Әңгіме әдісі. Оқыту процесінде әңгіме әртүрлі әдістерді қолданған кезде тек тәсіл ретінде ғана қолданылмайды. Әңгіме әдісі педагогикалық процестің көптеген салаларынан орын алады. Оқыту әдістері жүйесінде жеке әдіс түрінде қолданылады. Әңгіме кезінде мұғалімнің сөзімен бірге, оқушының да сөйлеуі пікірлесуі жиі пайдаланылады. Мұғалімнің сөзі көп ретте сұрақ түрінде беріледі және түсіндірумен толықтырылады. Ал, оқушылардың сөзі көбнесе жауап түрінде болады. Мұғалім жүйелі сұрақтар қою арқылы тиісті түсініктер қорын ашады және пікір таласын туғызады. Содан кейін оқушылардың сұрағын пайдалана отырып, мұғалім бұрынғы белгілі құбылыстар мен ережелердің арасындағы жаңа байланыстарға оқушылардың ойын бұрады және соған бағыттайды.
Психологиялық күйдің өзіндік ерекшелігі бұл әдісті пайдаланғанда айқындала түседі. Әңгіме-ойлау мектебі, еске түсіру және ойлау процесіндегі жаттығу болып табылады әңгіме кезінде ойлау актісі сөз түріндегі қозу туғызады, демек сұрақ және түзету арқылы мұғалімнің шеберлігі арта түсетін болады. Әңгіменің басқа әдістерден айырмашылығы ол оқушылардың бірлесіп немесе тоқталып ойлау қабілеттіліктерін туғызады. Бұл әдістің көп тірлігін әңгіменің психологиялық келбетін және әдістің жоғары бағалығын көрсетеді.
Әңгіме, барлық әдістер секілді, негізгі тәсілдер тізбегін құрайды. Бұл әдісті шеберлікпен пайдалану, әдісті қолданғанда мұғалімнің қиындыққа соқпай өтіп кетуіне жәрдемдеседі. Әңгімені қолданғандағы негізгі тәсіл–оқушылардың бойындағы білімдердің есептелуі. Бұл әңгімені қолданудағы «шикі зат» ретіндегі материал болып табылады. Әдетте мұғалім әңгімені қолданғанда алдын-ала сұрақ-жауап өткізеді. Соның ізінше материал оқушылардың есінде сақталып тұрған сәтте әңгіме әдісін қолдану қажет. Әр түрлі әдістерді пайдаланып, бірден оқушыларға жаңа материалдарды түсіндіретін жағдайларда кездеседі. Мұғалімнің шеберлігіне байланысты әңгіме әдісін түрлендіре түсуге болады.
Мысалы, мұғалімнің баяндауы, кітап тексін оқу, байқау әдістерін пайдалану, осыдан кейін әңгіме әдісіне көшу. Ол материалды толық түсінуге жағдай жасады. Әңгіме барысында оқушылардың логикалық ойлауы дамиды.
Мектеп тәжірибесінде мұғалім әңгіменің кіріспе әңгіме, қорытынды әңгіме, қайталау әңгіме, пікірлесу әңгіме сияқты түрлерін оқу материалының ерекшелігіне сай, сабақтың мақсатына сай қолданады.