Тақырыбы: Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизм
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ …………………………...................……………………………
І ТАРАУ Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері ……
ІІ ТАРАУ Етістікті фразеологизмнің семантикалық категориялары ...
ІІІ ТАРАУ Етістікті фразеологизмнің тақырыптық-мағыналық
топтары ……………………………………………..………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………………………….
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Қазақстан халқына жолдауында осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі төртінші басымдық ретінде атап көрсетілген.
Елбасы өзінің осы Жолдауында осы заманғы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту мәселесіне ерекше назар аудара отырып:
“Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет…”, - деп нақты міндеттер жүктеді.
Сонымен бірге Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығымен 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасында рухани және білім беру саласын дамыту, елдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету жөнінде мақсат қойылған. Соған сәйкес елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтастай жүйесін құру; көркем және ғылыми толық дестелерін шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және т. б. міндеттер жүктелген.
“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының “3.3. Ұлттық және әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиет басылымдарының дестелерін әзірлеу”атты бөлімінде: “Тіл білімі” топтамасындағы осы бағыттың дестелерінде қазақ әдеби тілінің дамуы жөнінде жан-жақты мәлімет беретін және оның лексикасының баюына ықпал ететін қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері, синонимдер сөздігі, диалектологиялық және этимологиялық сөздіктер беріледі”, - делінген.
Сол себепті диплом жұмысымызда Елбасының Жолдауы мен мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға үлес қосуды мақсат еттік.
Қазақ тілі байлығының құнарлы қорына жататын, көркем сөз бен шешендік өнердің қайнар бұлағы болып саналатын тұрақты тіркестердің бір саласы – фразеологизмдер. Бұл тіліміздегі тұрақты тіркестердің мағыналық астарында халықтың ерте уақыттан бергі өмірінің бүкіл болмысы сақталып суреттелген. Халықтың күн көріс, тұрмыс-тіршілік негізінде жан-жақты өрбіген түсінік пайымдаулары, соған байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың өзгешеліктері тілдік қолданыстағы тұрақты тіркестерден көрініс табады. Сондықтан тұрақты тіркестер – халқымыздың ұлттық ерекшелігін бойына сіңірген басты мәдени байлығымыздың бірі. Әр ұлттың тіліндегі фразеологизмдердің тұтасжиынтығы сол ұлт тіліне тән өзіндік бейнелі сөз орамдары арқылы оның бүкіл заттық, рухани, мәдени өмірінен хабардар етеді. Сонымен қатар, тілімізде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Мұның барлығын халық өз орнымен жүйелі пайдалана білген және пайдалана да біледі. Және әрбір қолданыстың өз дәуірі болады. Алайда, қазақ тіл білімінде, түркологияда, орыс тіл білімінде фразеологизмнің жалпы проблемалары бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексикалық көлемде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім. Фразеологизмдер дегенде тұрақты тіркес және еркін тіркес деп аталатын сөз тіркестері пайда бола алады. О баста оның ортақ қасиеттері деп – екеуінің құрылысы күрделі, кемі екі я болмаса одан да көп сөздердің тіркесуінен тұратынын, компоненттердің арақатынасы, оған ұйытқы болатын амал-тәсілдер жағынан да бір-біріне дат еместігін, негізі бір болатынын жатқызуға болады. Басында төркіні бір, заты сөз тіркесі болғанымен, тұрақты тіркес одан ажырау барысында бір-біріне ұқсамайтын белгі қасиеттерге ие болып, ақыры басқа категорияға қалыптасқан.
Содан еркін тіркес затында синтаксистің қарайтын объектісі болады да, тұрақты тіркес лексикологияның объектісі болады. Демек, олар тілдің әр түрлі салаларына жатады.
Қазақ тіліндегі сөздік қордағы сөздер халықтың өзімен бірге өмір бойы қоса жасасып, тілдегі жаңа сөздер мен тың мағыналарды, соны тіркестерді тудыруға әрдайым ұйытқы болады.
Тұрақты сөз орамдары немесе фразеологизмдер тілдің құрылымыдық жүйесіндегі аса күрделі тілдік бірлік ретінде лингвистикалық зерттеулерде жан-жақты қарастырылып келеді. Көптеген зерттеулерде тұрақты сөз орамдарының, әсіресе жеке сөздермен салыстырғанда, бейнелі, экспрессивті-эмоционалды қасиетке ие екеніне мән берілді. Фразеологизмдердің көбіне-көп көркем шығарма тілінде көріктеуіш құрал ретінде жиірек жұмсалуы да осы қасиетіне байланысты болса керек. Тұрақты сөз орамдары әдетте сөйлеу кезінде жасалмайтын, “даяр” күйінде қолданылатын, тұлғасы жағынан сөз тіркесі немесе сөйлемге, мазмұн жағынан дара сөзге ұқсас тиянақты тілдік бірліктердің қатарына жатады. Сондай-ақ олар фразеологиялық мағынасынан басқа мәдени ұлттық мазмұнға, өзге тілдік бірліктерге қарағанда аса бай болады.
Теңдесі жоқ ұлы суреткерлер А. Құнанбаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т.б. өзге сөз зергерлерінің көркем шығармаларынан мысалдар ала отырып, суреткерлер қаламының фразеологизмдерді қалай түрлендіретініне, халық тілі сөз байлығын, оның ішінде фразеологизмдерді, шығармашылық жолмен игерудің барысында пайда болатын семантикалық өзгерістер мен эмоционалды-экспрессивті реңктерге талдау жасалды. Фразеологизмдердің тілдік табиғаты аса күрделі: фразеологизмдер жеке сөзге де, сөз тіркесіне де, сөйлемге де ұқсайды, сонымен бірге олардың ешбіріне ұқсамайтын қасиеттерімен ерекше болып тұрады. фразеологиялық мағына фразеологизмнің құрамына енетін сөздердің дербес мағынасынан туындамайды. Сондықтан олардың мағынасы “фразеологиялық шартты”, “фразеологиялық байлаулы мағына” деп аталады.
Белгілі бір ұғымды бір сөзбен де, екі немесе одан да көп сөздердің жымдасып келіп, жанама мағынада айтылуы арқылы да білдіруге болады. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н.М. Шанский фразеологиялық оралым тілде жеке сөздің қызметін атқарады деп пікір айтқан 2. 167. Тұрақты тіркестерге тән ортақ қасиет бұлардың құрамындағы сөздер дараланбай, мағынаның тұтастығы мен бірлігіне бағынышты, әрі тәуелді болады да бір сөздің орнына жүреді. Мәселен, араға от жақты деген идиоманың мағынасы араздастыру, жауластыру деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғым ондағы жеке сөздерден туып тұрған жоқ. Сондағы үш сөздің жалпы жиынтығынан шығып тұр. Фразеологизмдер мағына жағынан бір ұғымды білдіріп, бір сөздің орнына жүргендіктен, сөйлем ішінде бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрады. олай болса, әрбір тұрақты тіркес белгілі бір сөз табына бағынышты, телімді болады деген сөз.
Тұрақты тіркестердің белгілі сөз тобына қатыстылығын әрбір тіркестегі сөздердің грамматикалық сипатына қарап танып білуге болады. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады:
Етістік мағыналы фразеологизмдер
Сындық мағыналы фразеологизмдер
Заттық мағыналы фразеологизмдер
Үстеу мағыналы фразеологизмдер 3. 200
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің сөз табына қатыстылығы жағынан ең көбі – етістік фразеологизмдер. Етістік мағыналы фразеологизмдер: көзінің еті өсті, көкіпек кепді – менсінбеді; қолды болды – ұрланды, жоғалды; көз жаздырды – адастырды, айрылып қалды; пысқырып та қарамады – менсінбеді; ат құйрығын кесті – араздасты, қастасты деген мағынаны білдіріреді.
Достарыңызбен бөлісу: |