Тақырыбы: Қазақсатандағы жаңашылдардың іс тәжірибесі


ІІ.Жаңа формациядағы  ұстаз, инновациялық  оқыту-сапалы  білім  берудің кепілі



бет3/7
Дата26.04.2020
өлшемі37,68 Kb.
#64805
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
педагогика

ІІ.Жаңа формациядағы  ұстаз, инновациялық  оқыту-сапалы  білім  берудің кепілі
Қай  ғасырда  болмасын, «мұғалім-өзініңбілімін үздіксіз  көтеріп отырғанда  ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де  жойылатындығы» (К.Д.Ушинский) дәлелдеуді  қажет  етпейтінаксиоима  болды. Сондықтан да  ұстазтұлғасына, оның  оқыту үдерісіндегі рөліне барлық  уақытта  ерекше мән  берілді. Халқымыздың  көрнекті қайраткері А.Байтұрсынов өз  сөзінде: «Мұғалім  қандай  болса, мектеп те сондай  болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол  мектептен балалар көбірек білім алып  шықпақшы.Солай  болған соң, ең әуелі мектепке  керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»-деп, білім сапасын көтерудің  негізгі  тетігі-ұстаз екендігін  атап  көрсетеді.

Оқытудың озық  технологияларын сараптап, жаңашыл педагогтердің іс-тәжірибесін зерттеп, мектеп  өміріне енгізуді  көздейтін жаңа  үлгідегі Жобаны қазақстандық білім беру жүйесіне көшбасшылық етіп отырған» Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ2012 жылдың  қазан айынан  бастап жүзеге  асыра  бастады.800 жылдан артық тарихы бар Кембридж Университетінің іс-тәжірибесіне негізделген бұл жоба мұғалім біліктілігін халықаралық стандарттарға  сай арттыруды  мақсат  етеді.

«Бұл  баңдарламада түрлі  тәсілдер қарастырылғанына  қарамастан,  басым бөлігі  сындарлы  оқыту теориясы негіздерін  қамтиды.бұл  теория бойынша  оқушылардың ойлауын  дамыту бұрынғы  алған  білімдерінің сыныптағы  түрлі  дереккөздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және  достарынан алған білімдерімен астастырыла  жүргізуге  негізделген.»

Мемлекетіміздің өзіне және тәрбиеленушісіне тұлғалық-гумандық көзқарасты ұстауға қабілетті мұғалімге деген сұранысы оның кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілетін, құзіреттілігін көтеру мәселесінің өзектілігін байқатады. Атап айтқанда 2005 жылғы Қазақстан Ресбуликасының Жоғары педагогикалық білім беру концепциясында жоғары педагогикалық білім берудің басты  мақсаты оқушының жеке басының қалыптасуы мен даму мәселесін шығармашылықпен шешуге қабілетті кәсіби жағынан компетентті жаңа формацияның педагогын даярлау деген. Концепцияда педагогтың құзыреттілігі үш тұрғыдан, яғни, жалпы мәдени (дүниеге көзқарас), әдіснамалық (психологиялық-педагогикалық) және пәндік-бағыттылық деп атап көрсетілген. (1,3) Демек, мұғалімнің, педагогтың, тәлімгердің, оқытушының кәсіби шеберлігін, құзіреттілігін жетілдіру бүгінгі педагогика және психология ғылымдарының ең өзекті мәселесі болып табылады. Олай болса, мұғалім өзінің педагогикалық әрекетінде шеберлік, кәсібилік, құзырлылық сияқты сатылардан өту арқылы жетеді. С.И.Ожегов сөздігінде «шеберлік белгілі саладағы өнер ал  шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман»- деп анықтама берілген. Жалпы, педагогикалық шеберлік-кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен біліктілік жүйесі. Педагогикалық шеберлік-педагогикалық қызметтің жоғары деңгейде меңгерілуі; педагогтың, оқушылардың  оқу-танымдық іс-әрекетін пәрменді басқарып, мақсатты педагогикалық әсермен өзара әрекеттестікті  жүзеге асыруына  мүмкіндік беретін нақты, арнаулы  білімдердің, біліктілік пен дағдыларының  тұлғалық кәсіптік  маңызды қасиеттерінің кешені. Олай болса, педагогикалық шеберлік іскерліктен, педагогикалық қабілеттен, кәсіби білім мен біліктіліктен, кәсіби сапалар  жиынтығынан, педагогикалық техникадан тұратыны сөзсіз.                   Педагогикалық іс-әрекеттің биік шыңына апаратын баспалдақ-кәсібилік. Мұғалімдердің кәсібилік мәселесімен айналысқан белігілі ғалым А.К.Маркова  мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған:



  1. Объективті критерийлер: Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес, әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әр түрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктілігі.

  2. Субъективті критерийлер: Адамның мамандығының қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкестігі; өз ісіне қанағаттануы және кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарасының болуы.

  3. Нәтижелі критерийлер: Мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған талаптарға сәйкестігі жағынан қарастырылады.

  4. Шығармашылық критерийлер: Мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесінің еңбегін өзгерте алады. Сонымен қоса мұғалімнің  ғалым-зерттеуші сапаларына төмендегідей сапаларды жатқызуға болады:

-педагогикалық эрудиция (білімдарлық);

-ғылым салаларын тереңірек меңгеру;

-педагогикалық мақсат қоя білушілік;

-педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау;

- педагогикалық сезімталдық; (интуиция);

- педагогикалық тез шешім қабылдау суырып салмалық өз жанынан жедел шешім шығару; (импровизация)

- педагогикалық байқағыштық және көрегендік; (2,39-42)

   Ал кәсіби сапаларға мыналар жатады: әдептілік, сыпайылық, сезімталдық, тәрбиелілік, зейінділік, ізденімпаздық, шыдамдылық, адамгершілік, тәртіптілік, белсенділік, іскерлік, саяси сауаттылық, шыншылдық, сыншылдық, болжағыштық, патриоттық, өзбеттілік, принципшылдық, кешірімділік, батырлық, кішіпейілділік, балаға деген сүйіспеншілік, баланы құрметтеу.



    Жалпы мұғалімдерде ең бастысы педагогикалық-психологиялық білімділік қажет -  деп ойлаймын.   Психологиялық-педагогикалық білімділік мұғалімнің кәсіби білімімен тығыз байланысты болатын білім. Ол дефференциялды-психологиялық, яғни оқу материалдарын  балалардың жас және дербес ерекшеліктері сипатына қарай меңгерту ерекшеліктері туралы білім; Әлеуметтік психологиялық-топтық және жеке мүшесінің оқу-танымдық және коммуникативтік әрекет ерекшелігі туралы және мұғалімнің білім алушылармен өзара қарым-қатынасы, қарым-қатынас заңдылығы туралы білім; Аутопсихологиялық-ол өз іс-әрекетінің жетістігі мен кемшілігі және жеке басына тән сапалардың  жиынтығынан тұрады. Сондықтан мұғалімдардың  психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін (ППҚ) диагностикалау мен дамытуға байланысты 4 топқа бөлуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет