Құрғақ тағамдарға (кепкен нан, ет ұнтағы) сүтке қарағанда сілекей көп бөлінеді. Құм, қышқыл секілді заттарға көп мөлшерде сұйық сілекей бөлінеді. Ауыз қуысының рецепторларынан афференттік импульстер үшкіл, бет, тіл-жұтқыншақ және кезбе жүйкелерінің афференттік талшықтарынымен сопақша мидағы сілекей бөлу орталығына барады. Одан симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелердің эфференттік талшықтарымен сілекей бездеріне жетеді.
Рис 121, 122
Симпатикалық жүйкелерді тітіркендіргенде - симпатикалық сілекей – қою, органикалық заттарға бай, аз мөлшерде.
Парасимпатикалық жүйкелерді тітіркендіргенде – хордалық – сұйық, көп мөлшерде, минералдық заттарға бай.
Сілекейдің бөліну механизмі - рефлекстік
Сілекейдің бөлінуі 2 кезеңнен тұрады
- Шартты рефлекстік кезең. Сілекей ас ауызға түспей тұрып, тағамның иісіне, түріне, дәмді тағам еске түскенде бөлінеді. Бұлы қыртыс пен сілекей бөлу орталығының қатысымен жүзеге асады.
- Шартсыз рефлекстік кезең. Сілекей ас ауызға түсіп, ондағы рецепторларды тітіркендіргенде бөлінеді. Афференттік жүйкелер бойымен импульстер сілекей бөлу орталығына жетіп, одан секреторлық жүйкелермен сілекей бездеріне барады.
Достарыңызбен бөлісу: |