Оқыту әдістері:
1.Түсіндіру әдісі: сипаттау әдісі, әңгіме, лекция, көрсету. Оқулықпен жұмыс істеу, жазба жаттығулар.
2. Қайталау әдісі: жаттығу әңгіме, өз сөзімен қайта айту
3. Проблемалық баяндау әдісі: оқытушының дәлелді түрде баяндауы
экскурсия, демонстрация
4. Ізденіс әдісі: эвристикалық әңгіме байқау, жоспар жасау
5. Зерттеу әдісі: тәжірибе, байқау, класпен жұмыс, құжаттармен жұмыс, сурет салу.
Бұл жүйеде оқушылардың таным белсенділігінің деңгейіне негіз болады. Оқыту әдісінің өзі, кей жағдайларда, оқушылардың белсенділігін көтеріп, сабақты көркемдік арқылы түсіндіруде жай тыңдаудан бастап, зерттеу әдісі кезіндегі жеке ізденіске алып келеді. Екінші жағынан, бұл әдіс оқушының жеке бейнесін, оның белсенділігінің қалыптасуын көрсетеді.
Бұл әдістің өмірдегі көрінісінің жарқын мысал ретінде жаңашыл педагог Т.И. Гончарованың тәжірибесінің алуға болады. Ол өзінің мектептегі алғашқы жылдарын есіне түсіне отырып оқушылармен қарым-қатнасын былай суреттейді: «Оқушыларға неше түрлі қызықты аңыз, әңгімелерді, тамаша ертегілерді айтып бергенше асық болдым. Сонша материалдарды жас тыңдаушыларыма қалай жеткізерімді, тарихи заңдылықтарды нақты дәлелдермен қалай түсіндірерімді ойлағанда қуаныштан өзімді қоярға жер таппадым. Мен балаларға өзімнің бар білімімді бүгінгі мен бұрынғы туралы түсінігімді, терең ойларымды жайып салдым»–дейді.
Демек, бұл жердегі негізгі әдістің түсіндіру-сипаттау әдісі екенін көреміз. Әрине, негізгі ауыртпалық оқытушыға түседі, ал оқушылар тек тыңдаушы ролін атқарады.
Оқушылардың таным белсенділігін көтеру мәселесіне Шығыс Қазақстан облысындағы Боран орта мектебінде \директоры ССРО-ның халық мұғалімі Қ.Н.Нұрғалиев\ көп көңіл бөледі. Сабақ үстінде творчестволық зерттеу әдістерін қолдануға мектептің теледидарлық техникалық орталығы көмек көрсетеді.
Өзінің білімі мен әдісін жетілдіруге ұмтылған оқытушы барлық жүйенің қыр-сырын толық меңгеріп ала білу керек. Әр жүйенің алдына қойған мақсаты, өзіндік ой жүйесі бар, сан түрлі оқыту әдісінің бір қырын ашып көрсетеді. Оқыту процесінде оқытушы сол жүйелердің бірнешеуін бір мезгілде қолдануына да болады.
Түрлі жүйелерді қарастыра отырып, оқыту әдісінің жеке түрлеріне соқпай өте алмаймыз\ әңгіме, лекция, кітаппен жұмыс, т.б.
И.П.Подласый оқу-әдісін бес топқа бөледі;
а) Іс-тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек яғни практикалық;
б) Көрнекілік: иллюстрация, демонстрация, оқушылардың бақылауы;
в) Сөздік: түсіндіру, анықтау, әңгіме, лекция, дискуссия, диспут;
г) Кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жаттығу, мазмұндау, конспектілеу, цитаттау;
д) Бейне таспа әдісі: көріп оқыту, электронды мұғалім, интерактивтер;
Ю.К.Бабанский оқыту әдісін үлкен үш топқа бөледі:
Бірінші топ. Ұйымдастыру және оқу-таным іс-әрекетін іске асыру әдісі. Олар: а) оқытудың сөздік әдісі: (дәріс, әңгіме, сұхбат;) б) көрнекілік әдісі; (иллюстрациалау, карталар, плакаттар, іс-тәжірибе жасау); практикалық оқыту әдісі: (жазба, жаттығу, шеберханада оқыту, лабораториялық жұмыс).
Екінші топ. Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін ынталандыру әдісі. Оларға: а) танымдық қызығушылығын арттыру; б) оқыту дискуссиясы; в) білім беру ситуациясын жасау; г) оқытудағы талап қою тәсілі; д) мадақтау әдісі.
Үшінші топ. Оқытудағы өзін-өзі бақылау және бағалау әдісі.
а) Оқыту барысында бақылау жүргізу.
б) Жазба жұмыстарына текесеру жүргізу.
в) Лабораториялық жұмыстарды байқап бақылау.
г) Машина мен бақылау.
д) Өзіндік бақылау жасап бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |