Тақырыбы: Балаларға арналған ертегілердің тәрбиелік мәні, талдау жасау



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі211,53 Kb.
#123131
  1   2
Байланысты:
Балаларға арналған ертегілердің тәрбиелік мәні.docx Сөж 9 тап


Балаларға арналған ертегілердің тәрбиелік мәні, талдау жасау
Жоспары:

  1. Балаларға арналған ертегілердің тәрбиелік мәні.

  2. Ертегінің түрлері.



  1. Балаларға арналған ертегілердің тәрбиелік мәні.


Адамның балалық шағы ертегімен тығыз байланысты. Біз әжемізден ертегі айтып немесе оқып беруін жиі сұраймыз. Сиқыры бар оқиғаларды тыңдауды тағаттана күтеміз. Көңілді де аянышты, қорқынышты да күлкілі олар бізге біраздан таныс. Олармен біздің әлем, жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарымызды қалыптастырады. Бір қарағанда жәй кішкентай ғана әңгіме сияқты, ал шын мәнінде осы әңгімелерде халық даналығы, мейірімдік пен зұлымдық туралы түсінік жатыр.Ертегілер бізге сонау ерте заманнан келді. Ертегіге біз сенеміз, ондағы оқиғалар кейде өзімізбен болып жатқандай, қорқынышты жерінде көзімізді жұмамыз. Ең негізгісі – бәрі де жақсы аяқталатынын сенеміз. Қазақ халық ертегілері тұнып тұрған даналық.
Қазақ кейіпкерлері батылдық, батырлық, мейірімділік секілді адами қасиеттерімен ғана көрініп қоймайды, сонымен қатар жақсылық зұлымдықтан үстем шығады. Жағымды кейіпкерлер арасында батырлар да, қарапайым адамдарда, және әйелдер бейнесі де бар.Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі – көрегендік алдын ала болжай білу.Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан.«Ақын өзгелердің сезбегенін сезеді, көрмегенін көреді, ойламағанын болжайды, тілі жетпегенін айтып береді» деп Жүсіппек Аймауытов айтқандай ертегілердің де балалардың да қиялын дамытуда, сөздік қорларын, ұлттық дүниетанымдарын, көзқарастарын байытуда әсері мол.Ертегілер әр уақытта да қай баланы болмасын қызықтыратын, қиял әлеміне жол ашатын кілт іспеттес. Ол өмірде кездеспейтін кейіпкерлерімен, мүмкін емес жағдаяттарымен ерекшеленеді. Қазіргі дамыған кезеңде балаларды елітіп, назарын аударатын, көз қызықтарын дүкендер, компьютерлік ойынханалар өте көп. Одан қалса ұялы телефондарды да ата-ана балаларына еркін ұстауға рұхсат беруде. Бұл бір жағынан дамуымызға, өсіп-өркендеуімізге ашылған жол болғанымен, балалардың көркем шығарманы оқуға деген қызығушылықтарын жоюда. Сондықтан да, әсіресе бастауыш сынып балаларына ертегіні қызықты етіп жеткізе білу және ертегілердің шындыққа жанасымды екенін, ондағы шыншылдық пен адамгершілікті бала бойына сіңіре білу үлкен шеберлікті қажет етеді.Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар із жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген. Әрине ертегілерді оқыта отырып тәрбие нәрін бала бойына егу үшін, ең алдымен оқушылардың ертегіге деген қызығушылығын арттыру қажет. Мысалы, “Ер Төстік” ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда шыққан ертегі екендігін аңғартады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниетану көзқарасын көреміз. Қазақ ертегілерін ең алғаш зерттеп, жинақтаған Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В. Родлов, А.Е. Алекторов, А. Ивановский, Л. Исаков, О. Әлжанов, Р. Дүйсенбаев, М. Көпеевтер болса, кейін Э. Дидаев, Н. Пантусов, А. Мелков, М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллиндер зерттеп жинақтай бастады.Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман мүддесі, болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Бірақ, ертегілердің тәрбиелік жақтарын, адамның не бір сапалық жақтарын қалыптастырудағы оның ерекше ықпалы туралы пікір кездесе бермейді.Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі. “Ер Төстік”ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс-әрекеттер толық сақталады. Ер Төстіктің өзі – асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты – табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре, Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.
“Ер Төстікте” кездесетін ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлер басқа ертегілердеде бар. Кейде олардың іс-амалдары, айла-тәсілдері де өзара бір-біріне жақын. Ертегілердің бірыңғай жауыздық өкілі ретінде жиі кездесетін ұнамсыз кейіпкерлер – мыстан кемпір. Ол қай ертегіде болсын қастық істейді және жер жүзі халықтары ертегілеріне тән зұлымдық бейнесі. “Ер Төстік” әңгімесінің оқиғасы да басқа ертегілер тәрізді, тыңдаушыларға ауызша айтып беруге лайықты құрылған.
Оқиғаның алғашқы басталуы шындық өмірде бола беретін құбылыстармен басталады. Алдағы қыстың қатаң болатындығын ерте сезген, ел жылқысын алыс отарға қыстауға айдатуы, Ерназар балаларының көп жылдар келмеуі, шал- кемпірдің де шығуы, бәрі де шындық оқиғаларға ұқсайды. Бірақ мұның бәрі келешек негізгі оқиғаның кіріспесі – экспозициясы. Сюжет жүйесіндегі алғашқы байланыс — “Шаңырақтың күлдіреуі ішінде керулі тұрған кер биенің төстігі”. Ер боп туған ұлдың есімі, ертегінің аты,әңгімеде кездесетін шындық және ғажайып оқиғалардың бір тамыры сол кер биенің төстігінде жатыр. Ертегі желісіндегі екінші байланыс – Ерназардың Сөрқұдыққа қонуы, жанынан қорқып, жалмауыз кемпірге садағының ұшын шығаратын Ер Төстіктің егеуін қалдырып кетуі. Осыдан әрі қарай оқиға шиеленісе түседі. Егер біз осыған дейінгі оқиғалар Ер Төстіктің ағаларын іздеп жатуы, айдауға жүрмеген көп жылқының күрең биенің ертуі. Ерназардың тоғыз баласына қыз іздеу, үйлендіруі бәрі де халықтың өміріне шындық өміріне жанасса, Ер Төстіктің жер астына түсуінен қиял-ғажайып оқиғалар басталады
Хайуанаттар туралы ертегілер ең көне ертегілерге жатады. Ертегі кейіпкерлері қасқыр, бөдене, түлкі, құмырсқа «Түлкі мен ешкі», «Ақымақ қасқыр», «Құмырсқа мен бөдене». Әдетте барлық оқиға бір жануардың айналасында өтеді, мысалы түлкі – айлакер, қу. Қазақ ертегілерінде түлкі кейде жеңіліске де ұшырап қалады. Мысалы «Түлкі мен тырна» ертегісінде тырнаға қонаққа келген түлкі одан аш кетеді.
«Құмырсқа мен бөдене» ертегісінде құмырсқа еңбекқор, төзімді, ақылды әрі өзі кішкентай-ақ бола тұра, алып күштің иесі болып көрсетіледі.
«Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды.
«Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» деген мақалды осы ертегі желісінен оқуға болады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіру ертегі арқылы беріледі. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-қазақ ертегілерінде десем артық айтпаған едім.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет