Тақырыбы «Қазіргі кездегі мектепті басқару және педагогикалық менеджмент»



бет5/9
Дата07.04.2022
өлшемі79,5 Kb.
#138182
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СРС №2
sovremennoe-sostoyanie-i-perspektivy-sohraneniya-saygaka-v-severo-zapadnom-prikaspii, Антропогенез процесінің қозғаушы күштеріне салыстырмалы сипаттама беру СРС
Ауызша баяндау әдісі.
Мектептегі ең кең тараған оқыту әдісі-ауызша баяндау. Бұл әдіс сабақ беру кезеңіндегі мектепте жүргізілетін барлық пәндерде, оқу-таным процесінің барлық «сатысында» және сабақтың барлық бөлігінде қолданылады.
Ауызша баяндаудың тәрбиелік мәні мен білімді әрі қарай дамыту ролі өте жоғары: «түсіндіру» оқып отырған материалға терең мағына береді, ішкі логикаға сүйене отырып сапалы түрде түсіндіріп беру дәлелділікке алып келеді, негізгі пікірдің қорытылуына сенімділік туғызады; жанды сөз білім беру жұмысына жаңа леп алып келіп, тыңдаушының жүрек сезіміне әсер етеді, қозғалысқа шақырады, оқытушы сөзі тыңдаушыларға үлгі болады, сөйлемді қалай құру керек екенін, дәлелді ойлар мен сындарлы пікірлерге қалай жету керек екенін көрсетеді.
Ауызша баяндау әдісінің психологиялық жүйесінің ерекшелігі оқытушының түсіндіруі мен оқушылардың тыңдау процесінің қатар жүруінде. Тыңдау қабілеті арқылы қабылдау-психологиялық жағынан алғанда мұғалім үшін де күрделі құбылыс.Тыңдау психологиялық қызметтің толық бір жүйесіне сүйенеді.
Тыңдаушы өз жұмысында \тыңдау процесінде\ елестетуге, ойлануға сүйенеді, бірақ түйсік пен сезімнің қызметі көрінбейді десе де болады. Сонымен қоса сөйлеу актылары да тежеледі, қимыл қызмет те өше бастайды, ойдың тереңдігі, есте сақтаудың беріктігі, назар аударудың белсенділігі жағынан да қиындықтар туады. Сондықтан да оқытушының ауызша баяндауға, түсіндіруге жақсы дайындықпен дұрыстап бере білуді талап ететін «қиын» тәсіл деп атауға болады. Сондықтан мұғалім ауызша баяндау әдісінің психологиялық негізіне назар аударуы қажет.
Тәжірибелі оқытушы психологиялық қиындықтарды әлсіретуге немесе толық жойып жіберуге ұмытылады. Бұған арнайы методикалық тәсілдерде көмек бер алады. 
Ең негізгі және ең маңызды тәсілдердің бірі-ауызша баяндау әдісі мен басқа әдістердің элементтерін араластыра білу. Түсіндіру үстінде бақылау әдісін, әңгіме-кеңес, жазба және графикалық жұмыстарды жүргізуге болады.
Тек тыңдау кезінде алатын білімнің олқылықтарын араластыра жүргізілген сабақ үстіндегі сұрақ жауап үстемелерімен, жазбаларымен суреттемелерден, басқалар арқылы толықтыруға мүмкіндік мол .
Қабылдау мен түйсіктің орынын толтыру үшін және көрініске айқын да мәнерлі мән беру мақсатында оқытушы әдеби мысалдарға сүйенеді, ол көмекке өнерді де қолданады. Сабақтың мазмұнына биографиялық тарихи, ғылыми-фантастикалық көркем текстерді кіргізеді.
Тыңдау кезінде қабылдау қызметінің кейбір тежеліп тұратын естен шығармай отырып, оқытушы тыңдауды сол оқушылардың өздігімен жұмыс істеуіне жақындатқысы келеді. Сондықтан да сабақтың мазмұнына пікір таластыратын кейбір мәселелерді кіргізеді, алған білімді пайдалануға болатындай практикалық ұсыныстар жасайды, оқушылар тыңдай отырып қосымша жұмыс істейді, жоспар жасайды, түсініксіз сөздерді тереді, сұрақтарды жазады және т.б.
Тәжірибелі оқытушылар тыңдаушылардың ойлау қызметіне көмегін тигізетін біршама сынақ тәсілдрін ойлап тапқан.
Бұл тәсілдерге мыналар жатады: негізгі сұрақты анықтап алу, жалпы мазмұнды логикалық бірлігін сақтай отырып бірнеше бөлшекке бөлу; белгілі бір ізбен сол бөліктердің бірінен екіншісіне өту; қайталау элементтерін енгізу, мағыналы қорытынды жасай білу, терминдермен жүйелі түрде жұмыс істеу т.б.
Осындай түрлі тәсілдердің арқасында ғана оқытушы ауызша айту әдісінің психологиялық қиындықтарын біршама жеңілдете алады.
Кез келген басқа да әдістер сияқты, ауызша баяндаудың өзіне тән негізгі талаптар жүйесі бар. Бұл талаптарға мыналар жатады: әдеттегідей, бірақ баланың есінде қалатындай қызықты да жарқын нақты материалды тауып жинақтау, сөз бен образдың жарасымдылығы, көрсету материалы ретінде өнерді кең қолдану, жинақтауға асықпай, «сатылай» келу. Сөйлемнің мағаналы да көркем болып шығу үшін сөздерді дұрыс таңдап пайдалану және дауыс ырғағын, мимика мен дене қымылын қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет