ІІІ. Жаңаша оқытуға- жаңаша көзқарас!
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бала кезден бастап, ересек жасқа дейін адамның біліміне жасалған инвестициялар қоғам өміріне елеулі өзгерістер енгізетіндігін дәлеледеп берген.
Қазақстандағы оқу жүйесіндегі басты жаңалық – мұғалімдердің жаңаша форматта білімін жетілдіруі болып отыр. Бұл -өркениет үрдісі. Ал қазіргі өркениетке ілесетін адам өмір бойы білімге ұмтылуы тиіс. Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – оқу мен оқыту процесінде түрлі кедергілерді жеңе отырып,осы алған білімімді саралап, зерделеп, одан әрі толықтырып, нәтижелі білім беруге бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын іздестіру.
Ал осы әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде тиімді пайдалану үшін сабақ мақсаты нақты әрі қолжетімді болуы керек.
Өйткені сабақтағы ең маңыздысы қойылған дұрыс мақсат пен күтілетін нәтижелер. Дұрыс қойылған мақсат күтілетін нәтижелерге жету жолында нақты іс- әрекетке жетелейді.Бұған дейін дәстүрлі білім беру үдерісінде сабақ мақсаттарын шамадан тыс алатын едім. Ал ҚР педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың бағдарламасы аясында үшінші деңгей бағдарламасын аяқтағаннан кейін, білім алу кезінде смарт мақсат қоюдың маңызын түсіндім.Сондықтан сабақтарымды жоспарлауда мен үшін маңызды сабақ мақсатын нақты әрі қолжетімді етіп құру болды.
Кез келген сабақ өз мақсатына толық жету үшін оған белгілі бір әдіс- тәсілдерді таңдап, саралап қолдану керектігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сол себепті сабақтарымда мен курс барысында игерген әдіс-тәсілдерімді кеңінен қолдану арқылы, оқушыларымның өз бетімен білім алуға дағдыландыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздедім. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін, 7 модульді өз сабақтарыма кіріктіре отырып, жаңаша әдіс –тәсілдерді пайдалана бастадым. Жаңашыл, іздемпаз ұcтaздың мiндeтi – сынып оқушыларының бұрын білмеген басқа қырларынан танытуы мен ортақ белгісін табуға мүмкіндік туғызатын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сондықтан өз сабақтарымда сапалы білім беру мақсатында қолданған бірнеше әдіс-тәсілдердің тиімділігі жөнінде ой бөліспекпін.
«Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модуліндегі «Ойлар бұлты» әдісінің жаңа тақырыпты бекіту , үй тапсырмасын сұрау мақсатында тиімді екендігіне көз жеткіздім. Себебі, біріншіден, жадыны дамытады. Оқушы жаңа тақырып бойынша бір түйінді сөз жазады. Кез келген сөз емес, ерекше есте қалған сөзді жазады.Кейін талқылау кезінде ол сөзді неліктен жазғанын,ол сөздің жаңа тақырыппен қаншалықты байланыстылығын өзі түсіндіреді.Екіншіден, бұл әдіс оқушының өз ісіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Егер оқушы бір сабақта тақырыпты меңгермеген болып, басқа сөз жазса, келесі сабақта ол сыныптастарынан қалмай, түйінді сөз жазарда ойланып жазады. Сол сөздің мағынасын өзі айтып түсіндіретін болған соң, оқушы ойланып жазады, жауапкершілігі артады. Әдебиет пәнінен «Сырым мен Малайсары» деген ашық сабағымда оқушылар мәтіннен «құн сұрау,бата алу,ақылды, ат жалын тартып міну» деген түйінді сөздерді тез тауып жазып, өздері сол сөздер арқылы жаңа тақырыпты талдап шықты.
«Стикердегі диалог» әдісі. Бұл – үй тапсырмасын тексеруге, қорытынды сынақ немесе қарапайым ереже сұрауға таптырмас әдіс. Өйткені бұл әдісті қолданған кезде оқушы оқылған сұрақтың жауабын білуі тиіс . Сонымен қатар бұл әдіс оқушыны тез ойлануға, есте сақтау қабілетін дамытып,шапшаңдыққа үйретеді. Себебі, қағазда жазылған сұрақ басқа, жауап та басқа. Осы жерде оқушының шапшаңдығын, аңғарымпаздығын тануға болады. Сонымен қатар, бұл әдіс сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын орнатуға да мүмкіндік береді. Оқушылар өз сұрағының жауабын естуге тырысады және өзіндегі жауаптың сұрағын тыңдауы тиіс. Осы жерде сынып оқушыларының арасында сыйластық қалыптасып,бір- бірінің сөзін тыңдауға бейімделе бастайды.
Ал оқушылардың сыни ойлауын дамыту, айтылым, оқылым, жазылым бойынша ой-өрісін , сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулінің тәсілдерін қолдану көп нәтиже береді. Сын тұрғысынан ойлау деген тіркесінде тұрғысынан деген термин ойдың мәселені шешу үдерісінде шоғырлануын білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда сыни сөзі «мақұлдау» немесе «теріске шығаруды» білдірмейді. « Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану » деп сипатталады. Ол маңызды мәселерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.( Ман 46- бет)» делінген. Сол себепті осы модульдің «Екі түрлі күнделік, РАФТ, 5 минуттық эссе, автор орындығы, Джигсо, Т кестесі » т.б. секілді әдіс –тәсілдері оқушының ойлануына, олардың көшбасшылық,шығармашылық қасиеттерін анықтауға, талдау мен бағалай білуге, щешімдер шығара алуға,нақты дәлелдер келтіруге үйретуге мүмкіндік береді. Сыни тұрғыдан ойлауға оқушыны жетелеу үшін дұрыс сұрақ қоюға үйрету шарт. Егер оқушы өзі қойған сұрақтың маңыздылығын, қай дәрежелі сұрақ қойғанын анықтап, саралай алатын болса,яғни ол өзіне- өзі сыни көзқараспен қарайды деген сөз. Қалай қолданасыз?
5- сыныпта оқулықты пайдалана отырып, «Веен диаграммасы» арқылы көп мағыналы сөз бен омонимдерді нақты үш ерекшелігін көрсетіп салыстыруға тапсырма бердім.Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардың іс-әрекетке ынтасы оянып, берілген сұрақтарға қызығушылық білдіріп,ортақ шешім табуға тырысты. Кейбір оқушылардың көшбасшылық қасиеттері де байқалды. Бұл кезде оқушылар арасында өзара диалог орын алып, жұмысты жақсы орындап шықты. Ең басты айырмашылық көп мағыналы сөздердің бір сөз табынан, ал омонимдердің әр түрлі сөз табынан жасалатынын өздері анықтап алды.
Сонымен қатар, «РАФТ», «Бесжолды өлең», «Бес минуттық эссе», «Автор орындығы» т.б. әдістері арқылы дарынды және талантты оқушыларды тануға болады. Олар берілген тапсырмалар шеңберінде өлең жазып, сурет салып, өз ойын қорыта бастайды.
Ж. Аймауытовтың « Баланаң ынтасын арттыру үшін оқытатын нәрседе бір жаңашылдық болу керек», – деген сөзінде үлкен мән жатыр. Неге десеңіз, әр оқушы сабаққа келгенде жаңа білім алып шығуымен қатар, өзінің де белгісіз бір қырларын танытуы тиіс. Сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді.
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады, – деп Уильм Уорд айтқандай, әрбір жаңашыл мұғалім өзінің шығармашылық әрекетінде дәстүрлі стильден алшақтап, үнемі жаңашыл идеялар жетегінде жүрсе,білім сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |