Тақырыбы «Қазіргі кездегі мектепті басқару және педагогикалық менеджмент»



бет4/9
Дата07.04.2022
өлшемі79,5 Kb.
#138182
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СРС №2

3. Менеджменттік жүйелер
Теория мен практикада оқыту әдісінің 200-ден астам түрлері бар. Бұлардың ішіндегі негізгі әдістер профессор Р.Г. Лембергтің «Оқыту әдістері» деген кітабында айтылған. Ол оқыту әдістерінің танымға барар жолдағы бір-бірімен сабақтастығын айта келіп, олардың ішкі дидактикалық бірлігі мен жеке ерекшеліктерінің байланысын көрсетеді.
-Оқытушының жетекшілік қызметінің оқыту формасы.
-Оқушылардың таным қызметінің сан қырлы формасы: мақсаттылық, жоспарлық және жүйелілік;
-Оқушыларды білім алу формасы мен зерттеліп отырған ғылыми пәннің, өнер мен техниканың әдістері арасындағы байланыс.
-Әрбір әдістің ерекшелігіне байланысты психологиялық құрылымның айрықшалануы.
«Әр таным құрамының, әр таным әдісінің өзіндік психологиялық құрылысы болады. Қайталап айтып беру әдісі, дұрысын айтсақ, тыңдау процесі адамда ойлау мен елестетудің белсенділігін көтереді, бірақ түйсіну мен сезінуге сүйене алмайды.
Көрсету-бақылау әдісі, керісінше, қабылдау мен түйсінудің қызметіне негізделеді және нақты ойлауға сүйенеді. Бұл - абстрактілі ойлаудың алғашқы баспалдағы ғана. Лабораториялық сабақтар қозғалтушы орталықтарды да қызметке қосады.
Бұдан әрі берілген үлгі конспектіге сүйене отырып, оқушылардың өздеріне жеке әдістерді жан-жақты зерттеу тапсырылады. Бұл жерде оқыту әдісінің біреуі ретінде «ауызша қайталап айту» талданады, біздің ойымызша, бұл әдістің ішкі мазмұнының ең негізгі кезеңдері жіктеледі.
Әрбір әдіс жеке элементтерден тұрады, оларды-тәсілдер деп атайды. Мысалы, кітапқа жоспар жасау, қайта айтып беру, конспект жасау т.б. жатады.
Әр тәсілдің тиімділігін күшейту үшін толық бір жүйеге түскен құралдар керек. Оқыту құралдары оқыту процесін жақсартуға көмектеседі.
Демек, оқыту құралдарына кең тұрғыдан алғанда мыналар жатады: оқу кітаптары (оқулықтар, сөздіктер, анықтамалар, әр пәннің тапсырмалар жинағы, программалық көмекші құралдар-көрнекілік құралдары) таблицалар, сызбалар, схемалар, географиялық және тарихи пәннің карталары, муляждар, модельдер мен оқытуға арналған суреттер\, -арнайы жабдықтар, \лингофондық кабинеттер, лабароториялық жұмыстар мен тәжірибелер жасауға болатын жабдықтары бар физика, химия кабинеттері\; техникалық құралда\ киноаппараттар, телевизорлар, магнитафондар, операторлық машиналары, программаланған радиоқондырғылар, видиомагнитафондар және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет