Тақырыбы: Асқазанның және ішектің моторлық, эвакуаторлық, секреторлық қызметін реттеу



бет10/10
Дата15.06.2020
өлшемі1,94 Mb.
#73466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Органикалық заттар

Бейорганикалық заттар
  • Протеазалар – белоктарды ыдыратады - Трипсиноген ішек энтерокиназа трипсин
  • Химотрипсиноген трипсин химотрипсин
  • Карбоксипептидаза (А,В)
  • Эластаза
  • Рибонуклеаза

Катиондар:

Na+, Ca 2+, K+, Mg2+

Аниондар:

Cl -, HCO3-, HPO4



2. Липаза – Са++ тұздарының қатысуымен эмульсияланған майларды ыдыратады

3. Гидролитикалық ферменттер – көмірсуларды ди- және моносахаридтерге дейін гидролиздейді.
  • -амилаза
  • мальтаза
  • лактаза

Шырышты заттар

Ұйқы безі сөлінің бөлінуі, оның кезеңдер

Ұйқы безінің секрециясы ас қабылдаған соң 2-3 минуттан соң күшейеді және 6-14 сағатқа созылады.



Ұйқы безі сөлінің бөлінуі 2 кезеңнен тұрады:

I. Күрделі рефлекстік кезең

Шартты рефлекстік

Шартсыз рефлекстік

II. Гуморалдық химиялық

Гастроинтестиналдық гормондар әсерінен жүреді



Сөл бөлінуін күшейтеді:
  • Просекретин HCl секретин
  • Панкреозимин-холецистокинин
  • Бомбезин, гастрин, инсулин

  • Сөл бөлінуін тежейді:

    Глюкагон, кальцитонин, ЖИП, ВИП, ПП, соматостатин.



Өт, оның маңызы

Өт бауырда үздіксіз түзіліп, 12-елі ішекке ас қорыту кезінде түседі. Ас қорытудан тыс уақытта өт қабында жиналады.



Өт қабы және бауыр өтін ажыратады. Бауырдан шыққан өт өт қабында жиналған өттен 5 есе сұйық.

Өттің құрамы

Тәулігіне 500-1500 мл өт түзіледі.

рН: өт қабынан шыққан өт – 6,0-7,0

бауырдан шыққан өт – 7,3-8,0

Меншікті салмағы – 1,008-1,015

Су – 86,6-97,4%

Құрғақ қалдық:

Органикалық заттар

Бейорганикалық заттар
  • Өт пигменттері: билирубин, биливердин
  • Өт қышқылдары және олардың тұздары: таурохол – 20%, гликохол – 80%
  • Холестерин.
  • Муцин.
  • Май қышқылдары, липидтер.

Na+, Fe2+, Mg2+, K+, Ca2+, аниондар: Cl-, HCO3-.

Ас қорытудағы өттің маңызы

  • Өт ұйқы безі сөліндегі ферменттердің, әсіресе липазаның әрекетін күшейтеді.
  • Майларды эмульсиялайды.
  • Май қышқылдары мен глицериннің мицеллалар түрінде сіңірілуіне ықпал етеді.
  • Тұз қышқылын бейтараптап, пепсиннің әсерін жояды.
  • Усиливает моторику кишечника.
  • Нәжістің қалыптасуына қатысады.
  • Майда еритін витаминдердің, холестриннің, кальций тұздарының сіңуін жеңілдетеді.
  • Бактериоцидтік әсер көрсетеді.

Өттің бөлінуі шартты және шартсыз рефлекстік түрде өтеді.

Өттің бөлінуін күшейтеді: өт қышқылдары, гастрин, секретин, бомбезин

Тежейді: глюкагон, кальцитонин, ВИП, ПП

Жіңішке ішектегі астың қорытылуы

Ішек сөлінің құрамы

Ішек сөлі либеркюн бездерінде түзіледі, сарғыштау, өзіне тән иісі бар сұйықтық.

рН – 7,2-7,5, 8,6-9,0-ға деін жетеді

Су – 98% Құрғақ зат – 2%



Органикалық заттар, қоректік заттардың гидролизін аяқтайтын 20-дан астам ферменті бар.
  • Протеазалар: энтерокиназа, полипептидаза, аминопептидаза, нуклеаза.
  • Дисахаридтерді гидролиздейтін: мальтаза, лактаза, сахараза – тек жіңішке ішекте.
  • Липаза, фосфолипаза, фосфатаза.
  • Муцин.

  • Бейорганикалық заттар: 1% минералдық тұздар К+, Na+, Ca2+, хлоридтер, бикарбонаттар

Ішек сөлінің бөлінуі

Ішек сөлінің бөлінуі нейрогуморалдық жолмен өтеді

Ас механо- және хеморецепторларды тітіркендіріп, сөл бөлінуі интрамуралдық жүйке жүйесінің қатысуымен рефлекстік жолмен күшейеді

Полостное пищеварение

Полостное пищеварение

Пристеночное пищеварение


Строение ворсинки

Мембраналық ас қорыту

Уголевым А. М. ашқан

Қуыстық ас қорыту жолымен ірі молекулалы заттар олигомерлерге дейін ыдырайды, олардың соңғы өнімдерге (мономерлерге) дейін ыдырауы ішектің кілегейлі қабатында – яғни мембраналық ас қорыту жолымен іске асырылады.

Мембраналық ас қорытуға қатысатын негізгі ішек ферменттері:

көмірсулар гидролизі - -глюкозидазалар (мальтаза, трегалаза), лактаза, инвертаза, т.б..

олиго- және дипептидтер гидролизі – пептидазалар;

сілтілік фосфатаза, липаза.

Ішектің қимыл әрекеті

Ішек қабырғасындағы сақина тәрізді және ұзына бойы орналасқан бірыңғай салалы еттердің жиырылуымен жүзеге асады.



Қимыл әрекетінің 5 түрі бар
  • Ширақтық (тонустық).
  • Маятник тәрізді.
  • Ырғақты бунақталу.
  • Перисталтикалық.
  • Кері перситалтикалық (құсу).

Қимыл әрекетінің реттелуі

Ішектің автоматиялық қасиеті бар. Вегетативтік жүйке жүйесімен реттеледі. Кезбе жүйке қимыл әрекетін күшейтсе, симпатикалық жүйкелер оны тежейді.



Гуморалдық реттелуі

Қимыл әрекетті күшейтеді: вазопрессин, окситоцин, брадикинин, серотонин, гистамин, гастрин, холецистокинин-панкреозимин, қоректік заттардың, әсіресе майлардың қорытылу өнімдері, т.б.

Тежейді: адреналин, норадреналин

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет