шырышты қабығында орналасқан ұсақ бездердің аралас сөлі. Адамда тәулігіне 600-1500 мл, орташа 1,0-1,2 л сөл бөлінеді.