Жоспары:
І.Жаңашыл ұстаз деген кім? Қазіргі заман қандай ұстазды талап етеді?
ІІ.Жаңа формациядағы ұстаз, инновациялық оқыту-сапалы білім берудің кепілі
ІІІ.Жаңаша оқытуға- жаңаша көзқарас!
Кіріспе
Кемеңгер Абай «Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе қайрат, байлаулық жоқтығынан азады» — деген. Жақсылық пен жамандықты берік ұстанатын – қайрат. Жақсы мен жаманға айла табатын – ақыл, ал соның қажеттісі – жүрек қалауы» дейтін болсақ, біз болашақ ұстаздар оқушыны жақсылыққа тәрбиелеу үшін ақыл мен қайратты тұлға бойына қалыптастыру үшін үнемі ізденісте болуымыз керек. Осы үшеуін оқушы бойынан көре алсақ «Мұғалім» деген мамандықтың ұрпақ тәрбиесіндегі алар орнын тап басқан болар едік.
Абай атамыз: «Бір бала туады. «Ішсем, ұйықтасам, жесем» дейді. Ол – тән құмары. Бір бала туады. «Білсем, көрсем, үйренсем» — дейді. Ол – жан құмары». Бірақ, бүгінгі таңда біз осы екі баланы да бірдей деңгейге жеткізуге толық мүмкіндігіміз бар. Себебі, «тек ұйықтасам» деген бала қасындағы баланың әрекетіне алғашында селт етпеуі мүмкін. Бірақ, үнемі сабаққа енгізген түрлі тәсілдер оны да қызықтыруы мүмкін. Ол осы сабақ барысында өзі байқамайтын қабілеттің бар екенін білуі мүмкін. Ол талантты байқаған біз оған мадақ сөздер айту арқылы сенімділікті қалыптастыруға септігімізді тигізуіміз керек. Бүгінде дамыған елдермен терезесі тең болуы үшін біздің еліміз де аянып отырған жоқ. Ал, іргесі нық қаланған мемлекет тірегі – білімді ұрпақ. Кешегі «Қазақ» деп ұрандаған арыстарымыздың текке қан төкпегені даусыз. Ендігі кезекте арманы орындалған сәтте, ел сенер ұрпақтың әлжуаз, бос болуы тәрбиеге келіп тірелері сөзсіз. Сондықтан дамыған елге қарап бой түзеген еліміз ұрпақ бойына білім нәрін себуші мына біздерді ұстаздар қауымын, жаңа заман талабына сай білімін жетілдіруді қолға ала бастады.Әрбір педагогтың білімі мен білігін көтеруді мақсат тұтқан еліміз ұстаздардың білімін жетілдірсе, біз өскелең ұрпақтың білім көкжиегін кеңейтуіміз керек. Алғашында дәстүрлі оқытудан сындарлы оқытуға тосырқай қарағанмен, тәжірибе барысында оқушы бойындағы оң өзгерісті байқап қуандық. ХХІ ғасырда біздің елімізде ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процесті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқаратыны сөзсіз. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Халықты халықпен теңестіретін нәрсе – білім» деп, атап көрсеткендей, қай елдің болсын өркендеп өсуі сол елдің білім деңгейі мен даму жүйесіне байланысты. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, оның нәрін бойына сіңірген ұрпақ елімізді гүлдендіріп, болашағымызды дамыта алады. Ал, сол білімді шәкірт санасына себуші – ұстаз. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы негізгі бастамалардың барлығы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Оқытудың озық технологиясын меңгеру мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана емес, ол жаңаны жаңадан табатын өнер», — деп тұжырым жасайды. Сондықтан мұғалім өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану мұғалім жұмысын өнімді, нәтижелі, ал, оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді. Жаңа технологияның қыр-сырын меңгерген мұғалімдер білім сапасын арттыруға барынша үлес қосып, ұрпақты жаңа заманға сай біліммен қаруландыратынына сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |