Шебер мұғалім
|
Жаңашыл мұғалім
|
Зерттеуші мұғалім
|
Кәсіби-шығармашылық деңгейіне көтерілген мұғалім
|
Ғылым мен практикаға белігілі тәсілдерін үлгілерін жоғары деңгейде меңгерген. Қалыптан тыс педагогикалық міндеттерді шеше алады. (өзі үшін жаңалық ашады) Оқушылардың дамуын ескеруге талпынады. Мұғалімдерге өз тәжірибесін жеткізіп тарата алады.
|
Тұтас педагогикалық жүйелер немесе өзі жеке тапқырлық таныта алады және қолдана біледі. Басқалар үшін жаңалық болып табылатын шығармашылық жұмысын көрсете алады. Еңбектің негізгі нәтижесі –психикалық дамуына байланыстылығын түсінеді. Жаңалыққа жаны құштар.
|
Оқушыларды ғылыми –зерттеушілікке бағыттай алады, тапқыр –зерттеуші, басқа мұғалімдердің іздемпаздығын бағалай алады. Мұғалімнің кәсіби сапалары қалыптасқан.
|
Психикалық-педагогикалық жағынан қалыптасқан үнемі өзін-өзі дамытуға ұмтылады. Кәсіби дәрежесі жетілген, жаңашыл зерттеушілік ерекшелігі дамыған ұстаз.
|
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік педагогика мен психологияны толық меңгерсе әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса онда өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі. Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе-білім беру, ғылымды дамыту, өркениет бітеннің өзегі, білім, ғылым тәрбие екендігінде ешкімнің таласы жоқ. Осы арада білім ордасы- мектеп, ал мектептің жаны-мұғалім болып табылатыны баршаға мәлім. А.Байтұрсыновтың «мектеп керектері» еңбегінде былай деп көрсетілген: «мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді педагогикадан, әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім... » Ұстаз қолында адам тағдыры, ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс атқарады. Мұғалім сөзі мен іс-әрекетімен мәдениетімен, білікті біліммен, ұйымдастырушылық қабілеті мен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтың мәртебесін биік ұстай алады. Қазіргі қоғамға қажетті де осындай ұстаздар. Кез-келген елді әлемге танытатын – білімі мен ғылымы. «Мектеп-әлеуметтік мәселенің ең өзектісі» деп Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев үкіметпен жұртшылық назарын жалпы білім беретін мектептің қызметін көтеруге аударып отырған жағдайда жаңа заман мұғалімінің жауапкершілігі арта түсуде. (6,176-177-б). «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» деп қазақтың ұлы педагог ағартушы Ы.Алтынсарин айтқандай: қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті және кәсіби шеберлігі басты шарт екені аян. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді, қоғамдық қасиеттер, ата-ана мен бала психологиясы өзгерді. Қазіргі балалардың көпшілігі ешнәрседен қорқа қоймайтын, өзінің өміріне тек тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик қиялшыл емес жауапкершілікті жете қабылдамайтын, көп нәрсеге сене бермейтін жанашырлығы бауырмалдығы аз адамдар. Сондықтан кез-келген мұғалімдерді олардың жан дүниесі қабылдамайды. Олардың сұранысы өте биік. Бүгінгі күнгі мектеп мұғалімі жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматты бар болғанда ғана жаңа формациядағы ұстаз бола алады.
XXI -ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейіміділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс. Ол сонымен бірге ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгерген, ғаламдасуға байланысты «Интернет» жүйесін меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу керек. XXI -ғасыр ақпараттық-қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына байланысты, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Мұғалім - қоғам айнасы. Бүгінгі мұғалім кім ? Бүгінгі мұғалім –ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері, оқытушы, ұстаз, оқулық авторы, технолог, жаңалықты дәріптеуші, таратушы. Педагогикалық еңбекті ұйымдастырудың моделін жасау –қоғамдық-экономикалық сферадағы өзгерістерге сай шығармашылық жағашылдық білім беру жолдарын талап етеді. Сондықтан мектептерде мұғалімнің кәсіби шеберлігі, мәдениеті, жоғары болып, шығармашылықпен жұмыс атқарып, өз білімін үнемі көтеру қажеттігі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |